Материалдар / Астана - ұлы дала елордасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Астана - ұлы дала елордасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі Астана – асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны. Астана шаңырағы әлі де шарықтай түспек. Жаңа астананың келешегі толығымен XXI ғасырдың еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас буындар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Маусым 2018
509
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Астана – ұлы дала елордасы

Астана бүгінде – Қазақстан жетістігі мен жеңістерінің символы.                                                                                                       Н.Ә.НазарбаевБүгінгі Астана – асыл  тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны. Астана шаңырағы әлі де шарықтай түспек. Жаңа астананың келешегі толығымен XXI ғасырдың еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас буындар.«Астана» сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша түсінігі  астана — табалдырық, босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді.  Астана – Қазақстанның астанасы. Ал, Қазақстан – Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.Тарихқа бай Сарыарқаның ұлан-байтақ жерінде, қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми, саяси ортаның шоғырлануы, Отанымыздың көркем, сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі – игіліктің нышаны деп білеміз.1830 жылдың өзінде Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының ең алғашқы іргетасы қаланған болатын. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланды. Сосын Орынбор орталығымыз болды. Ал 1925 жылы Қазақстанның орталығы Орынбордан Ақмешітке көшірілді. 1929 жылдары Верный (Алматы) қаласына көшірілді. Содан соң Ақмола қаласы Астана болып 1998 жылы жарияланды.Ел жүрегі болып саналатын «Ару қала», «Әсем қала», «Бас қала» атанып  жүрген мемлекетіміздің  елордасы - Астана  қаласы. Қаламызға серуендеп тамашалауға келген әрбірінің  көңілінде ерекше бір сезім мен толқыныс, асқақ мақтаныш пен сарқылмас ән тербеліп жатады десек қателеспеген болар едім.Ару қаланың әрбір оралымы ашық бұрқақты аулалар, әсем безендірілген гүлзарлар мен көмкерген орманды алқаптарда бойтүзеген «Нұр Астана» мешіті мен «Бәйтерек», «Пирамида», «Ханшатыр», т.б. саяси және мәдени думан орталықтары мен түрлі тарихи мемориалды кешендері алуан түрлі.Мемлекет басшысы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында жазуынша, Астананы көшіру Қазақстанды жаңа Тəуелсіз мемлекет ретінде орнықтыруда зор рөл атқаратынына сенімді болды. Бұл біріншіден, Қазақстанды геосаяси жоспар тұрғысынан нығайту үшiн қажет едi. Шындығында, егемен ел, Тәуелсіз мемлекет атану да, ұлы істі қолға алып, елдің дербес астанасын таңдау мен оны салуға күш-жігерін жұмсау да зор бақыт. Осындай істе ең алдымен Елбасының ерлігі ерен екені айтпаса да түсінікті. Себебі жұртшылық айтып жүргендей, Астана - Президенттің төл перзенті, орындалған арманы. Елорданың өркендеуі еліміздің өркендеуінің белгісі. Ендеше бас қаланың жаңадан қаланып жатқан іргетасының берік болуы да мемлекетіміздің болашаққа нық сеніммен жасар қадамының нағыз кепіліне айналмақ. Санаулы жылдар ішінде Астанамыз әлем елдеріне танылып, ауқымды шаралардың бастамасы қаланған бас қалаға айналып үлгерді. Оған елордамызда ЕҚЫҰ саммиті, VII Қысқы Азия ойындары, ИКҰ форумы, Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өткендігі толықтай мысал бола алады. Сонымен қатар, егемендігімізді тағы бір мәрте әлемге мойындатқан «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін айтпай кетуге әсте болмас. ЭКСПО көрмесінің елімізде өтуі – Астанамыздың әлемдік аренадағы абыройын одан әрі асқақтата түсті.                Астана – тәуелсіздігіміздің тірегі. Әрбір қазақтың «жан-жүрегім» деп айта алатын, бас қаламыз деп мақтанатын еңселі елордасы. Сарыарқа төсінде орналасқан бас қаламыз мәңгілік асқақтай берсін, жасай берсін!

Перизат СЕРІКБАЙАрқалық мемлекеттік педагогикалық институтының 2-курс студентіАрқалық қаласы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!