Материалдар / Ашық сабақ : Дизайн. Киімді макеттеу (қағаз, тоқыма материалдар)Костюм құру (мини манекенде немесе қуыршақта) 5-сынып(қыздар)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ : Дизайн. Киімді макеттеу (қағаз, тоқыма материалдар)Костюм құру (мини манекенде немесе қуыршақта) 5-сынып(қыздар)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ : Дизайн. Киімді макеттеу (қағаз, тоқыма материалдар)Костюм құру (мини манекенде немесе қуыршақта) 5-сынып(қыздар)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2022
379
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 11.02.2020ж


Мектеп: «№4 ЖОББМ» КММ

Сынып: 5 а (қыздар)

Мұғалімнің аты-жөні: Мусаева Б.С

Сабақтың тақырыбы

Дизайн. Киімді макеттеу (қағаз, тоқыма материалдар)Костюм құру (мини манекенде немесе қуыршақта)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.5.1 Өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау

5.2.3.2 Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым дайындау

5.2.3.1 Тоқыма бұйымдарын пішу және сыру тігісін қолдану арқылы қол еңбегі құралдарымен , тігін машинасында өңдеу

5.2.6.1 Материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап, қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау

Сабақтың мақсаты

  • Дизайн терминдерін зерттеу;

  • Киім бөлшектерінің өлшемдерін анықтап, шаблон мен лекалоларды орындау

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру: Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. Түгендеу, сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа белсене қатысу мақсатында орындалатын «Көтеріңкі көңіл күй» тренингін өткіземін

- Көңіл - күйлеріңіз қалай ?

Керемет

- Сабаққа дайынсыңдар ма ?

Тамаша

- Ендеше бастайық.

Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін, өткен сабақты қайталауда «сұрақ-жауап» тәсілін пайдаланамын.

Сұрақтарға жауап береді.

Слайд бойынша сабақтың тақырыбын ашып, мақсатын айқындаймын.

Оқушылар оқу мақсатын айқындай отырып мынадай нәтижелерге қол жеткізуі керек:

  • Дизайн терминімен танысады;

  • Киім дизайнының жасалу жолдарын үйренеді









Смайликтер















Слайд

Суреттер


Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ


Дизайн (ағылшын сөзі) – ниет, жоспар, мақсат, сызба, есептеулер, құрылыс, нобай, сурет, ою, композиция, өнер шығармашылығы.

Киім дизайны – адамға ыңғайлы әрі сәнді киімді жобалап, тігу.

Киім дизайнының жасалуы

Модельдеу Құрастыру

(конструкциялауды, киім тігу тәсілдерін жақсы білу қажет)


(киім бөлшектерінің сызба құрылымын

жасау, пішім, лекало дайындау қажет)


Пішім дайындау тәсілдері



Есептік-графикалық Муляжды тәсіл н/е

түйреу тәсілі

(Пішім сызбасына арналған

формулалар мен құрылымдарға

негізделеді)

(Киім макетін жасау )



Есептік – графикалық тәсілмен пішім дайындау:

  • Өлшем алған кезде белді нақты өлшеу үшін белді баумен буып қою қажет.

  • Өлшем дене бітімнің оң жағынан алынады.

  • Өлшем алған кезде өлшем алынатын адам түзу, еркін тұруы қажет.

  • Өлшем сантиметрлік таспамен алынады. Өлшем алған кезде сантиметрлік таспаны қатты тартуға немесе бос ұстауға болмайды.

  • Ұзындық өлшемдері толық жазылады. Ені мен айналым өлшемдері жартылай жазылады, өйткені сызба дене бітімнің бір бөлігіне қойылады.



Бейнежазба: Киім макетін жасау

Топтық жұмыс: Оқушылар сантиметрлік таспа көмегімен бір-бірінің өлшемдерін алады.

Тапсырма: Өз қалаулары бойынша ақ қағаз бетіне киім эскизін түсіру


Слайд
































Бейнежазба


Оқулықпен жұмыс







Сантиметрлік таспа

А4 парағы

Сабақтың соңы


Кері байланыс

Оқушылар бүгінгі алған білімдерін стикерлер көрсету арқылы бағалайды.

Жасыл түс – «өте жақсы»

Көк түс – «жақсы»



Үй тапсырмасы: оқулық бойынша тақырыпты оқу




стикер


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!