Материалдар / Ашық сабақ : Тұрлаусыз мүшелер 3 сынып Қазақ тілі

Ашық сабақ : Тұрлаусыз мүшелер 3 сынып Қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне, жас мамандарға көмекші құрал ретінде пайдалануға бола
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2021
492
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:

Жагипарова Карагоз Аскербековна

Пәні: Қазақ тілі

Күні

Сыныбы: 3 «А»

Сабақтың

тақырыбы

Тұрлаусыз мүшелер.

Сілтеме

Қазақ тілі. 3 сынып оқулығы.Алматы. «Атамұра» 2014

Г.И. Уайсова, Р.С. Әміров, Ә.Е. Жұмабаева

Мақсаты


«Тұрлаусыз мүшелер» тақырыбы бойынша алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру. Оқушылардың тұрлаусыз мүшелердің өзіндік белгілері мен анықтамасы туралы алған білімін тиянақтау.

Міндеттер:

1. «Сөйлем мүшелері», «Тұрлаулы мүшелер» тақырыптары бойынша өткен материалдарды еске түсіреді.
2. Теориялық білімді практикада қолданады.
3. Бірлесіп жұмыс істейді. Ой қорытындысын жасауға дағдыланады.

Күтілетін

нәтижелер


Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, « Жоба қорғау технологиясы», ойтолғаныс, «Ыстық орындық» стратегиясы, БЛУМ таксономиясы, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.

Керекті жабдықтар


Оқулық, А;В,С деңгейдегі тапсырмалар, кеспеқағаздар, ватман, стикер, маркер т.б.

Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері

Уа-

қыт

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Ұйымдас-

тыру




3мин

















5 мин

Шаттық шеңбер

«Менің есімім» атты тренингін өткізу.

Топқа бөлу: есімдерінің алғашқы әріптері бойынша топтарға бөліну.

«А» әрпі тобы – Айжан, Аделя, Арслан, Айдана, Аружан, Алишер.

«Б,Е, М,І» әріптер тобы: Берикбол, Бекжан, Ернұр, Ерасыл, Мухаммедәли, Іңкәр

«Д» әрпі тобы: Даир, Даяна, Дина, Диляра, Думан

«Н,С,Т» әріптер тобы:Назерке, Назира, Нұрсұлтан, Саят, Таир


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, «Ыстық орындық» ойыны ойналады. (5 минут)





Оқушылар өз есімдерінің алғашқы әріптерінен басталатын бойындағы қасиетті атап, топтарға бөлінеді.

Мысалы: Менің атым Айжан мен ажарлымын, Мен Даир-дарындымын.







Оқушылар «Ыстық орындыққа» отырған оқушыға сұрақтар қояды.


Тұсаукесер





3 мин

«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. «Тұрлаулы мен Тұрлаусыз» ертегісін оқып береді.
-Олай болса, бүгін біз «Тұрлаусыз мүшелер» тақырыбымен тереңірек танысамыз.

Оқушылар ертегіне тыңдай отырып, сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды. Дәптерлеріне күн реті мен тақырыпты жазады.

Түсіну





5 мин


Мақсаты:Оқушылардың

Өздігінен жұмыс істеуін қадағалау.

«Мағынаны тану»

1.Оқулықпен жұмыс

80-беттегі 72 -жаттығуды тақта алдында орындату.

Оқушылар кезекпен тақта алдында 72 –жаттығудағы берілген сөйлемдерді жазып, сөйлем мүшесіне талдайды. Қалған оқушылар орнында орындайды.

Қолдану



5 мин









Карточкамен жұмыс

Мақсаты:

Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.

А, В, С деңгейде тапсырма беріледі.



А деңгейі:

«Мен тұрлаусыз мүшемін» эссе жазу.

В деңгейі:

Сөйлемдерді тұрлаусыз мүшелермен толықтырып жазу.

С деңгейі:

Сәйкестендіру:

Тұрлаулы

Тұрлаусыз

Сергіту сәті




2 мин

«Кірпілер биі» бейнеролик қою


Оқушыларға сергіту сәтін жасату.

Оқушылар бейнеролик арқылы қимыл-қозғалысты орнында жасайды.

Талдау





8 мин

Мақсаты: Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау.

Постер жасату

1-топ: Венн диаграммасын толтырады.

2-топ: Сызба құрастыру

3-топ: Берілген сызба бойынша сөйлем құрастыру.
4-топ: Семантикалық карта толтыру


Оқушылар берілген тапсырмаларды топта талдайды, постерге түсіреді, ортаға шығып, қорғайды.

Жинақтау




5 мин

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, бағалау.

«Сөйлем мүшелері» тест

Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды

Қорытын

ды

Рефлексия

6 мин

Рефлексия:

«Бүгінгі сабақта мен ...»

Сабаққа рефлексия жасайды, өз ойларын айтады.

