Материалдар / Әріпті өрнек тақырыбы бойынша ҚМЖ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әріпті өрнек тақырыбы бойынша ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып математика пәні ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Маусым 2019
663
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы:

Әріпті өрнек

Мектеп:Чернигов орта мектебі

Күні : 15.02.2017 ж


Мұғалімнің есімі: Жауарова Д.Б

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 7


Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма) құрастырады, жазады, оқиды, ажыратады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

латын әріптері транскрипциясының кестесі: а — [а], b — [бэ], с — [ц], d — [дэ], x — [икс], y — [игрек];

Әр оқушыға арналған:

1 ламинатталған қағаз парақтары;

1 маркер.

Тірек сөздер

әріпті өрнек.

Сабақтың мақсаты:

Әріпті өрнектер туралы түсінік беру; оқушы­ лардың­ әріпті өрнектерді құру, оқу және жазу дағ­ дыларын­ қалыптастыру; таңдау әдісі арқылы әріпті өрнектің мүмкін болатын мәнін табу.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Әріпті өрнек немесе белгісізі бар өрнек —


әріптер (белгісіздер) мен сандардан тұратын математикалық жазба және арифметикалық амал белгілерінің көмегімен­ берілген. Есептеу әріптің орнына қойылатын санды әріпті өрнектегі әріптің мәні деп атайды.Әріпті өрнектерде латын әліпбиінің кіші әріптері­ қолданылады.

Кіріспе тапсырма. Сабақты топпен жұмыс істеу­ ден бастаңыз. Әр топқа ламинатталған қағаздарды және маркерлерді таратып беріңіз. Сыныпқа мәшине сыртындағы тапсырмаларды көрсетіп таныстырыңыз.Берілген өрнектердіесептеуді сұраңыз.


Қорытынды жасауды сұраңыз. Оқушылардың ойын тыңдаңыз.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Оқушы­лардан­ алынған өрнектерді оқып беруін өтініңіз. Олардан мынаны сұраңыз:

Біз қандай жазу жаздық? (Өрнек.)

Егер өрнек әріптен, саннан және арифмети­­ калық­ амалдардың белгілерінен тұрса, оны қалай атайды? Сендер қалай ойлайсыңдар?

Арифметикалық амал белгілерінің көмегімен

байланысқан әріптер мен сандардан құралған өр­ нектердің әріпті өрнектер деп аталатынын табуға

оқушыларды жетелеңіз. Санды өрнектер сияқты әріпті өрнектерді де әртүрлі оқуға болады. Латын әліпбиінің кіші әріптерін (a, b, c,

d, x, y) жазуды ұсыныңыз. Жазу барысында латын әліпбиінің әріптерінің айтылуына балалардың­

назарын аударыңыз: а — [а], b — [бэ], с — [ц],

d — [дэ], x — [икс], y — [игрек].

Мысалы,

5 – х өрнегін былай оқуға болады: “5 минус икс”, “5-тен икс-ті азайтамыз”, “5 пен икс-тің айырмасы” немесе “5 — азайғыш, икс — азайтқыш”.

Тапсырмада берілген өрнектерді санды және әріпті өрнектерге бөлу керек. Оқушыларға өрнектерді өздігінен санды және әріпті өрнектерге бөлуді ұсы­ныңыз. Оларға өрнектерді кезекпен оқытыңыз.

Бұл тапсырманы бөлімнің “Саяхат” атты жалпы тақырыбымен байланыстыруға болады.


Әріпті өрнектерді оқы. Оқушыларға оқулықта берілген әріпті өрнектерді оқытыңыз. Ол үшін оқушыларды жұпқа бөліңіз.


1-аялдама

Шығарып көр. Оқушылар белгілі бір санды х әрпімен алмастыруды өздері аңғаруы тиіс. Тап­сыр­ маны орындау үшін жұмысты топпен ұйымдас­тыры­­ ңыз. Олар ламинатталған қағазға алынған әріпті­ өрнектерді­ жазуы керек және жұмысты­ аяқтаған соң тақтаға бекітіп, өзара тексеруді орындауы­ керек.

Айырмаға қатысты өрнектерде санды әріп­ пен алмастырғанда өрнектің әр компонентінің орнын қатаң сақтау қажет екенін ұмытпаған жөн. Бірақ оқушылар өз бетінше орындағанда қате жіберуі мүмкін. Сондықтан олардың қандай әріпті өрнектерді алғанын және олардың қанша екенін тексерген жөн. Мысалы, 12 – 4 санды өрнегінен 12 – х және х – 4 әріпті өрнектерін алуға болады.

2-аялдама

Орындап көр. Бұл тапсырманы оқушыларға жұпта орындауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындау оқушылардың топпен жұмыс үрдісінде үйренген дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Берілген әріпті қолданып әріпті өрнек құрастырады. Содан соң берілген әріптің орнына басқа кез келген әріпті қолдануға болатынын тексереді және бір-біріне түсіндіреді. Жауаптарын нақтылай түсу үшін олардың өздеріне осындай бірнеше өрнектерді басқа әріптерді қолданып жазуын ұсыныңыз.




3-аялдама

У әрпін қолданып әріпті өрнекті құрастыр.

Жазған мысалдарын ортаға шығып оқиды.

Мысалы: у+8; у-9

. Олар ламинатталған қағазға алынған әріпті­ өрнектерді­ жазуы керек және жұмысты­ аяқтаған соң тақтаға бекітіп, өзара тексеруді орындауы­ керек.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Тапсырманы оқуда және айтуда, жатқа жазуда әріпті өрнектерді дұрыс атаңыз. Әріпті өрнек­терді әртүрлі тәсілмен оқу дағдыларына жаттықтыры­­ ңыз. Арифметикалық амалды және белгісін атау, арифметикалық амалдың компоненттерін атау.

Барлық әріпті өрнектерді оқып,ауыстырымдылық қасиетін пайдаланып сұрақтарға жауап бер. Бұл тапсырма арқылы әрбір оқушының тақырыпты қан­ шалықты түсінгенін тексеруге болады.


Тапсырманы орындау үшін оқушылар санды және әріпті өрнектерді ажырата білуі тиіс.


Мысалы:


әріпті өрнек: 6 + a; 80 + b; 50 – c; d – 40; санды өрнектердің мәндері: 13, 9, 60, 70.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

санды және әріпті өрнектерді ажырата біледі;

әріпті өрнектерді әртүрлі тәсілмен оқуды үйре­ неді.

Сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау­ үшін сұрақтар қойыңыз:

әріпті өрнектердің санды өрнектерден айыр­ машылығы неде?

7 + b әріпті өрнегін әртүрлі тәсілмен оқыңдар.

7 – b әріпті өрнегін әртүрлі тәсілмен оқыңдар.

7 + b өрнегіндегі b-ның орнына қандай әріпті қоюға болады? b-ның орнына қандай сан қоюға болады?

7 – b өрнегіндегі b-ның орнына қандай әріп пен сан қоюға болады? Оқушыларға өз жауаптарын түсіндіруді ұсыныңыз.

«Бағдаршам» арқылы өз-өзін бағалатыңыз.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!