Материалдар / Ашық сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабакша тәрбешісіне қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Шілде 2019
254
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Біз бақытты баламыз»



Жүргізуші:

Құрметті әріптестер, ата-аналар және бүлдіршіндер бүгінгі

«Біз бақытты баламыз»атты тәрбиелік шараға қош келдіңіздер! Бұл өткізілгелі отырған шараның

Мақсаты МДҰ-ға ата-аналарды тарту.Ата –аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, нәтижелі болатындығына көз жеткізу. Спорттық ойындарды ойнай отырып спортқа қызығушылығын арттыру. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. Салауаттану адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы екенін түсіндіру.

Бүгінгі шара «Қарлығаш» топ ата-аналары арасында өткізілмек. Шара 3 бөлімнен тұрады.


  1. Бөлім «Шебер қолдар» топ ата-аналарының бір бөлігі «Менің Отаным» тақырыбына бұйым жасап әкелу.

  2. Бөлім «Әу демейтін қазақ жоқ» топ ата-аналарының келесі бір бөлігі патриоттық бағытта өнерін көрсетеді.

  3. Бөлім «Отбасылық спорттық сайыс»

















«Әкем, шешем және мен» отбасылық сайысы



Түрі: Эстафеталық ойын.

Өтілетін орны: балабақшаның акт залы.


І. Ұйымдастыру.

1. Командалар ортаға шақырылады.

2. Әділқазылар алқасымен таныстыру.

3. Жарыс кезеңдерімен таныстыру.

4.Жарыс кезеңдері.

5. Қорытынды.


Жүргізуші:

«Әкем, шешем және мен» отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері мен ата-аналары қатысады.

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз

Сайысқа қатысуға ортаға


1._______________ отбасыларын шақырамыз.

2._______________ отбасыларын шақырамыз.

3. _______________ отбасыларын шақырамыз.

4.------------------------ отбасыларын шақырамыз.

5.------------------------ отбасыларын шақырамыз.



Жүргізуші:

«Әкем, шешем және мен» отбасылар сайысы іліміздегі отбасылардың қатсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің балабақша бүлдіршіндері мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізгелі отыр. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.


Ал құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер! деп әділ қазылар алқасымен танысайық.


Балабақша басшысы: Р. Нурова

Балабақша әдіскері: Ж.Нұрбергенова

Дене тәрбие нұсқаушысы: Р.Досатова


Спорттық сайыста 5 баллдық жүйемен бағаланады.


Сайысқа қатысушы сайыскерлеріміз өздерін таныстырып шықса.

Тобы мен ұранын атау.

  1. «Қыран» тобы _______________отбасы

Біздің топ: «Қыран»

Біздің ұран: «Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер еренбіз».


  1. «Бірлік» тобы: _______________отбасы

Біздің топ: «Бірлік»

Біздің ұран: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін».


  1. «Барыс» тобы. ______________ отбасы.

Біздің топ: «Барыс»

Біздің ұран: әрқашан Біз мықты, бәрін жеңіп шықты.


  1. «Жұлдыз» тобы. ______________ отбасы.

Біздің топ: «Жұлдыз»

Біздің ұран: «Ұшақтан да ұшқырмыз, желден озған жүйрікпіз».


5. «Қыран» тобы. ______________ отбасы.

Біздің топ: «Қыран»

Біздің ұран: «Қуып жету жақсы ғой, озып шығу бір басқа».


Жүргізуші:

Бала өсірген ата-ана,

Бала болып ойнайды,

Бала тәрбиелеген тәрбиеші,

Бала болып ойлайды, - деп сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Жүргізуші:

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай.


  1. «Қояндар» кезеңі.

Шарты: Анасы кедергілер арасымен өтіп барып, құрсау ішіндегі сәбіздерді жинап жүгіріп барып сәбіздерді әкесіне береді, әкесі қаппен секіріп кедерілерден айналып келіп, баласына яғни көжегіне табыстайды, баласы сәбізді команда қоржынына батут доппен секіріп барып салады.


Ережесі: шартты бұзбау, сайыстың балы жылдам тез келуімен есептеледі.

Дайынбыз ба? Қалыспа, дайындал! Бір, екі, үш. Алға!.


Жүргізуші:

Қалма жұрттың соңында

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

Жету үшін мұратқа.


  1. «Кім епті?» сайысы

Шарты: Баласы кедергілер арасымен жүгіріп өтіп, алдарында тұрған мандариннен біреуін алып тез аршып жейді. Келесі анасы, әкесі дәл осылай қайталайды.


Ережесі: шартты бұзбау, сайыстың балы жылдам тез келуімен есептеледі.

Дайынбыз ба? Қалыспа, дайындал! Бір, екі, үш. Алға!


  1. «Доп жинау» сайысы.

Шарты: баласы самокат айдап барып себетте жатқан доптан алып кейін қарай қайтады, анасы да ,әкесі дәл солай барып ол да сол доптан алып кейін қарай қайтады. Кім тез әрі жылдам және қанша доп жинайды.


Ережесі: шартты бұзбау, сайыстың барысы жылдам тез келуімен есептеледі.

Дайынбыз ба? Қалыспа, дайындал! Бір, екі, үш. Алға!


  1. «Біздің арманымыздағы әке»


Шарты: Анасы мен баласы әкесінің әлемдегі ең үлкен әке болып көріну үшін шегіне жеткенше шарды үріп әкелерінің футболкасына тығыздап салу керек. Қазылар алқасы қорытынды жасағанда шарлардың санына қарайды.


Ережесі: шартты бұзбау, сайыстың балыс жылдам тез келуімен есептеледі.

Дайынбыз ба? Қалыспа, дайындал! Бір, екі, үш. Алға!



  1. «Тез әрі тәтті» сайысы

Шарты: балаласы кедергілер арасымен өтіп үстелде тұрған жемістерді жуып

береді, анасы сол жемістерді турап береді, әкесі туралган жемістерді араластырып анасы мен баласына апарады, бірге бәрі дәмін татып тез әрі жылдам таусады.


Жүргізуші:

Жарқын, шаттық заман болсын.

Отбасымыз аман болсын.

Сыйластық пен бірлік болып,

Әрқашан орта толсын.


Біз қазақпыз,

Ел үшін атқа мінген.

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,

Бой тұмарғып ар-ождан қазынасын,

Отбасылар ел қамын сақтап жүрген


Қорытынды:

Таңданайық спортқа тамсанайық,

Бәрімізде қосылып қол соғайық.

Шабыттансын көңілдерің көтерілсін

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! –дей келе байқауымыздың аяқталар сәтіне

де келіп жеттік. Олай болса, бүгінге сайыскер жанұяларды мадақтау үшін сөзді

әділ қазылар алқасына береміз. (Марапаттау) .


Құрметті ата-аналар бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Әкем, шешем және мен отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіремін! Жаксылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар.


(Қорытындылау, марапаттау).
































МКҚК «Арай» балабақшасы














«Әкем, шешем және мен»







Тәрбиешілер: Кусайнова Ф














2018-2019оқу жылы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!