Үйге тапсырма

1мин

Оқулықтағы 75, 77 жаттығулар, ережелерді қайталау.

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Мұғалім қорытынды бағаны тест нәтижесі бойынша қояды.

Оқушылар жауап кілті арқылы топтағы көршілестерін тексеріп, бағалау шәкілі бойынша бағалайды.

Егер қатесіз болса,

0-қате -«5»;

1-2 қате – «4»

3 қате -«3» қойылады.



Тест

1. Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлем қайсы?
а) Дана ойнады
ә) Күз
б) Сара үйді жинады
в) Күн суық

2. Бастауыштың сұрақтарын тап:
а) не істеді? не қылды?
ә) қандай? қай?
б) кім? не? кімдер? нелер?
в) қанша? неше?

3. Тұрлаусыз мүшелер:
а) толықтауыш
ә) пысықтауыш, баяндауыш

б) анықтауыш
в) анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш

4.Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

а) 5
ә) 2
б) 3
в) 4

5. Сөйлемде айтылған ойдың иесі болатын мүше:
а) Баяндауыш
ә) пысықтауыш
б) анықтауыш
в) бастауыш

6. Сөйлемде негізгі ойды білдіреді:

а) Тұрлаусыз мүшелер
ә) тұрлаулы мүшелер
б) анықтауыш
в) толықтауыш

7. Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін не қойылады?

а) нүкте
ә) үтір
б) сызықша
в) қос нүкте

8. Сөйлемде тұрлаулы мүшелерді анықтап, толықтырып, пысықтап тұратын мүшелер:

а) тұрлаулы
ә) тұрлаусыз
б) бастауыш
в) баяндауыш

9. Баяндауышты анықтайтын сұрақтар:

а) не істеді? Неғылды? Қайтті?
ә) Қандай? Қай?
б) Кіммен? Немен?
в) Кім? Кімдер? Не? Нелер?

10. Толықтауыштың асты қалай сызылады?

а) түзу бір сызықпен
ә) ирек сызықпен
б) екі түзу сызықпен
в) үзік сызықпен

Карточкамен жұмыс:


Сөйлемдерді тұрлаусыз мүшелермен толықтырып жаз.


Жаңбыр басылды. Күн суытты. Оқушылар қатысты.


Карточкамен жұмыс:


Сәйкестендіру:


Мектепте шахматтан сайыс болды.


Тұрлаулы: Әлия бояумен сурет салды.


Жандос – күйші.


Тұрлаусыз Көшеде машина өте көп.


Дәрігер емдеді.

Ертеде «Тұрлаулы және Тұрлаусыз»

Ертеде Тұрлаулы және Тұрлаусыз деп аталатын екі адам болыпты. Олар бір - бірімен қас екен. Бірде сөйлем мүшелерінің басты мүшесін тағайындауға жиналыс болып, Тұрлаулы ұшаққа билет сатып алыпты. Тұрлаусыз да жиналысқа аттанады. Бірақ жолда ұшақ бұзылып, жерге қонады. Тұрлаулыға жиналысқа жаяу баруға тура келеді. Тұрлаулы жолда көп қиындық көреді. Ол бір ағаштың тасасына отырып, ұйықтап кетеді. Осы кезде басына жаңғақ түсіп оянады. Қараса, тал үстінде бір адам отыр. Ол Тұрлаулыға күліп қарап, жерге түседі. Олар танысады. Ол Бастауыш екен. Ол да жиналысқа бара жатырғандықтан, екеуі бірге жол жүреді. Жолда олар Баяндауышты көреді. Екі серігіне сеніп, Тұрлаулы саяхатын жалғастырады. Сөйтіп олар жиналысқа жетеді. Жиналыс ғимаратында олар Толықтауыш, Пысықтауыш, Анықтауыш деген үш серігі бар Тұрлаусызды көреді. Шаршап, ашыққан Тұрлаулы мен серіктерін көрген Тұрлаусыз күліп: «Біз жеңеміз себебі, көппіз әрі мықтымыз,» - депті. Бірақ Тұрлаулы серіктеріне сенеді. Олар жиналысқа кіреді. Жиналыста Тұрлаулылар сенімділігімен, тапқырлығымен, ұтқырлығымен жеңіске жетеді. Ал, Тұрлаусыз жеңіліп, Тұрлаулының көлеңкесінде жүреді. Осылайша, басты мүше - Тұрлаулы, оның оң қолы - Баяндауыш, сол қолы - Бастауыш болып сайланады.

Семантикалық карта

Сөздер

Тұрлаулы

Тұрлаусыз


Бастауыш

Баяндауыш

Анықтауыш

Толықтауыш

пысықтауыш


қызық







оқушыларда






Жүгірді







Балапан







Күз







Кітаптың







Анамнан







Еліміз үшін







Жылдам








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