Материалдар / Ашық сабақ 16 Желтоқсан
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ 16 Желтоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың Отанды, Рәміздері, Елбасы,астанасы,желтоқсан,Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту.Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне ,отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Отанын ,елін сүюге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2022
317
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

16 Желтоқсан – Тәуелсіздік күні

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы,сонымен бірге ғаламат сәті еді.Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.

Н.Назарбаев

1.ӘНҰРАН

Қазақстаң Республикасының Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатұан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 шы желтоқсанында аталып өтіледі. Бұл күн үлттық,мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17 желтоқсан күнтізбеде демалыс болып табылады.





МАҚСАТЫ: Балалардың Отанды, Рәміздері, Елбасы,астанасы,желтоқсан,Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту.Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне ,отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Отанын ,елін сүюге тәрбиелеу.

Сәлеметсіңдерме балалар,қонақтар,әріптестер! Бүгінгі 16-шы Желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

Рәміздерім- елдігімнің белісі,

Білу керек бала-дағы ең кіші.


Рәміздерім- ӘНҰРАН,КӨК ТУ,ЕЛТАҢБА,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі

Балалар,біздің Отанымыз қалай аталады?

ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан қандай мемлекет?

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗ, ЕГЕМЕНДІ МЕКМЛЕКЕТ.

Еліміздің астанасы қай қала ?

АСТАНА
Еліміздің призиденті кім?

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ

2.Жарайсыңдар балалар, енді Қазақстаным отаным туалы әнімізді айтайық,

3.ТАҚПАҚТАР

1,Отан-жерім, Отан суым

Отан қуат нәр береді

Отан –ұран , Отан-туым

Отан мәңгі гүлденеді!

2.Қуат алған өзінен,

Туған елдің Ұлымын.

Бақытты етіп өсірген

Отанымның гүлімін.

3, Отыз бір жыл мерекең, Құтты болсын қазағым.Қырық елу алпыс жыл,Арта берсің ғажабын.

4.Шырқап көкке аспан-ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қалам –АСТАНА!

4. ӘН:Қазақстан бақытты!

Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны,Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, Мемлекеттік туымыздың түсі қандай?

Балалар Мемлекетіміздің түсі- КӨК. Иә,өте жақсы. Ал енді балалар Рәміздерімізге байланысты тақпақтарымызды айтайық.

1.Елтаңбасы елімнің ,

Неткен әйбат,әдемі!

Тұңығыңдай көңілдің

Ортада аспан әлемі!

2.Құт-береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

3.Отыз бір жыл ашты есік,

Жаса менің қазағым.

Тәуелсіздік жанданып,

Тоқтамасын базарың.

4.Анаң – күнің,жүрегің,

Әкең-өмір тірегің.

Сен-бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансың!

5. Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы,

Көк емес ол тектен –тек ,

Елдің ашық қабағы.

6. Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда.

Еркіндігім- Елтаңбам!

7.Отыз бір жыл ұласар

Қазақ елім сен барда.

Тәуелсіздік тойланып,

Шығармыз көп заңғарға.

8.Отан-жерім, Отан суым.

Отан-қуат нәр береді

.Отан ұран Отан-туым.

Отанды ел гүлденеді

9.Көк аспаңда көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен- тек ,

Елдің ашық қабағы.

10.Жыр арнадым еліме тебіріне,

Үміт артам елімнің ертеңіне.

Тәуелсіздік алғалы көп жыл болып

,Отаным жылдан жылға көбеюде.

5. ОЙЫНДАР

1.ҚЫЗ ҚУУ

МАҚСАТЫ: Ұлттық ойындар арқылы балалардың дене бетімінің дұрыс қалыптасуын жетілдіру.Ұлттық ойынға деген қызығушылық сезімдерін дамыту арқылы ептілікке,шапшаңдыққа,тапқырлыққа баулу тәрбиелеу.Ойын арқылы салт-дәстүрді түсініп қастерлеуге ұлттық құңдылықты білуге үйретеді.

Меңгереді:Қыз қуу ойынында ер балалар қыз балаларды қуып жетіп білегіндегі орамалды шешеді.

2. Арқан тарту

МАҚСАТЫ: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу,арқан тартыс ойыны арқылы балаларды қазақтың салт-дістүрлерін , әдеп-ғұрпын, туған елге,жерге,өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

3.КӨКПАР ТАРТУ

МАҚСАТЫ Балаларды ұлттық ойын арқылы татулыққа,адамгершілікке баулу.Бір-біріне деген сыйластығын,достық қарым қатынасын нығайту.Ұлттық ойын арқылы салт-дәстүрлерді сақтай білуге тәрбиелеу.Бір-біріне деген шынайы достықты сезіне білу дағдысын дамыту.

Көрнекіліктер Ұлттық киімдер,аттар.



БИ: АЛҒА ҚАЗАҚСТАН!

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған мерекелік кешімізде өз мәресіне жетті.

Қазақ елім !

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызынның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің қүтты болсын,алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!