Материалдар / Ашық сабақ " Қазақтың ұлттық консерваториясы" 6сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ " Қазақтың ұлттық консерваториясы" 6сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға әдістемелік қомекші ретінде материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2020
383
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық консерваториясы.»

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:  Өнер ордасы туралы түсінік беру. Музыкалық білімін, сауатын жетілдіру. Ырғақты сезіну, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды өнер әлеміне жетелеу әсемдік әлемінің әсерлігін бойына сіңіру.

2.Дамытушылық: Әстетикалық ой- өрісін, сезімін ашу, білімін тереңдету. Ырғақты сезіну, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың шығармашылық белсендігін арттыру.

3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, елжандылыққа, ұйымшылдыққа ,ізденімпаздыққа тәрбиелеу , танымын кеңейту, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, үнтаспа, краточкалар.

Күтілетін нәтиже: Өнер ордасы жайлы толық мағлұматқа беру, әнді үйрену.

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі: Әуенмен амандасу.

2 Психологиялық тренинг: Сұрақтар арқылы.

- Көңіл күйлерің қалай?

- Ән сабағында ән айтқан ұнай ма?

Мұғалім: Мектептің әдемі ғой әр сабағы

Қызық – ау әсіресе ән сабағы.

Апайға ән үйреткен риза болып

Үйді – үйге өлең айтып таласамыз.

3 Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақтағы тақырып бойынша сұрақтар қойылады. 57 беттегі 3 сұрақтарға жауап беру керек.



4 Жаңа тақырып:

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы –  Қазақстан мен шет елдерде қажет білікті мамандарды дайындауды жоғары деңгейде қамтамасыз етіп келе жатқан Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық жоғары оқу орны.  Консерватория – Қазақстандағы алғашқы музыкалық жоғары оқу орны. 1944 жылы 24 шілдеде Қазақ КСР Халық Комиссарларының Кеңесі осы жылдың 1 қазанынан бастап Алматы қаласында Мемлекеттік өнер институтын ашу туралы қаулы қабылдады. Кейіннен ол Мәскеу және Ленинград консерваторияларының үлгісінде Алматы консерваториясы болып өзгертілді.1945 жылы оқу орнына ХІХ ғасырдың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының аты берілді. Ол жылдары консерватория құрамында 5 факультет: тарихи-теория-композиторлық, вокалды, фортепианолық, оркестрлік, дирижерлі-хорлы, ұлт аспаптар бөлімі, сонымен қатар опера студиясы мен қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жасайтын және дайындайтын ғылыми-тәжірибелік шеберхана болды.Бүгінгі күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория екі оқу корпусында орналасқан. Оқу орнының студенттері мен оқытушыларына – кең оқу аудиториялары, 170 орындық Камералық зал, 236 орындық кіші Концерт залы, спорт залы, оқу залы, сынып абонементі қызмет етеді.





5 Музыка тыңдау:

Оқушылар тыңдалған музыкалық шығарма туралы өз ойларын ауызша білдіреді.

6 Музыкалық сауаттылығы: симфония, симфониялық оркестр, балет, увертюра деген музыкалық терминдермен танысу.Оларға қысқаша мағлұмат беру.

Симфония- дегеніміз оркестрге арналған көлемді музыкалық шығарма.Симфонияның екі түрлері болады олар: драма мен роман сияқты аспаптық музыканың көлемді түрі.

Симфониялық оркестр дегеніміз –ішекті, ысқышты,үрлемелі , ұрмалы аспаптарда музыкалық шығармаларды бірігіп орындайтын музыканттардың үлкен тобы.

Балет дегеніміз – музыка , би және драмалық қозғалыс өнерінің жиынтығы.

Увертюра дегеніміз- опера бсаталар алдында орындалатын оркестрге арналған кіріспе.

7 Жаңа ән үйрену: «Ақ көгершін» әні

8 Дауыс жаттығуы: Музыкалық нота белгілерімен баспалдақ арқылы орындау. До- ре ми- фа- соль- ля- си- до.

До -си –ля- соль- фа- ми- ре- до.

9 « Ақ көгершін» әнін тыңдап, әннің сөздерін бір ырғақпен орындау, содан кейін хормен орындау.

10 Сабақты қорытыңдылау. Нені білдік?, Нені есімізге сақтаймыз?, Кестені толтыру арқылы барлығын қорытындылау. Нені үйрендік? Суреттер арқылы сабақтан алған әсерлерін , өз ойларын сурет арқылы немесе ауызша білдіру.

11 Үйге тапсырма: 1 Құрманғазы атындағы Қазақтың ұлттық консерваториясы туралы 58-60 бет оқып мазмұнын айту.

2 «Ақ көгершін» әннің сөзін жаттап келу.

3 «Өнер ордасы» тақырыбына басқа ақпараттардан қосымша мәлеметтер алып сыныптастарымен бөлісу.

12 Бағалау кезеңі.













































Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

2 Аманқарағай орта мектебі» ММ







Ашық сабақ

Музыка пәні

6 «А»сыныбы

Тақырыбы: «Өнер ордасы»





2015-2016 оқу жылы

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!