Материалдар / Әскери мектептерде ұландардың химиялық сауаттылығын арттыру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әскери мектептерде ұландардың химиялық сауаттылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырып әскери мектептерде химия пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге арналады. Онда қазіргі таңда әскери мектептерде химияны оқытудағы мәселелер мен кемшіліктер жайлы ой қозғалып, оларды жоюға көмектесетін әдістер жайлы айтылады. Мақалада әскери мектептерде химия пәнін оқыту мен орта мектепте химияны оқытудың айырмашылықтары көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2019
211
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әскери мектептерде ұландардың химиялық сауаттылығын арттыруҚауіпсіздік кеңесінің отырыстарының бірінде президентіміз Н.А.Назарбаев былай деп айтқан еді: «Біз суверенді мемлекетпіз, және қауіпсізлікті қамтамасыз ету мәселелері сыртқы және ішкі саясаттың құрылуында іргетас болуы керек. Сондықтан бізге ең заманауи қарумен қамтылған, жоғары мобильділікке ие , білімді, кез келген жағдайда біздің суверенитетімізді қорғауға дайын заманауи армия керек. Ал мұндай армияны заманауи көзқарастарға және тарихи тәжірибеге негізделген фундаменталды ғылыми базаға ие болу арқылы құру мүмкін» Осылайша Қазақстанның Қарулы күштерін реформалау дәстүрінің амалға асырылуында әскери білімнің маңызы анықталып алынған. Әскери білім беру тізімінің ескі жолдары арқылы жетістіктерге жету екіталай екені анық, сол себепті қазіргі таңда әскери білім беруді реформалау концепциясының жобасы жасалған. Әскери білім беру реформасының сәтті болуы оны амалға асырушылардың кәсібилігі мен біліліктілігі арқылы, оқытылатын пәннің түсінікті әрі қызықты болуымен анықталады. Орта мектептердегі сынды, әскери мектептерде де жаратылыстану пәндеріне, соның ішінде химия пәніне болған қызығушылықтың төмендігі он жылдан аса уақыт бойымен келе жатқан өзекті мәселе болып саналады. Орта және арнайы білім беру мекемелерінің, соның ішінде әскери білім беретін мектептердің мұғалімдерін шамамен бірдей мәселелер: химия пәні оқытылатын сағаттың қысқартылғаны, оқу бағдарламаларының тұрақсыздығы мен дұрыс оқулықтың жоқтығы, зертханалық тәжірибелерді өткізетін кабинеттерде материалдық-техникалық жабдықтардың жеткіліксіздігі мәселелері мазалайды. Біздің, орта және әскери білім беретін мектеп мұғалімдерінің жалпы міндетіміз адамның болашақ мамандығы қандай болуына қарамастан, химия сынды қыйын бірақ өмір үшін өте маңызды пәнді қызықты қылып оқыту болып табылады. Химия пәніне болған қызығушылықты тек әр сабақты, әр бір тақырыпты қоршаған ортамен байланыстырып құрастыру арқылы арттыру мүмкін. Қазіргі таңда мемлекет саясатының өзгеріп, пәнге ажыратылатын сағаттың ұзаруын күтпестен тек өз күшіңе және педагогикалық шеберлігіңе сену керек. Соңғы жылдарда біздің ғаламшарымызда экологиялық мәселелер өршігіп барады. Қоршаған ортаның ластануы, қышқылды жаңбырлар, жылыжай әсері, токсикалық және есірткі заттарының барлығы халықты үрейлентіреді. Сондықтан халықтың басым бөлігі осы мәселелерге химияны себепші деп ойлайды. Бірақ бұл мәселелерді тек химия ғылымының жетістіктеріне сауатпен қарау арқылы шешу мүмкін. Кез келген зат дәрілік затта болуы мүмкін және сонымен қатар улы затта бола алады. Заттың қасиеттері оны қалай қолдануға байланысты болады. Табиғаттың тұрмыстық қалдықтармен, металлургия, энергетика өнеркәсіптерінің, транспорттық қалдықтарымен ластануы –бұл адамдардың химия негіздерін, заттардың қарапайым қасиеттерін білмеуінен.