Материалдар

Сайт бөлімдері
×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Ашық сабақ

Автор:Султанбекова Жанна Алшеновна
Бағыты: Балабақша
Бөлімі: Сабақ жоспары
Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-07-12

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Балабакша тәрбешісіне қажет



Тәттібек: Стефанни:Сырлы Қалам:
1-Жүргізуші: 
  • маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді.
1-маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.Баршамызды бала тілімен баурайтын,Бала деген бір бақыт қой самғайтын.Ата-ананың арманы мен тілегін Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын –дей келе «Балғын балалар –біздің болашағымыз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.2-Жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты достар! Ия, бүгін балалық шақтың ең тамаша мейрамы. Бүгін жадыраған жаздың ең алғашқы ғажайып қақпасы ашылар керемет шақ. «Балдаурен» кемесімен саяхатқа шығайық,Таңғажайып әлемнің қызығына қанайықКіршіксіз таза, аппақ мөлдір дәуренгеӘсем әнмен әсем бимен барайық!Ендеше «Балдаурен» кемесімен саяхатқа аттанайық!Ортаға балабақшамызды әншісі ---------- «Мен елімнің гүлімін» әнімен шақырымыз! Қабыл алыңыздар!
1-Жүргізуші: Тамаша! Қандай көңілді ән десеңші! Сәбидің көкейінде бәрін білсем деген сұрақ әсте таусылған ба?!Ғажайып шақ өмірдің бал дауреніЕстен кетпес осы кездің ән дәуреніЕртегілер еліндей таңғажайып,Жоғалмасын балалықтың сән дәурені.Мінекей достар,әсем әннің әуенімен «Балдаурен» кемесімен «Ақ тілектер» аралынада келіп жеттік. «Ақ тілектер» аралы шын жүректен ақтарылар тілектер мекені.Көк жиектен күлімдеп,Маусымның таңы аттыТұра қойшы күнім – деп,Анаң сені оятты –Даналардың тілегі,Балалардың тілегі.Ауырмасын ешқашан,Аналардың жүрегі.Бейбітшілік әніміз,Өнерліміз бәріміз.Қазақстан даласында,Жарасады сәніміз.Балабақша аясында,Жадырайды жанымыз.Бізбен бірге бар әлем,Қуанады балаша.Қуанышқа бөленген,Өмір қандай тамаша.Гүлмен келсін келер күн,Бала - бағы бар елдің.Балалардың күлкісі,Көркі, сәні әлемнің.Басты қоссақ бәріміз,Біздер елдің сәніміз.Шаттық, бақыт, қуаныш,Елімізге сыйлаймыз.Біз бақытты баламыз,Ақылдымыз данамыз.Ертеңгі күн еліміздің,Батырлары боламыз.

2-Жүргізуші:Балалардың ақ тілектерін тыңдадық олай болса келесі таңғажайып аралға аттанайық!Келесі аялдамамыз «Достық» аялдамасына жеткенше ән айтып барайық.Ән: «Достық әні»Жүргізуші:Балалар, «Балдаурен» кемесі «Достық» аралына да келіп тоқтады.Бұл аралда біздерді әр ұлттың балалары күтіп тұрған сияқты.Ортақ мекен жер шары,Төбемізде бір аспан.Барлық ұлттың баласыДостығымыз жарасқан.Осы кезде әуенмен Тәттібек пен Стефанни келеді.
Стефанни: Хеллоу чилдрен! Сәлеметсіздер ме, балалар. Біздерді таныдыңдар ма?
Балалар: Таныдық.
Тәттібек:Бүгінгі балаларды қорғау күні құтты болсын. Рұқсат болса, бізде сендермен бірген мерекені тойлайықшы. Қызықты болсын деп, бәріміз бірге ойын ойнайық.Балалар: Алақай!!!  ойнайық.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.Сүйікті балалар, бүгін сендердің тойларың жер бетіндегі балалардың достық мерекесі. Стефанни: Мереке құтты болсын! Мынау сендерге мерекелік сыйлығымыз қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:Тәттібек,Стефанни рахмет балаларға «Достық» аралында болған ұнады. Сау болыңыздар!
«Балдәрен» кемесіне отырамыз.
Жүргізуші:Балалар! Біздің қызықты саяхатымыз әлі де жалғасын табуда. Жан жағымызға құлақ түрейікші. Әдемі әуен естілетін сияқты. Мүмкін келесі таңғажайып ертегі аралынада келіп қалған сияқтымыз.
Жүргізуші:Қараңдаршы тамаша Карусель ! СайқымазақСалем достар!Барлығы хормен: Салем! Салем! Салем!СайқымазақДостар! Менің таңғажайып аралыма қош келдіңіздер! Сіздер қызықты ойындар мен қызықты би үйреніп көңілдеріңді көтеріп қайтасындар! Солай емеспе достар! Келіңдер балалар кезекпен карусельге айналуға.

Сайқымазақ: Біздің арамызда қыздар көппе әлде ұлдар көппе екен,а? Кане байқап көрейікші!Барлығы қимылмен қайталайды:Жүгіреді,жүгіредіТүлкілер,түлкілерЕстілді,естіледіКүлкілер,күлкілерКане бірге,кане біргеҰлдар ай!Қыздар ай!СайқымазақЖарайсындар, олай болса «Буги,вуги» ән биін билеп көрейік!Орындарымыздан тұрамыз ,кәне менімен бірге билейміз.Би:«Буги,Вуги»Сайқымазақ:Балалар ойын ойнаймыз ба?
Ойын: «Кім жылдам»
Жүргізуші:Сайқымазақ балалардың көңілді биін қабыл алыңыз.

