×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Ашық сабақ

Автор:Богенова Арай
Бағыты: Балабақша
Бөлімі: Сабақ жоспары
Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-09-11

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Балабакша тәрбешісіне қажет

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі.Білімділігі: Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге,ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін,еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.Дамытушылығы: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.

Әуенмен топқа «Ертегі ханшайымы» келеді.Сәлеметсіздерме балалар?Мен ертегі ханшайымы, сіздерге қонаққа келдім. Қазір жылдың қай мезгілі? Мен қандай сиқыр жасай алатынымды білесіз бе? Мен сіздерге бос қолмен келген жоқпын, менің қолымда сандығым бар. Бұл сандық жәй сандық емес-сиқырлы сандық. Қараңдаршы қандай әдемі сандық. Сандықтың ішінде не бар екен? Балалар сиқырлы сандық ашылмайды. Мүмкін ішінде ертегі бар шығар. Ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты. Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешулерін дұрыс тапсақ ертегі бізге келеді.Оның ішінде не бар екенін білгіңіз келе ме? Ол үшін біздер жұмбақ шешу керекпіз:Ертегі ханшайымы: 
  • Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. /Аю/
  • Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. /Қоян/
  • Өзі бір қу,
Жүрген жері  шу./Түлкі/
  • Күші десең, күші бар,
Тісі десең, тісі бар. /Қасқыр/
  • Таңдайлары тақылдап,
Шулайтын кім шалшықта Бірін-бірі мақұлдап./Бақа/
  • Үй-ішін аралап,
Түнде көп жортады. Қаптарды жыртады, Мысықтан қорқады. /Тышқан/Жарайсыңдар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар. Міне сиқырлы қорап бізге қаншама әдемі кейіпкерлерді сыйлайды. Ертегі ханшайымы: Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю. Балалар бұлар қай ертегінің кейіпкерлері?Ертегі ханшайымы: Дұрыс айтасыңдар. Ертегі бізге қонаққаБалалар: «Үйшік ертегісі»Ертегі ханшайымы: Дұрыс айтасыңдар. Ал, балалар біздің бүгінгі «Үйшік» ертегімізді тамашалайық. Ерте, ерте, ертеде орманда жәндік, жануар, аңдар өмір сүріпті. Олар тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр, аю. Ертегі ханшайымы: Болады екен орманда неше түрлі ғажайыптар.Бір күні тышқан келе жатып, ән айтып:Мен қап тесер тышқанмын деп, орманда әдемі үйшікті көріпті, үйшік жаңа, жылы, әдемі болыпты. Үйшікті көріп қалған тышқан үйшікке жүгіріп келеді.Тышқан: Мен суықта тоңып жүрсем. Қандай әдемі, жаңа, жылы үйшік. Мен енді осында тұрамын.Сол кезде шыршалардың арасынан бақа әндетіп шығады:Бақа: Бұл үйшікте кім тұрады?Тышқан: Қап тесер тышқан тұрады.Бақа: Мен секек бақамын. Үйшікке мені де кіргізші.Тышқан: Мұнда орын жетеді.Шыршалардың арасынан қоян шығады.Мен ақ қоянмын, ақ қоянмын,Тігіп жатар сақ қоянмын.Қоян: Бұл үйшікте кім тұрады?Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.Бақа: Секек бақа тұрады. Ал сен кімсің?Қоян: Мен зымырауық қоянмын. Мен де үйшікке кіргізіңдерші. Мен суықта тоңдым.Бақа: Бізде орын жетеді. Кір қоян.үйшікке түлкі бикеш келеді.Мынаны да алдаған.Жүрген жері шу,Түлкі: Үйшікте кім тұрады?Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.Бақа: Секек бақа тұрады.Қоян: Зымырауық қоян тұрады. Ал сен кімсің?Түлкі: Мен түлкі бикешпін. Менде үйшікке кіргізіңдерші. Мен суықта әбден  тоңдым. Маған көмектесіңіздерші.Қоян. Мұнда орын жетеді. Үйшік жылы, жаңа, әдемі кел кір түлкі.Бұл үйшікте кім тұрады?Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.Бақа: Секек бақа тұрады.Қоян: Зымырауық қоян тұрады.Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.Қасқыр: Мен қасқырмын. Мені де кіргізіңдерші. Бізде орын жетеді. Кел, кір қасқыр.Аю: Бұл үйшікте кім тұрады?Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.Бақа: Секек бақа тұрады.Қоян: Зымырауық қоян тұрады.Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.Қасқыр: Қасқыр тұрады.Ал сен кімсің? Мен аю аталарыңмын. Мені де кіргізіңдерші.Тышқан: Жоқ! Бақа: мұнда орын жоқ! Қоян: сен дәусің қалай кіресің? Аю:  - Қорықпаңдар түкте болмайды, -  деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.Үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол- ақ екен , ескі үйшік сықырлап шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр барлығы аманесен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта , барлығы бірігіп , бөренелерді тасып , тақтайларды сүргілеп , жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша , достар өздеріне әпәдемі , жаңа үйшік тұрғызып алады.Досты көп табамыз.Сенімді боламыз!















Қызылорда қаласы Жаңақорған ауданы «Құралай бөбекжайы»

«Үйшік» ертегісі.

«Балапан » тобы
Ұйымдастырған: Абласанова Меруерт
2018 жыл.

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.