Осындай тұрақсыз жағдайларда оқушылардың химиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған жаңа білім беру стандарттарын жасап шығару және кіргізу мәселелері жалпы білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін бағалау және химия пәнін оқытудың қолданыстағы әдіс-тәсілдеріне басқа жағынан қарауға мәжбүрледі. Стандарт талаптарына сәйкес білім беруді ұйымдастыру бірінші кезекте білімді өз бетінше үйреніп, оны қолдана білу тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған болуы керек. Оқушылардың химия пәнінен оқу жетістіктері пән бойынша білім мен дағдыларын қамтитын сауаттылық дәрежесімен анықталыумен қатар, оларды өмірлік мәселелер мен тапсырмаларда қолдана білуімен де анықталады. Әмбебап оқу әрекетін қалыптастырудың негізгілерінің бірі ол мұғалім тарапынан оқушыға берілетін тапсырмалар болып саналады. Оқытудың инновациялық тәжірибелерін халықаралық салыстырмалы зеттеу нәтижелерінің көрсетуінше оқу процессінде қолданылатын тапсырмалардың көбі тек формальды білім немесе алгоритм қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан химия пәні бойынша оқушылардың сауаттылығын арттыруды келесі жолдармен жүзеге асырылуды ұсынамын – тақырыпты оқытуда химия ғылымдарының, инновациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін айтып түсінтіру, Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуын негізге ала отырып, оқытудың өндірістік, технологиялық үдеріспен байланысын ірілендіру, оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту, олардың табиғат пен минералды ресурстарға, туған өлкесінің өсімдіктер мен жануарлар әлеміне ұқыптылықпен қарау және өз елінің табиғи байлығын қорғау мен көбейтуге үйрету, оқыту үдерісі оқушылардың практикалық және зерттеушілік дағдыларын дамытуға, оқу жобаларын орындаудағы креативтілік ойлауын қалыптастыруға, алған білімдерін болашақ кәсіби қызметтерінде қолдана білуге дайындауға бағытталуы тиіс, өздігінен орындайтын тәжірибелік, эксперименттік жұмыстарды сан түрлі әдістер мен технологияларды қолдану арқылы функционалдық сауаттылықтарға жататын бөлігіне ерекше мән беріп, жүйелеп үйрету, жазбаша жұмыстарды, практикалық, зертханалық тәжірибелерді, түрлі біліктерді, құзыреттіліктерді қажет ететін өзіндік жұмыстар мен тапсырмаларды іс жүзінде орындатқызу.Химияны оқытуда есептер шығару да үлкен маңызға ие. Біріншіден, бұл оқытылатын тақырыптың толық және терең қабылдануын қамтамасыз ететін, алынған білімді тәжірибеде еркін қолдануға үйрететін оқыту тәсілі, екіншіден бұл химия ғылымыны өмірмен байланыстыратын пәнаралық байланысты амалға асырудың ең жақсы жолы. Есеп шығару логикалық тұрғыдан ойлауды, қысқа жазбаларды жоспарлау және жасауды, есепеуді және белгілі бір мәселені дифференциалдауды талап етеді. Бүл ретте ұланның алдын алған білімдері толықтырылып және бекітілумен қатар жаңа білім де пайда болады. Есеп шығаруда ұланның ой-өрісі, есте сақтау қабілеті, ойлау қабілеті, сөйлеу қабілеті, сондай –ақ дүниеге көзқарасы артады.

1. Алтынбаев М.К. Основные задачи современного этапа военного строительства // Багдар. - 1999. - № 1. - С. 6.2. Двуличанская Н.Н. Компетентностный подход к обучению естественно-научным дисциплинам в техническом профессиональном образовании: монография. М.:НИИ РЛ МГТУ им. Н.Э. Баумана, 2011. -188 с. 3. Дуйсебек А.Т. Совершенствование естественнонаучного образования в контексте современных требований //«Білім-Образование» спецвыпуск для I съезда учителей химии и биологии РК «Школьное естественнонаучное образование: общество, наука и технология XXI века». – Усть-Каменогорск, июнь 2012 г. – С.14-16.4.Назарбаев Н.А. Реформирование Вооруженных Сил — веление времени // Қазақстан сарбазы — Воин Казахстана. - 1998. 20 янв.5. Материалы семинара «Конструирование и оценка учебных достижений: личностные и метапредметные результаты» (О.Б.Логинова). http.6. Фадеев Г.Н. Интегративно-аксиологические основы конструирования и применения химической литературы для общего среднего образования: Научн. доклад дисс. ...докт. пед. наук. СПб. 2002. -70 с.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!