|
Білім беру
ұйымының атауы
|
Т.
Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия
|
|
|
Пәні:
|
Әдебиеттік
оқу. Алматы кітап
|
|
|
Бөлім:
|
Саяхат
|
|
|
Педагогтің
аты-жөні:
|
Кененбаева
А.
|
|
|
Күні:
|
10.05.2024
|
|
|
Сынып: 2
«А»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
|
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
№95 сабақ. Саяхаттағы сабақ. Көмірдің
кереметтері
|
|
|
Оқу
бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
2.2.2.1-мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау
сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба
білу
2.3.1.1-мұғалім көмегімен оқылған шығарманы
бөліктерге бөліп,жоспар құру
|
|
|
Сабақтың
мақсаты
|
Мәтін мазмұнына сай
қарапайым әрі
нақтылау сұрақтарын қойып, жауабын мәтіннен табады. Берілген тұжырымдарды болжайды.
Оқушылар кішігірім топтық іс-әрекетті жоспарлап, ұйымдастыра алады.
Оқушылар көмірдің пайдасы мен
қасиетін біліп, табиғат байлығын қорғау керектігін
түсінеді.
|
|
|
Сабақтың
барысы
|
|
|
Сабақтың
кезеңдері
|
Педагогтің
әрекеті
|
Оқушының
әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
|
Сабақтың
басы
10
мин
|
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
қалыптастыру
Оқушылардың назарын сабаққа
аудару
Біз
бақытты баламыз,
Құстай
қанат қағамыз.
Дүние
жүзін аралап,
Оқып білім
аламыз.
Үйге
тапсырма
Шоқан туралы қосымша ақпарат іздеу.
|
Оқушылар
назарын сабаққа аудару
Үй
тапсырмасын
оқиды
|
ҚБ: 1-10
балл
Дескриптор:
Шоқан
туралы ақпарат айтады-1б
|
Суреттер
|
|
|
Сабақтың
ортасы
25мин
|
Тақырыпты ашу
«Ұстап көр» әдісі арқылы жасырылған
заттарды табу.
Жаңа
сабақ:
1-тапсырма
«Оқу мен жазуға даярлық» әдісі
Оқушылар
кестеге зейін салып қарайды. Өздерінің білетін заттарын
белгілейді.
|
Кестемен
жұмыс жасайды
|
Дескриптор:
Кестедегі
тұжырымдарды белгілейді -1б.
|
Кесте
|
|
|
|
2-тапсырма
«Түсініп оқы» әдісі
Балалар
«Көмірдің кереметтері» мәтінін жеке және топпен оқиды. Түсінгеніңді өз сөзіңмен айтып
бер.
|
Мәтінмен жұмыс
|
Дескриптор:
Түсініп
оқиды-1б
Мазмұнын
айтады-1б
|
Оқулық
|
|
|
|
3-тапсырма
«Сөздік жұмысы» айдары
Күмілжу –
қипақтап,кібіріктеп сөйлеу
кокстеу – көмірді
өңдеу
|
Сөздікпен жұмыс
|
Дескриптор:
Сауатты,қатесіз жазады-1б
|
Оқулық
|
|
|
|
Сергіту
сәті
|
Екі қолмен жұмыс
жасайды
|
|
Көмір
суреттері
|
|
|
|
4-тапсырма
«Көмірлі су» сұрақтары
1.Ербол
қайда бара жатты?
2.Ерболдың
атасының есімі?
3.Көмірді
қазатын адам
4.Шерхан Мұртаза
кім?
|
Сұрақтарға жауап
береді
|
Дескриптор:
Сұрақтарға
жауап береді-1б
|
Көмірлі
құты
|
|
|
|
5-тапсырма
«Тауып
көр» айдары
Топтық
жұмыс
I
топ
Көмірді
сипатта.Көмірдің иісі,түсі,салмағын сипаттап
жазады.
II
топ
Мақалды
толықтыр.Мақалда қалып кеткен сөздерді
толықтырады.
ІІІ
топ
Жұмбақты
тап.Жұмбақ жауабын сурет арқылы табады.
|
Әр топқа берілген плакаттармен жұмыс
жасайды
|
Дескриптор:
Берілген
тапсырмаларды орындайды-1б
|
Плакат
|
|
|
|
6-тапсырма
«Қорытындыла» айдары
Әңгіме
мазмұнынан өзің үшін қандай жаңа ақпарат алдың ?
Кестеге
сүйенеді.
Көмір
сөзінің бастапқы әріптеріне қандай сөздер құрар
едің?
|
Сұраққа жауап береді
|
Дескриптор:
Сұраққа
жауап береді-1б
Бастапқы
әріпке сөз құрайды-1б
|
Кесте
|
|
|
Сабақтың соңы
10 мин
|
Үй
тапсырмасы
Мәтіннен көмірден жасалатын заттар туралы не
білдің?
Кері байланыс

|
Үй
тапсырмасын алады
Кері
байланыс жасайды
|
Дескриптор:
Көмірден
жасалатын заттар туралы біліп келеді-1б
«Білім
ағашы»
әдісі
|
Кері байланыс парақ-тары
|
|