Сайқымазақ:Балалар сендерге ойын сауық алаңы ұнады деп ойлаймын.Жүргізуші:Рахмет, саған біздің сайқымазақ досымыз. Балалардың көңілін көтеріп тастадың. Ары қарай «Балдаурен» кемесімен саяхатымызды жалғастырайық!Балалар көңілді әнімізді айтып жолға шығайық.
Жүргізуші: Міне «Таңғажайып би» аралына да келіп қалдық бұл аралда тамаша биімен таңқалдырары сөзсіз. Олай болса кішкентай бишілерімізді қарсы алайық!


Маша: Саламатсыздар ма балалар, мені таныдыңдар ма? Мен Машамын Аю досымыннан қашып кеттім. Қандай әдемі балалар! Неге сендер мына жерге барлықтарың жиналып алғансыңдар? Сендердің қарындарың аш сияқты? (Әр баланың аузына чупа-чупс салады)
Аю:Балалар, сендер қандай тамашасыңдар? Сендердің араларыңда менің Машам жоқ па, таба алмай жүрмін! Өзі сондай бұзық қыз! Маған Машаны тауып алуыма көмектесесіңдер ме? (Маша осы кезде, отырған балалардың арқаларына кезек – кезек аюдан тығылып жүреді)Жүргізуші:Аю қапалан ба,Машаны саған тауып береміз.Аю:Балалар, егер Машаны көріп тұрғандарың болса, маған қолдарыңмен көрсетіңдерші. Қане, Маша қайда?Аю:Маша жүр қайтамыз, жүре ғой. Варенье қайнатамыз.Маша: - Жоқ, мен бармаймы,барғым келмейді. Оданда балалармен біраз ойындар ойнап, би билеп алайықшы, сосын қайтамыз. Жалынамын!!!! (маша қашады, бірдеңе тауып алады қуанып кетеді)Маша:Балалар,балалар қараңдаршы мен осында келе жатқанда қобдиша тауып алдым.Сендерге көрсетуді ұмытып кетіппін ғой.Жүргізуші: Маша бұл жай қобдиша емес сазды қобдиша осы аралдың. Қақпағын ашсаң би билеп қоя береді. Мүмкін байқап көрерміз! Қобдиша қақпағы ашылады. Би билейді.Ән «Шарики»Жүргізуші: Маша,Аю сау болыңдар!»Таңғажайып би»аралы балаларға ұнады.Қалықтаған көгершіні көгінде,Мұңаймасын ешбір бала елімде.Ата берген батаменен көркейсін,Ұлты отаным тілегім сол меніңде.Балалар саяхатымызды ары қалай жалғастырамыз,«Сиқырлы бояулар» аралы ғажайып сиқырға толы.Барлығымыз орнымыздан тұрып «Сиқырлы бояулар» аралына жеткенше көңілді би билейік.
Флеш мобЖүргізуші: Міне балалар «Сиқырлы бояулар» аралына келдік.Балалар осы сиқырлы бояулар әлеміне жер-анаға,көк аспанға,жарық күнге,бояулар аралының қонақтарына амандасайық.
Сырлы Қалам:Қош келдіңдер балалар! Мен «Сиқырлы бояулар» аралының сиқыршысы Сырлы Қаламмынмын.Балалар бүгінгі сендер мерекелеріңмен құттықтаймын.Сендер бояу жөнінде не білесіңдер? Сурет салып білесіңдер ме.Жүргізуші:Біздің балалар өте өнерлі әнде айтады ,биде билейді,суретте салады.
Сырлы Қалам:Балалар өнерлі болса мен тексеріп көрейін.Сендер түстерді ажыратып білесіңдер ме? Менің қолымда боялмаған суреттер бар,сол суреттерді түсін табуларың кекек.

Сырлы Қалам:Жарайсындар балалар,менің сендерге керемет сыйлығым бар қабыл алыңыздар! Кішкентай бояу қарандаштарым ортаға келе қойыңдар.

Сырлы Қалам:Менің сыйлығым ұнады ма?Балалар осы сендер асфальқа сурет салып көрдіңдер ме? Әр топтан 3-4 бала ортаға шығамыз. Ең әдемі сурет салған топқа сыйлығым бар.Қолдарыңа бор алындар, Асфальтта сурет салыңдар .Сол суретте болсыншы, Шақты күн, ашық аспан көк түсті. Бақыт деген сол екен, Береке, бірліктерің жарассын! Асфальтқа сурет салу

Жүргізуші:Сырлы Қалам сый құрметіңізге көп рахмет!Сендердің аралдарын біздерге керемет ұнап жатыр.Біздердің саяхатымыз осы аралда аяқталды.Қош сау болыңыз!Сырлы Қалам:Балалар сендердің келгендерің қандай жақсы болды көңілім көтеріліп қалды.Қош сау болыңыздар!Құтты болсын мерекең! –деп, «Балғын балалар –біздің болашағымыз» атты мерекелік ертеңгіліміді аяқталды. Қош сау болыңыздар келесі кездескенше! Көңіл қойып  тамашалағандарыңызға көп рахмет.Бақшамызға жеткенше көңілді әнімізді айтып «Балдәрен» кемесіне мініп балабақшамызға ораламыз.


50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.