Материалдар / Ашық сабақ "Адамның тірі табиғаттағы орны" 11 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Адамның тірі табиғаттағы орны" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәні мұғаліміне сабақта қолдануға арналған 11 сыныптың бағдарламасына сәйкес жасалған "Адамның тірі табиғаттағы орны" сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2018
863
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып: 11Пән: БиологияТақырып: Адамның тірі табиғаттағы орныОқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары: 1. Білімділік мақсат: Адамның тірі табиғаттағы орны туралы түсінік беру. Homo sapiens-түрінің жануарлар дүниесіндегі жүйелік орны, адамның жануарлар дүниесінің түрлі жүйелік топтарына жататынын айқындайтын белгілері мен қасиеттері жайлы ақпарат беру2. Дамытушылық мақсат: Оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып, ойлау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту. Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қосымша ақпарат көздерімен жұмыс жасауға машықтандыру.3. Тәрбиелік мақсат: Оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын, арттыра отырып, ізденуге және ойлауға үйрету. Эволюцияның күрделі процесс екенін түсіндіре отырып, қоршаған айналаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу; қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулуПәнаралық байланыс: тарих, географияҚұрал жабдықтар, көрнекі көрсетулер: оқулық, MaindMap картасы, АКТ, Prezi.comӘдіс тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау, зерттеушілікСабақ түрі: аралас сипаттаСабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:«Жағымды энергия» Оқушылар шеңберге тұрып осы сабаққа бір-бірімен жағымды энергиясымен бөліседі және берілген суреттер бойынша топқа бөлінеді

ІІ. Оқушылардың білімін тексеруBILIM Land интернет ресурсы арқылы жаттығулар мен тест жұмысын жүргіземінbilimland.kz/kk/content/structure/1669-biologiya_kk#lesson=12860

ІІІ. Жаңа ақпаратты оқып білуПроблемалық сұрақАдам – эволюцияның ең жоғары сатысы ма, әлде тек қана жоғары дамыған жануар ма?

