Материалдар / «Асинхронды электрқозғалтқышты қосқыш розетка көмегімен қосу»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Асинхронды электрқозғалтқышты қосқыш розетка көмегімен қосу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өндірістік оқыту бойынша ашық сабақ. Қосқыш розетка арқылы электрлік машинаны іске қосуды түсіндіре отырып, үйрету. Қосқыш розетка арқылы электрлік машинаны іске қосу кезінде білім алушының ойлау қабілетін дамыту. Білім алушыларды топпен жұмыс жасау кезінде тыңдай білуге, тазалыққа, өзгенің ойымен санасуға тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Маусым 2022
161
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК



ҚАРАЛДЫ: «КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»

«Өндірістегі Әдіскер _________ Директордың ОӨЖ

электромеханикалық Е.Н.Мергенбаева орынбасары

жабдықтар» ЦӘК «______»______ 20____ж. _______А Т Халиулина.

отырысында

Хаттама № ___ «____»______ 20____ж.

«__»____20___ж.

__________И.Б.Кенжебаева


Ашық сабақтың әдістемелік дайындамасы

тақырыбы:

«Асинхронды электрқозғалтқышты қосқыш розетка көмегімен қосу»













Өндірістік оқыту шебері: М А Умаров











Орал 2022 ж.









Аға шебер:

_____________Б С Калиев


Сабақтың тақырыбы: «Асинхронды электрқозғалтқышты қосқыш розетка

көмегімен қосу »

Күні/Дата/ Date _17.01.2022ж.__

Тобы : 323КЕ

Пән атауы: «Өндірістік оқыту»

Өткізілу орны: № 5.2 шеберхана

Сабаққа бөлінген уақыт: 45 минут

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Қосқыш розетка арқылы электрлік машинаны іске қосуды түсіндіре отырып, үйрету.

б) дамытушылық: Қосқыш розетка арқылы электрлік машинаны іске қосу кезінде студенттің ойлау қабілетін дамыту.

в) тәрбиелік: Студенттерді топпен жұмыс жасау кезінде тыңдай білуге, тазалыққа, өзгенің ойымен санасуға тәрбиелеу



Сабақтың әдістері: Топпен жұмыс жасау, әңгімелесу, дәріс элементтері, сұрақтар және жауаптар, CLIL әдістемесі


Сабақтың көрнекілігі және техникалық жабдықталуы: Жұмыс дәптерлері, жұмыс журналы, жалпы жоспар, мультимедиялық проектор, анықтамалар, схема, тақта

Пәнаралық байланыс: “Электр жабдықтарына техникалық күтім жасау және жөндеу”, “Электротехникалық материалдар және өлшемдер”

Күтілетін нәтиже:

Электрлік машнинаны қосқыш розетка арқылы іске қосу туралы толық мәлімет ала отырып, практика тұрғысында іске қосуға үйренеді.





















Сабақтың өту жоспары:

Бөлім

Уақыт

Қатысушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру бөлімі

5 мин

Таратылған карточкалардағы сөздің мағынасына орай топтасып отырады. Студенттерді түгендеу. Студенттердің оқу құралдарын тексеру.

2.Өткен тақырыпты қайталау

10 мин

Өткен тақырыпты қайталау мақсатында үлестірілген карточкаға сәйкес екі топқа бөлініп отырады. «Ой мен ойын» ойынының ережесіне сәйкес, қолында жасырылған сөзді қойылған сұраққа байланысты табу керек, әр дұрыс жауапқа бір «шам» беріліп отырады. Көп жарық шамын жинаған топ жеңіске жетеді. Осылайша өткен тақырыпқа шолу жасайды.


3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

20 мин

Жаңа тақырып бойынша сызбамен түсіндіру жұмысын жүргіземін. Тақырыпқа сәйкес видео-материал көрсетіп, түсіндіруді толықтырып өтемін. Жаңа тақырыпты түсіндіру алдында жалпы электр қауіпсіздік ережесімен таныстырамын.

