Материалдар / Ашық оқу қызметі: "Мысықтың ыдысы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық оқу қызметі: "Мысықтың ыдысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мысық туралы түсініктерін кеңейту олтуралы балалардың өздеріне әңгімелету, ермексазды домалақтап, ортасын қуыстату машығын дамыту, сондай-ақ шыдамдылыққа, төзімділікке, уй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
798
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбекжай бала бақшасы









«Шығармашылық» білім беру саласыныңІІ кіші (А) «Еркемай» тобы үшін ұйымдастырылған мүсіндеу ашық оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы.

Тақырыбы: «Мысықтың ыдысы»





Бейнелеу өнері маманы: Серғалиева А





















Айы: қаңтар Күні: 29 Аптасы: IVҰйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: МүсіндеуТақырыбы: «Мысықтың ыдысы» Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Мысық туралы түсініктерін кеңейту олтуралы балалардың өздеріне әңгімелету, ермексазды домалақтап, ортасын қуыстату машығын дамыту, сондай-ақ шыдамдылыққа, төзімділікке, уй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, мысықтың суреті, мысық, ыдыс улгі, тақтайша, ермексаз, сулық.Сөздік жұмыс: ойыны бір қанбайды.Қос тілдік компонент: мысық-кошка, ыдыс-посуда.



Оқу іс- әрекетінің кезеңдеріПедагогтің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозаушылық
Балаларды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алу. Балалармен амандасу.-Сәлеметіңдер ме, балалар?-Балалар, бүгін біздің ашық оқу іс-әрекетімізге қонақ апайлар келген екен. Қане, амандасайық!-Сәлеметіздер ме, апайлар?Бір-бірінің қолынан ұстап, жылулық шеңберін құру.

Жылулық шеңбері: Алтын сәуле арайлы, Бақшамызға тарайды.Қуанышпен шат күліпҚарсы алайық арайды.

-Жарайды, балалар. Орнымызға жайғасайық!





















-Сәлеметіз бе, Айзада Шойынбайқызы?

-Сәлеметіздер ме, апайлар?





Балалар өлең жолдарын бірге қайталайды


ас Ұйымдастырушылық-ізденістік













Балаларға оқу іс-әрекетіне байланысты жұмбақтың шешуін табуды ұсыну.ЖұмбақӨз құйрығын өзі қуып ойнайды,Допты корсе домалатып қоймайды.Беті-қолын қайта жуады,Тышқандарды үйімізден қуады. (Мысық, кошка, cat)



  • Балалар, мысық қайда мекендейді ? Өте жаксы балалар. Сондықтан мысықты үй жануары деп атаймыз.
  • Ал, балалар мысықтың баласын қалай атаймыз?
  • Балалардың назарын мысыққа аударады.
  • Мысық қалай дыбыстайды?




  • Мысыққа немен тамақ береміз?
  • Мысық не ішеді, не жейді?


  • Балалар мысыққа қарайықшы, құлағы, аяғы, құйрығы, көзі нешеу?


  • Ал мысықтың түсі қандай?




































  • Жұмбақтың жауабын шешеді.
  • Мысық.
  • Мысық уйде мекендейді.


  • Марғау деп айтамыз.
  • «Мяу-мяу» деп дыбыстайды.
  • Ыдыспен
  • Мысық тышқан аулайды, сүт ішеді
  • Аяғы төртеу, көзі екеу, құйрығы біреу, құлағы екеу.
  • Түсі ала.








  • Кім мысық туралы тақпақ біледі?












  • Балалар сендер мысықты жақсы көресіңдерма?
  • Балалар кімнің үйінде мысық бар? Мысыққа немен тамақ бересіңдер?


  • Олай болса, мысыққа сүт ішетін ыдыс жасап берейікші. Мысықтың сүт ішетіныдысы жоқ екен.


  • Балаларға өзі жасаған ыдыстың үлгісін көрсетіп, таныстырады.

    Жұмысымызды бастамас бұрын қолдарына жаттығу жұмысын жасайды.





    Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:
  • Ермексазды жұмсартамыз;
  • Алақанға салып домалақтаймыз;
  • Ортасын сұқ саусағымызды батырып, ойық жасаймыз;
  • Кесе пішініне келтіріп, жан-жағын тегістейміз.










































  • Пеш түбінде мысық отыр, Екі көзін қысып отыр. Тышқан етін жегісі кеп, Тісі оның қышып отыр.
  • Әрине, жаксы
  • көреміз.

    Балалар өз ойларын айтады.

  • Балалар мысыққа ыдыс жасап беруге келіседі.






  • Саусақ жаттығуын педагогпен бірге орындайды.

















    Жұмыстың орындалу ретімен танысады.Мысыққа арналған ыдысты мүсіндейді.



    Ал енді балалар бойымызды сергітіп алайық.

    Сергіту жаттығуы.Тікірейіп құлағыМенен бұрын тұрады.Бойын жазып керіліпБеті-қолын жуады.Қасымнан бір қалмайды,Көзін қысып алдайды.Ойнатсам да кунімен,Ойыны бір қанбайды.Сөздік жұмыс: ойыны бір қанбайды.



    Балалардың өз бетінше жұмысы.Көмек керек болған балаларға педагог көмектеседі.

    Балалардың өз бетінше жұмысы.Көмек керек болган балаларға педагог өзі көмектеседі. «Шатасқан жіп» ойынын ұйымдастыру.Ойын барысы: Шатасқан жіпті жазуға тырысу.

  • Балалар, мысық жіппен ойнағанды жақсы көреді. Әженің ұршығындағы жіпті шатастырып тастапты, сол жіптің шатасқанын жазып беруге көмектесейік.




































  • Өлең шумақтарына байланысты қимыл-қозғалыстар жасайды.



    Ойыны бір қанбайды сөзін қайталап айтады.



























    Ойынға қызығушыл ықпенкіріседі. Шатасқан жіпті жазады.
    Рефлексиялық-түзетушілікОқу іс-әрекетін қорытындылау.
  • Біз немен таныстық?
  • Балалар, біз бүгін не жасадық?


  • Мысық сүтті немен ішті?
  • Міне, тамаша енді жасаған ыдысымызды мысыққа сыйлайық.Балаларды мадақтау. –Жарайсыңдар, балалар! Бүгігі ашық оқу іс-әрекетіне тамаша қатыстыңдар! Сендерге ризашылығымды білдіре отырып, қуанышты хабарлама жолдаймын! -Оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сау болыңдар!
    Оқу іс-әрекеті бойынша ойына түйгендерін айтады.Жұмысты талдайды, жасаған ыдыстарын мысыққа сыйлайды







    Қоштасады.


    Күтілетін нәтиже: Жасайды: домалақ ермексаздың ортасын басбармақпен баса отырып, іші қуыс ыдыс пішініне келтіреді.Түсінеді: мысықтың үй жануары екендігін, сүтті жақсы көретіндігін.Қолданады: ермексазды алақан арасына салып, домалақтау тәсілін.



    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!