Материалдар / Ашық сабақ 8 сынып "Квадрат теңдеулерді шешу"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ 8 сынып "Квадрат теңдеулерді шешу"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2020
317
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

8.2А Квадрат теңдеулер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тулебаева Асель Бактибековна

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңдеулер



Осысабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.3 Квадрат теңдеулерді шешу

Сабақтың мақсаты

- квадрат үшмүше мен квадрат теңдеудің анықтамаларын білу;

- квадрат теңдеулердің түрлерін білу және анықтау;

- квадрат теңдеудің түбірлерінің формулаларын білу және қолдану;

Бағалау критерийі

  • квадрат теңдеуді шешу формуласын біледі;

  • квадрат теңдеудің түбірлерін табады

Тілдік мақсаттар


Пәндік және тілдік мақсат:

- квадрат немесе бөлшек-рационал теңдеудің шешімін түсіндіреді;

- квадрат теңдеудің түбірлерінің саны туралы дәлелді талқылайды;

-квадрат үшмүшеден толық квадратты бөліп алу және квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу алгоритмін сипаттайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

«Дискриминант», «түбір», «коэффициент», «бос мүше»

Диалог/жазылымға қажетті сөз тіркестері:

егер D>0; D<0; D=0 түсініктері арқылы диалог құру.

Құндылықтарға баулу


Мәңгілік ел идеясы негізінде қоғамымыздағы ұлттық бірлік,бейбітшілік пен келісім құндылығы арқылы азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Физикалық есептерді шығаруда математикалық формулаларды пайдаланып квадрат теңдеулер арқылы шығырады

Алдыңғы білім


Қысқаша көбейту формулалары, толық квадратты айыру, квадрат түбір, квадрат түбірдің анықталу облысы, квадрат түбірдің қасиеттері, құрамында квадрат түбірі бар өрнектерге амалдар қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы











Ширату жаттығулары арқылы оқушылар ойын шоғырландыру: «Сәйкестендіру» әдісі бойынша оқушылардың білімін шоғырландыру, жаңа материалды игеруге дайындық үшін тапсырма беріледі.

  1. Сәйкестендір.

Теңдеулер

түрлері

2,5х2-3х+7=0;

3х+2=15

Х2-4=12

Х3+38=11

(х-3)(х+5)=0

Сызықтық теңдеу

толымсыз квадраттық теңдеу

квадраттық теңдеу


Үлестірме материалдар

Сабақтың ортасы












(Ж) 1-тапсырма: Оқушылар оқулықпен жұмыс барысында өз бетімен алған білімдерін бекіту мақсатында

«Білім қоржыны» әдісін қолданамын № 2.39


Квадраттық теңдеу

а

в

с

түбірлері





















Дескриптор:

  • -коэффициенттерін анықтайды;

  • -формуланы қолданады;

  • -түбірін табады.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі.

Сұрақ:

1. Коэфиценценттер таңбалары дискриминант есептеуге әсер ете ма?

2.(Ж)«Ойлан, жұптас, бөліс» (Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі). Оқушылардың жеке ойлау, жұппен жұмыс жасау, бір-бірінің пікірін ескеру дағдылары қалыптасады.

Теңдеуді шешіңдер:

(5х+3)2 =5x+3

(3х-8)2=3x2-8x

(х+5)2+(х-2)2-(х-7)(х-7)=11х+80.


Дескриптор:

  • қысқаша көбейту формулаларын қолданады;

  • өрнекті ықшамдайды;

  • квадрат теңдеу түріне келдіреді:

  • теңдеуді шешеді.

ҚБ: «Басбармақ » әдісі.

Сұрақ:Дискриминантпен түбірдің формуласы қандай?

3-тапсырма. (Т) «Түйінді сәттер»-әдісі арқылы тапсырманы орындауда оқушылар меңгеріп жатқан тапсырмалардың түйінді сәттерін түсінуге және дамытуға әкеледі.

Гидравликалық машинананың поршень қабырғаларын тап,егер оның бір қабырғасы екіншісінен 4 см артық болса және ауданы 60 см тең.

Дескриптор:

  • есептің шартына байланысты сызба салады;

  • есеп берілнгені арқылы теңдеу құрады;

  • квадрат теңдеу арқылы қабырғаларын есептейді;

  • поршень қабырғаларын табады.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен топтар бірін-бірі бағалайды.

Сұрақ: Қандай гидравликалық машиналарды күнделікті өмірде қолданатынын білесіздер? Мысал?


Алгебра 8 сынып

2018 ж.

Оқулықпен жұмыс




















Кесте№ 1

















Сабақтың соңы


Қорытынды

«Бір минут» әдісі.

Оқушылардың сабақта оқыған материалдан түйінді, басты ақпаратты іріктей білу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы сабақты қортындылайды.

Рефлексия

«Білемін – Білдім- Білгім келеді» әдісін қолдану оқушылардың жетістіктерін сыни бағалауға, өзінің танымдық ойы туралы ойлауын дамытуға және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.









БББ кестесі

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


1-тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілін қолданамын. Кейбір оқушылар жылдам жұмыс жасайды,қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолданылады. Оларға деңгейі жоғары тапсырмалар дайындалады, ал көмекқажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

2-тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілі арқылы оқушылардың қажеттіліктеріне қарай қосымша тапсырмалар жасалады, беріледі. Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкалар дайындалады.

3-тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы кейбір оқушыларға жан-жақты нақты көмек беріледі, оқушыларды ойланту үшін алдын ала дайындалған сұрақтар қойылады.

«Бағдаршам» әдісімен оқушылар өзін-өзі бағалайды.





«Басбармақ » әдісіменоқушылар бір-бірін бағалайды.





«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен топтар бірін-бірі бағалайды




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!