Prezi.com презентациясы арқылы жаңа ақпаратты талдау, түсінуМәтінмен жұмыс (мәтінде кездескен жаңа ұғымдарды стикерлерге жазып отыру)1. Антропогенез бен антропологияның айырмашылығы2. Кестені талдау, салыстыру «Жануарларды жіктеудегі жүйелік топтарға тән адамның ұқсас белгілері»
Жүйелік топтарАдам организміндегі ұқсас белгілер
1. Хордалылар (желілілер) типіҰрығының дамуында хордасы (желінің), жүйке түтігінің, жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылауларының болуы
2. Омыртқалылар (бассүйектілер) тип тпрмағыДенесінің арқа жағында ұзына бойы орналасқан көптеген омыртқалар тізбегінен тұратын омыртқа жотасының болуы.. Миының 5 бөлімнен (алдыңғы, аралық, ортаңғы, сопакша ми, мишық) тұруы; екі жұп (алдыңғы және артқы) аяқтарының болуы; жүрегінің денесінің құрсақ жағында орналасуы
3. Сүтқоректілер класыДенесінде түгі бар, сүт бездері болады, ұрпағын тірі туып, сүтпен асырайды. Терісінде көптеген тер бездері болады. Кеуде қуысы мен құрсақ қуысын кокет (диафрагма) бөліп тұрады. Сүт тістері мен тұрақты тістері жеке топтарға (күрек, сойдақ, кіші, үлкен азу тістер) жіктелген. Мойын омыртқасы жетеу, ортаңғы кұлақ куысында үш есту сүйектері (тос, балғашық, үзеңгі) бар. Денесінде калдық мүшелер сақталған.
4. Нағыз аңдар класс тармағыЕтті еріндерінің болуы; ұрпағын тірі туып сүтпен асырауы; сүт бездерінің ұшында ұрпағы еметін емшектің болуы және т,б
5Ұрықжолдастылар инфракласы: Ұрығы аналығының, арнайы мүшесі - жатырда дамиды. Жатыр мен ұрықтың арасында ұрықжолдасы (плацента) түзіледі, онымен ұрық қоректенеді.
6Маймылдар отряды (приматтар)Кеуде тұсында бір жұп сүт бездерінің болуы; бес саусақты қармалағыш саусақтарының ұшындағы тырнақтарының болуы және олар үшкір емес - жалпақ. Басбармақтарының басқа саусақтарына қарама-қарсы орналасуы; Бір ғана ұрпақ береді, еттеккір кезеңінің ұқсас болуы, жүктілік мерзімінің 9 айға дейін созылуы.
7Жоғары сатыдағы маймылдар отряд тармағыКөпшілік түрлерінде құйрығының болмауы; миының мөлшерінің төменгі сатыдағы маймылдардан едәуір үлкен болуы; қан топтары мен қан құрамындағы резус факторлардың ұқсас болуы
8Тар танаулы маймылдар инфраотрядыМұрын қуысының перде арқылы тар қуыстарға бөлінуі;танау тесіктерінің бір-біріне жақын әрі төмен қарай орналасуы, миының жақсы дамуы
9. Адамтектес маймылдар тұқымдас үстіТұлғасының ірі болуы, ұртының жақсы дамуы; шонданайында сүйелді түзілістің болуы; құлақ қалқанының ұқсастығы, көптеген ішкі мүшелерінің ұқсас болуы, қалдық мүшелердің сақталуы; иммундық қасиеттерінің ұқсастығы; көптеген жұқпалы аурулардың таралуының ұқсас болуы.
10Адам тұқымдасыЕкі аяғымен тік жүріп тіршілік етуі, аяқ-қол бұлшық еттерінің жақсы дамуы, бас бармақтарының өте күшті дамуы; омыртқа жотасында 4 иілімінің пайда болуы; бас сүйегінде ми сауыты бөлімінен едәуір үлкен болуы. Еңбек құралдарын жасауға қолының икем болуы, қоғамдық еңбек етуіне байланысты санасының жетілуі, сөз арқылы қарым-қатынас жасауы
11. Түрі: саналы адамСана сезімнің жоғары дамуы; зат алмасу жоғарғы сатыда жүреді; шығармашылыққа бейім
3. Адамның шығу тегі туралы көзқарастар«Сәйкестігін анықта»
р/сҒалымдардың аты-жөніПікірлері мен көзқарастары
1.К.Линней (1735)Адамдарды сүтқоректілер класына, приматтар отрядына, саналы адам түріне жатқызды. «Табиғат жүйесі» атты еңбек жазды.
2.Ж.Б.Ламарк (1810)Адам адамтектес маймылдардан шыққан, адам мен маймыл арасында өтпелі форма болуы мүмкін деген.
3.Ч.Дарвин (1871)Адамның дамуындағы әлеуметтік фактордың рөлі, “Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” атты еңбекті жазды




4. Адам мен жануарларда болатын ортақ белгілер. Кестемен жұмысРудиментті (лат. rudimentum – арғы тегінен қалған қалдық белгілер) мүшелерАтавизмді (лат. atavus – арғы тегін қайталау) мүшелерКестемен жұмыс «Дұрысын белгіле»
Денедегі белгілерРудиментАтавизм
1Құлақ маңындағы бұлшықет



2Денедегі қалың түк



3Көп емшектілік



4Терідегі түктер



5Соқырішек



6Құйрықты адам



5. Адам мен жануарлар ұрықтарының дамуындағы ұқсас белгілер6. Биологиялық түр ретінде адамның өзіне тән қасиеттері7. Саналы адам түрінің популяциялық құрылымы

IV. Сергіту сәтіКөз жаттығулары(Бейтс теориясы негізінде В.Г. Ждановтың ұсынған көз жаттығуы)

V. Алған білімді жүйелеу
  • Неге адамды бөлек патшалыққа жатқызбайды?
  • Неге қазір тіршілік ететін маймылдар адамға айналмайды?
  • Адамның жануарлардан айырмашылығының алғышарты ретінде тек қана тік жүруді айтуға бола ма?


VI. Өзге тілдің бәрін білАдам – Human – Человек Маймыл monkey – обезьяна Мүше – organ – орган Жасуша cell – клетка Сана mind – разум VII. MaindMap картасымен жұмыс. Жоба VIII. РефлексияҚанатты сөздер жазылған қағаздарды таңдау

«Ақылыңа азықты көп беруге тырыс»Л.Н. Толстой«Қалай жасау керектігін білсең бәрі де оңай»Шыңғыс хан«Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді»Фуллер Тори Эдвин

ІХ. БағалауХ. Үйге тапсырма беру: §42 сұрақтар мен тапсырмалар, кесте толтыру, «қалдық мүшелерге» мысал жазып келу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!