4.Жаңа тақырыпты бекіту

5 мин

Тақтаға қозғалтқышты іске қосу сызбасының дұрыс және бұрыс нұсқасын іліп, әр топтан бір – бір студент шығып қатемен жұмыс жасайды. Әрбір табылған дұрыс жауапқа «шам» беремін.

5. Тапсырма беру

5 мин

Қосқыш розетка арқылы электр машинаны іске қосуды орындайды.

6. Ағымдағы нұсқау

175 мин

Қосқыш розетка арқылы электр машинаны іске қосуды орындау

7. Тексеру жұмысы

15 мин

Электр машинаның іске қосылуын тексеру.

8. Қорытынды. Ой толғаныс (рефлексия)

10 мин

Студенттер «Тазалық» жұмысын орындайды. Яғни, тақырып бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға, сабақта керек емес болған артық дүниені қоқыс жәшігіне, ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса еттартқышқа салады. Бір студент шығып, нәтижені дауыстап оқып, ортаға салып, талқыланады.

9. Бағалау

10 мин

Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалау

10.Үй тапсырмасын беру

5 мин

Студенттерге үй тапсырмасын беру

11.Шеберхананы жинау

5 мин

Жұмыс орындарын жинау











Сабақтың барысы.

Топ студенттері таратылған сөздерге байланысты екі топқа бөлініп отырады.

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Студенттермен амандасып, журнал бойынша тексереміз.

ІІ. Өткен білімдерін бекіту:

Активити: «Ой мен ойын»

Таратылған карточкалардағы сөздің мағынасына орай топтасып отырады. Студенттерді түгендеу. Студенттердің оқу құралдарын тексеру Өткен тақырыпты қайталау мақсатында үлестірілген карточкаға сәйкес екі топқа бөлініп отырады. «Ой мен ойын» ойынының ережесіне сәйкес, қолында жасырылған сөзді қойылған сұраққа байланысты табу керек, әр дұрыс жауапқа бір «шам» беріліп отырады. Көп жарық шамын жинаған топ жеңіске жетеді. Осылайша өткен тақырыпқа шолу жасайды.

Жаңа тақырыпқа қатысты видео - материал көрсетемін. Сол видео - материал бойынша студенттер тақырып атауын ашулары қажет.


ΙІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Қосқыш розетка арқылы электрлік машинаны іске қосу кезіндегі техника қауіпсіздігі

Еңбек қорғауға еңбек заңдылықтары, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі мәселелер кіреді. Барлық студенттер жұмыс істеудің қауіпсіз әдістерін үйреніп, игеруге және қауіпсіздік техникасы ережелерін жақсы білуге міндетті. Белгілі тапсырмамен жұмысқа кірісетін әрбір студент қауіпсіздік техникасы, бойынша алғашқы нұсқаулар алғаннан кейін ғана іске кірісу керек.

Электромонтерларда кернеуі 1000 В- қа дейінгі қондырғылар үшін арналған негізгі қорғаныс құралдары болуы керек, яғни : диэлектрлік қолғаптар, сабы оқшауланған құралдар, тұйықтаушы (немесе тасымалданатын жерсіндіргіш) және кернеу көрсеткіш.

Қосымша құралдар: диэлектрлік галоштар, резеңке кілемшелер, оқшаулағыш төсеніштер мен ескерту плакаттары.

Қорғаныс құралдарын қолданар алдында, тексерілген мерзіміне көңіл аудара отырып, олардың жарамдылығына көз жеткізу керек.

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында электр машиналарын пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтау керек.

Электр қондырғысына техникалық қызмет көрсету кезінде, олар қоретендіруші тізбектен ажыратылуы керек. Ажыратушы шапқыштың пышақтары мен еріндіктерінің арасына оқшаулағыш материалдың кесіндісін орнатып, шапқыш жетегінің сабына немесе автоматты ажыратқыштың тұтқасына «Қоспа – адамдар жұмыс істеуде!» плакатын ілу керек. Жұмыс басталар алдында электроқозғалтқыштың жұмыстық машинаның әсерінен айналып кету мүмкіндігін ескертетін шаралар қолданылуы керек.

