Материалдар / Ашық сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы-бақыт мекені. Балаларға отбасы туралы толық түсінік беру. Әр балаға жекелей отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынастарын жақсарту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2021
379
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Отбасы–бақыт мекені»

Сабақтың мақсаты: Отбасы деген түсінікті қалыптастыру. Отбасы мүшелері, отбасындағы өзінің орны туралы толық түсінік беру.

Көрнекілігі: түрлі-түсті ленталар тағылған шеңбер, отбасы мүшелерінің суреттері

Сөздік жұмыс: ата, әже, әке, ана, аға, іні, әпке, сіңілі, қарындас.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың барысы: Балалар дөңгелене тұрады.

Шаттық шеңбері:

Сәлем деймін достарға

Сәлем болсын баршаға

Қазір біз мынау тұрған себеттен алма немесе алмұртты таңдап алыңдар. Екі топқа бөлу.

Қане, балалар мына ленталарды бір-бірден ұстаңдар.

-Не пайда болды?

Шаңырақ, уықтар, кереге. Киіз үйге ұқсадық.

-Балалар біздің шеңберіміз киіз үйге ұқсайды екен. Жоғарғы шеңбер шаңырақ деп аталады.

-Шаңырақтың суреті қай рәмізде бейнеленген?

-Елтаңбада.

-Ал шаңырақ ненің белгісі?

-Шаңырақ отбасының белгісі

-Ендеше бүгінгі сабағымыз отбасы туралы болмақ.

Тақтаға ілу «Отбасым-мақтанышым»

Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді. Себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы-бұл сенің жақын адамдарың. Қане атаңдаршы, олар кімдер?

-Ата, әже, ана, аға, іні, әпке, сіңілі, қарындас.

Әңгімелесу: -Отбасы дегеніміз не?

-Отбасы деген бір үйде тұратын жақын адамдар.

-Сен отбасында кімсің?

Балалардың жауаптары:- Мен отбасының мүшесімін, әкем мен анамның баласымын.

-Отбасы мүшелері бір-бірімен қандай қарым-қатынас жасайды?

-Бірге отырып тамақ ішеді, әңгімелеседі, бір-бірін сыйлайды, қамқор болады. Балалар үлкендерді тыңдайды, бірге демалады, қыдырады.

Сергіту сәті. 
Бәріміз экранға қараймыз «Қарлығаш» сергіту сәтін жасаймыз.

Біз не істедік? Біз сергіту сәтін жасадық.

Сабақты қорытындылау.
Бүгін менің білгенім.....

Мен енді жасай аламын....


















































«Арнайы мектеп – интернат №4» КММ

Шығыс Қазақстан облысы білім мекемесі














Тәрбие сағаты: «Отбасы-бақыт мекені»








Дайындаған: Наурызбаева Э.С.

Абзоллина Е.Қ.
















Семей қаласы



































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!