Материалдар / Ашық сабақ "Ә дыбысы мен әрпі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Ә дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әліппе "Ә дыбысы мен әрпі" 1 сыныпқа арналған ашық сабақ 472 бұйрықпен жасалған ҚМЖ 1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара қимыл арқылы жеткізу; 1.2.1.2 оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану; 1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2022
203
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Мұғалімнің аты-жөні:

Сарқытқызы Назым

Күні:

23.11.2022

Сыныбы: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ә дыбысы мен әрпі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара қимыл арқылы жеткізу;

1.2.1.2 оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;

1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу.

Сабақтың мақсаты:

  • Барлық оқушылар: Әріпті біледі, жаза алады, оқи алады.

  • Оқушылардың басым бөлігі: Әріптерді таниды және ажыратады. Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.

  • Кейбір оқушылар:Мәтінді оқи алады, өз ойын еркін жеткізе алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

«Көрші» әдісі

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі сабақ барысы

Біз үлкен отбасы.

Топқа бөлу.

Сары, қызыл, көк түсті білезіктер арқылы 3 топқа бөлу.

1-топ: Әлидің достары

2-топ: Әжесінің ақылдылары

3-топ: Әкесінің балалары

Үй жұмысын сұрау.

Балалар өткен сабақта қандай дыбыспен танысып едік?

Ж дыбысы қандай дыбыс?

Ж дыбысы сөздің қай буынында кездеседі?

Ж дыбысы кездесетін сөздер ойлайық?

Жарыс, жастық, жауын (дыбыстық талдау) Ереже: Ж дыбысы дауыссыз дыбыс.

Жж дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі.

Миға шабуыл.

Әнде бар,

Күйде жоқ.

Пәтерде бар,

Үйде жоқ.

  • Бұл қай әріп?

  • Дұрыс айтасыңдар, «Ә» әріпі

  • Ә дыбысы қандай дыбыс?

  • Ә дыбысы – дауысты, жіңішке дыбыс.

  • Жарайсыңдар, балалар!

Оқулық, білезіктер

Сабақтың ортасы

(30 мин)

5 мин.

«Кім шапшаң?» ойыны

  • Мен сөздерді айтып тұрамын, ал сендер, сөз ішінде «Ә» дыбысын естіген бетте, алақанды шапалақтайсыңдар.

1-топ: Әлидің достары

Әділет, адам, дәрі, доп, әтеш, ине, сәби, Дина, әже, сәбіз, дәрігер, балта, жәшік

2-топ: Әжесінің ақылдылары

Әтір, ойын, асық, әнші, әңгіме, дәптер, сәттілік, мысық, әдемі, әліппе, тәулік, алма, табиғат

3-топ: Әкесінің балалары

Жастық, әртіс, керік, доп, әлем, әріп, сән, дәмді, әдепті, әткеншек, сәуір, тәтті, қызанақ

-Тамаша!

Оқушылар берілген сөздердің ішінен «Ә» дыбысын табады.

Дескриптор: - Дыбыстарды ажырата алады.


Мұғалім оқушыларды смайликтер арқылы бағалайды.


Смайликтер

5 мин.

Оқулықпен жұмыс.

Оқылым

ән әже кәрі сәуір

дән әке дәрі дәуір

  1. Мұғалімнің оқуы

  2. Хормен оқу

  3. Тізбектей оқу

  4. Іштей оқу

Оқушылар бағандағы сөздерді оқиды

Дескриптор:

- Оқылым дағдыларын жетілдіре алады.

Қолпаштау сөздері арқылы бағалау.






Оқулық


3 мин.

Топтық жұмыс. Әр топ өздеріне берілген сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

1топ: Әнші

2топ: Дәрі

3топ: Сәуір

Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Дескриптор:

- Сөздерге дыбыстық талдау жасай алады.

Бас бармақ арқылы басқа топтарды бағалайды.




Оқулық, бас бармақ суреттері

5 мин

«Ойлы болсаң озып көр»

Мәтінді түсініп оқы:

Әнұран

Әнұран – рәміз. Ол жарыстарда шырқалады. Мақтаныш сезіммен орындалады.

Әнұранды оқушылар жатқа білу керек.

Сұрақтар:

  • Әнұран дегеніміз не?

  • Ол қайда шырқалады?

  • Әнұран қандай сезіммен орындалады?

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

- Сұрақтарға жауап бере алады.

Мұғалім оқушыларды жұлдызшалар арқылы бағалайды.

Суреттер, жұлдызшалар

Shape2

3 мин.

Артикуляциялық жаттығу

«Ә» дыбысының айтылуымен жұмыс жасау

(практикалық-хормен, жеке айтқызамын)

Еш кедергісіз жіңішке, созылып айтылып тұр. Ауыз сәл қысыңқы ашылып, иек төмен түсіп, тіл төмен тусу арқылы жасалғандығына назар аударады. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады.

Оқушылар «Ә» дыбысының айтылуымен танысады.

Дескриптор:

- Әріпті дұрыс әрі анық айта алады.

Қолпаштау сөздері арқылы бағалау.









Оқулық


Сергіту сәті

2 мин.

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Оқушылар жаттығу жасайды.


Музыка


5 мин.

Дәптермен жұмыс: «Ә» дыбысы мен әрпінің элементтерін ауада, дәптерге жазу.

Дәптерімізді ашайық.

Қолға қалам алайық,

Жазуымызды әдемі,

Маржандай қылып жазайық.

Оқушылар «Ә» әріпін дәтерге жазады.

Дескриптор: - Сауатты жаза білуге үйренеді.

Мұғалім оқушыларды жұлдызшалар арқылы бағалайды.

Суреттер, жұлдызшалар

Shape3


2 мин.

Сөз тіркесін құра

Әдемі қыз

Дәмді ...

Тәтті ...

Кәрі ...

Сөз тіркесін құрайды.

Дескриптор:

- Сөз тіркесін дұрыс құрай алады.

Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқулық, суреттер

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

3 мин.



Үйге  тапсырма:  Бағандағы  сөздерді оқып келу, «Менің әжем» тақырыбына  әңгіме  құрастыру.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көріне

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!