Материалдар / Ашық сабак "Көркем кестелеу Кесте түрлері.Материалдармен құрал-жабдықтармен таныстыру".
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабак "Көркем кестелеу Кесте түрлері.Материалдармен құрал-жабдықтармен таныстыру".

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабак "Көрокем кестелеу. Кесте түрлері.Материалдармен құрал-жабдықтармен таныстыру".5 сынып Кесте – тері, киіз, т.б. мата бетіне әртүрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалатын сәндік қолөнердің бір түрі. Бұл өнер түрінің пайда болу тарихы әртүрлі жіптерді ойлап табудан басталды. Кесте бірнеше түрге бөлінеді. Әр елдің өзіндік кестелеу техникасы бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2022
275
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көркем еңбек

Мектеп: М.Әуезов атындағы №2 ЖОББМ

Күні: 12.11.22

Оқытушының аты-жөні: Г.Т.Тажкуранова

Сынып: 5 б сабақ 2-3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Көркем кестелеу. Кесте түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу. Нобай орындау

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

5.1.5.2 Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

Сабақтың мақсаты:

  • Ұлттық мәдениет туындыларындағы кесте өнерін зерделеу және зерттеу;

  • Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнеріндегі кесте өнерімен таныстыру

  • Кестелеу нобайын орындау;

  • Ұқыптылыққа шеберлікке баулу.

Бағалау

критерийлері

  • Кестелеу қолөнерінің негізгі түрлерін білу;

  • шығармашылық нобай орындауда бірнеше идеялар ұсынады;

  • өз бетінше жұмыс жасай алады;

  • түстерді дұрыс үйлестіре алады;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру.

Өткен сабақты қайталау сұрақтары:

  • СҚӨ дегеніміз не?

  • Қандай заттарды СҚӨ бұйымдарына жатқызуға болады?

  • Олар қандай материалдардан жасалынады?

Кестелеу қолданылады ма?

Оқушылар жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбы кестелеу өнеріне қатысты екендігін аңғаруы мүмкін.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсінік темелер мен беріл ген сурет тер





Ортасы





Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқушыларға қол тігістері (көктеу, торлау, қайып тігу т.б.) және көркемдік кесте түрлері (баспа, тығыз, айқас кесте, біз/тамбурлы кесте және т.б.), материалдар (мата және жіптер: ирис, мулине, жүн және мақта жіптері) және кестелеуге арналған құралдармен (ине, қайшы, кергіш, оймақ), сонымен қатар, қазақтың ұлттық, әлемдік кесте өнерінің ерекшелігімен және кестемен бұйымдарды безендіру тәсілдерімен таныстыратын бейнеролик көрсету.

Тақырыпты бекіту үшін келесі сұрақтарды талқылау арқылы әңгіме ұйымдастыру:

  • Сәндік-қолданбалы өнердің қандай түрлері бейнероликте көрсетілді?

  • Ол туындылар қалай аталады?

  • Орындалу тәсілдері жайлы не айтып бере аласыздар?

Бұйымды жасау үшін қандай материалдар қолданылған?

  • Көркемдік кесте түрлері қалай және қай жерде қолданылуы мүмкін?

  • Сіздердің араларыңызда сәндік-қолданбалы өнермен айналысатын оқушылар бар ма?

Әңгімелесу барысында оқушылар осы сала бойынша алдыңғы білімдерін толықтырып, жаңа мәліметтермен танысады.

Жаңа кілттік сөздер мен терминдерді өз сурет дәптерлеріне енгізіп, глоссарий тізімін толықтыру.

Оқушыларға кестеленген бұйымдар ұсынылады. Бұйым бойынша қысқаша мәліметтерді сурет дәптерлеріне жазу. Осы арқылы оқушылар заттарды сипаттау бойынша алғашқы дағдыларын дамытады.

тапсырма № 1.

1.Кесте сөзінің анықтамасын табыңдар
а.)Табиғи жүннен түрлі мүсін композицияларын, әшекей бұйымдарын жасайтын, сәндік қолөнер түрі
б.)
Мата бетіне әртүрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалатын сәндік қолөнердің бір түрі.
в.)Тоқыма станоктарында мата өндіретін сәндік қолөнердің бір түрі
г.)Мата бетіне әртүрлі бояулармен сурет салу арқылы жасалатын сәндік қолөнер түрі
2. Кесте мен тігістер нешеге бөлінеді?
Есептік ,еркін

Бұйымды көркемдік кестемен безендіру үшін композиция құрастыру. Нобай.

Жұмыстың бірінші кезеңінде оқушылар алдыңғы композиция жайлы білімдерін қолданып, болашақ бұйымға арналған кестенің нобайын орындайды. Нобайды композициялық заңдылықтарға сай ритм, симметрия және асимметрияны ескере отырып құрайды.

Бұл тапсырманы орындауда сызба құралдарын, шаблондар мен суреттерді қолданады.

Одан кейін оқушылар қажетті материалдар(мата және жіптер: ирис, мулине, жүн және мақта жіптері) және кестелеуге арналған құралдар (ине, қайшы, кергіш, оймақ) мен түстік шешімді таңдайды.

Сабақ соңында оқушылар өздерінің нобайларын бір-біріне көрсетіп, бағалайды, ұсыныстар жасайды.

Орындалған жұмыстар мен оқушылардың іс-әрекеті бойынша кері байланыс пен ұсыныстар беру.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі












Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Дискриптор

Кестелеу қолөнерінің негізгі түрлерін білу;

шығармашылық нобай орындауда бірнеше идеялар ұсынады;

өз бетінше жұмыс жасай алады;

түстерді дұрыс үйлестіре алады;




Бейне ролик «Кесте өнері»

көрнекілік заттар: ине, мулине, ирис жіптері, оймақ, кергіш, қайшы, кесте түрлері



Аяқталуы





Кері байланыс

Оқушылар рефлекциясы :

Көңіл күйлері

Сабақ ұнадыма?

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!