Электрлендірілген механизмдердің жұмысшылары қондырғыларда жұмыс істеген кезде техника қауіпсіздігі және техникалық пайдалану ережелері бойынша міндетті түрде нұсқамадан өтулері керек.



Магнитті жүргізгіш арқылы электрлік машинаны іске қосу сызбасы

Сызба екі бөлікке бөлініп түсіндіріледі: электр тізбегі және басқару тізбегі. Басқару тізбегі бөлігінде «Тоқтату», «Жіберу» батырмалары орналасса, электр тізбегі бөлігінде фазалар, электр машинасы, магнитті жүргізгіш орамасы орналасады.

Сызбаның іске қосылуы: SB-2 («Жіберу») батырмасын басқан кезде магнитті жүргізгіштің КМ-1 орамасына кернеу беріледі, бұл жағдайда магнитті жүргізгіш КМ-1 қуат түйіспелерін жауып, электрлік машинан іске қосады. Сондай – ақ өзінің KM-1.1 байланыс блогын жабады. SB-2 («Жіберу») батырмасын ажыратқан кезде оның түйіспесі ашылады. Алайда, магнитті жүргізгіш орамасында өзгеріс болмайды. KM-1.1 байланыс блогы SB-2 батырмасының жұмысын жалғастырады.


IV. Жаңа тақырыпты бекіту: Активити/активити/activity: Дұрыс және бұрыс сызба

  1. Бүгінгі тақырып бойынша дұрыс сызылған сызба



  1. Бұрыс сызба

Сызбалар бойынша тақырыпқа сәйкес дұрысын табу. Әріптік белгіленулердің не екенін, қандай қызмет атқарып тұрғанын айту. Дұрыс жауапқа «шам» беремін.

V. Тапсырма беру: Студенттерге магнитті жүргізгіш арқылы электрлік машинаны іске қосу тапсырмасы беріледі. Ол үшін іске қосудың техпроцесі беріледі.



Магнитті жүргізгіш арқылы электр машинаны іске қосудың техпроцесі

3 фазалы қ.т. электр қозғалтқыш




Операция түрлері


Құралдар

1

Магнитті жүргізгішті дайындау

Бұрағыш (отвертка)

2

Электрлік машинаны дайындау

Қолмен орындау

3

Электрлік машинаның орамаларын жалғауды орындау

Индикатор, бұрағыш, изолента

4

Қосқыш розеткаға электрлік машинаны жалғауды орындау

бұрағыш, изолента

5


Тексеру


ток көзіне қосу





VI. Ағымдағы нұсқау : Студенттер екі-екіден бөлініп электр машинаны қосқыш розетка арқылы іске қосады

VII. Тексеру жұмысы: Жалғанулардың дұрыстығын тексеру.

VIII. Сабақты қорытындылау және рефлексия : Студенттер бүгінгі сабақтан түйген ойларын, білімдерін қорытып, «Тазалық» жұмысын орындайды. Яғни, тақырып бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға, сабақта керек емес болған артық дүниені қоқыс жәшігіне, ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса еттартқышқа салады. Бір студент шығып, нәтижені дауыстап оқып, ортаға салып, талқыланады.

IX. Бағалау: Электр машинаның магнитті жүргізгіш арқылы іске қосылуын тексеріп, сабаққа белсене қатысқан студенттер жинаған жарық шамдарына байланысты бағаланады.

X. Үй тапсырмасы: Электр машинаны магнитті жүргізгіш арқылы іске қосудың сызбасын қайталау. Жаңа сабаққа қатысты термин сөздерді жаттау.

XI. Шеберхананы жинау: Әр студент өз жұмыс орнын жинап реттейді.



Ө/О шебері: М.А.Умаров.





s

t

a

c

l

a

n

e

r

o

t

o

i

f

i

n

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!