Материалдар / Ашық сабақ "Әлем халықтарының тағамдары " 7 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Әлем халықтарының тағамдары " 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Әлем халықтарының тағамдары " 7 сынып Әлем халықтарының ,ұлттық тағамдарының әзірлену технологиясымен және тарихымен, дастархан басындағы мәдениетімен танысу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Шілде 2022
618
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар


Бөлім:

Тамақтану мәдениеті

Педагогтің аты-жөні:

Спанова Лазат Кодасовна

Күні:

13.04.2022

Сыныбы:7А

Қатысушылар саны: 10 Қатыспағандар саны:3

Сабақтың тақырыбы:

Әлем халықтарының тағамдары.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.4.2-Әлем халықтары мен ұлттық тағамдардың жасалу технологияларын зерделеу және қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Әлем халықтарының ,ұлттық тағамдарының әзірлену технологиясымен және тарихымен, дастархан басындағы мәдениетімен танысу.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Оқулық, дәптерлері


Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.




1.Балалар қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?

2.Қазақтың қандай ұлттық сусындарын білеміз?

3.Қымыз бен Шұбаттың айырмашылығы неде?

4.Наурыз көжені әсіресе қай айда көп ішеміз?

5.Қойдың басын кімге береді?

Ірімшік пен құрттың ортақ шикізаты не?

6.Әлем халықтарының ұлттық тағамдарын білемізбе?


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.



Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.






«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.


Суреттер.












Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

3 3 мин.

9мин

1-тапсырма:

Ұлттық тағамдардың тарихымен құрамын анықтаңыздар.

1 топ Наурыз көже

2 топ. Суши, пицца

Берілген тапсырмаларға анықтама және сипаттама береді

Топ аралық бағалау.

Критерилер бойынша.

1.Тарихымен таныстырды

2.Құрамына сипаттама берді


Суреттер

Критерий

карточкасы


9 мин

2-тапсырма:

Әлем халықтарының дастархан басындағы мәдениетіне түсініктеме беріңіздер

1 топ Қазақ,Қытай

2топ.Түркімен,

Өзбек

«Әлем халықтарының дастархан басындағы мәдениетіне

анықтама береді

Топ аралық бағалау.

Критерилер бойынша.

Халқының дастархан басындағы мәдениетімен таныстырды.

Видео көрсетілім «Тамақтану әдебі»


Критерий

карточкасы

1 5мин

3-тапсырма:

Бір ұлт тағамын таңдап, дайындалуын суреттеп айтыңыздар.

1 топ Италия асханасы «Италия пастасы,спагетти»

2 топ. Грузия асханасы «Хинкали»

«Постер» әдісі

Дайындалуына анықтама береді

Топ аралық бағалау.

Критерилер бойынша.

Постер.

1.Суреті жақсы көркем салынған.

2.Ұлттық тағамның тақырыбын ашып анықтама берді.


Суреттер


Критерий

карточкасы

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

4 мин.


Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


«Еркін микрофон» әдісі.



Рисунок 23




- әлемнің түрлі халықтардың тағамдарымен танысу;

- бір елдің ұлттық тағамын тәуелсіз зерттеу;

- практикалық жұмыс орындау.

Қандай атақты тағамдарды сіздер білесіздер?

-Осы тағамдар дайындау үшін пайдаланылатын азық- түліктерін атаңыздар?

-Сіздің үйлеріңізде қандай тағамдар жие жасалынады?

Қазақтың дастарқанға отыру мен тамақтану мәдениеті

Қазақ халқы дастарқан мен дәм-тұзды ерекше қастерлеп, қадірлейді. Дастарқан мен нанды және тұзды «киелі » деген. Дастарқанды құт-береке, бақыт-байлық, ырыс-ынтымақтың ұйытқысы, нанды адам арқауы, тіршілігінің тірегі деп қарап, қандай жерде азықтанса да, ең алдымен, «бісміллә» деп дастарқан жайып барып азықтанады.


Әдетте, әрбір отбасы асқа отырар алдында қол жуады.

Онан соң дастарқан жайып, отбасы мүшелері түгел жиналып, жас мөлшеріне қарай төрден бастап дастарқанды айнала отырып тамақтанады.

Шайды сол үйдің әйелі, қызы немесе келіні құйып беріп отырады.

Қонақ келсе, оған жасы мен жолына қарай төрден немесе өзіне лайықты жерден орын береді.

Қазақ халқы дастарқан тәрбиесіне ерекше мән берген.

Асқа отырғанда әркім өзінің жасына, жолына қарай лайықты жерде малдас құрып отырған.

Басқалардың алдында тағамға озбырланып қол созбау, тамақты олай-бұлай араластырмау, дастарқан үстінде шаш тарап, айнаға қарамау, тамақты ағызып-тамызып, төгіп-шашпау қажет.

Нанды екі қолмен үзу.

Ас үстіне келген адамдарға дәм татқызып, үлкен кісілер келсе тұрып орын беру, елдің ас-тағамына мән, сын тақпау, басқалар тамақ ішіп жатқанда «болдым» деп орнынан тұрып жүріп кетпеу, жата қалмау, теріс қарап отырмау, дастарқанға бата жасалған соң тұру сияқты жөн-жоралғылары бар.


































Суши тарихы.

Суши Жапонияның ұлттық тағамы.

Бірінші күріш сушиі 17-ші ғасырда Жапонияда дайындала бастады. Олар құрамында қайнатылған күріш, теңіз өнімдері мен көкөністерден тұрды. Содан бері күріш сушидің ажырамас бөлігі болды. Содан кейін күріш сірке суы келді. Оның аспаздары күрішке түрлі дәмдеуіштермен қоса қосылып, ашыту процесін болдырмады. Суши дайындаудың уақыты едәуір төмендеді.

XIX ғасырдағы Токиода шеф-аспаз Йоэи Ханай балық аулауды тоқтатпауға толық шешім қабылдады... Осака ауданының атымен аталған бірінші суши «Кансай» деп аталды. Суши екінші «Эдо» деп аталды. Ол 1868 жылға дейін «Токио» деп аталды.

Суши 1980-жылдардың басынан бастап бүкіл әлемде танымал болды. Біздің елімізде бүгінгі күні бұл тағамды көптеген адамдар жақсы көреді және жейді. Олардың керемет дәмі мен өте нәзік құрылымы бар.

Жапония тағамдарында балық және күріш дәстүрлі түрде қолданылады. Бұл өнімдер сушидің негізгі ингредиенттері болып табылады. Сушидің негізгі ерекшелігі – өнімнің өзіндік дәмін және сыртқы түрін сақтау.

Суши көбінесе пирстер, тунца, лосось және скумбриядан дайындалады. Жапондықтар шикі балықты емдеу, денсаулықты нығайту және тіпті өмірін ұзарта алатынына сенімді.

Сушидің пайдалы қасиеттері

Сушидің пайдалы қасиеттері дайын өнімнің құрамында көптеген витаминдер мен микроэлементтер, омега-3 май қышқылдары мен белоктар бар. Суши термиялық өңдеуге ұшырамаған өте маңызды, ол витаминдер мен микроэлементтердің пайдалы әсерлерін едәуір азайтады. Суши жүректің жақсаруына, ақыл-ой белсенділігін арттырады.

Суши анестептиктік қасиеттері бар васаби соусымен жиі жейді. Күріш құрамында талшық бар, ол жақсы асқорытуды қажет етеді.

Сушимен тамақтану салмақты жоғалтуға көмектеседі.

Сондай-ақ, бұл тағам депрессиямен күресуге көмектеседі.Сушидің бұл әсері балықта қамтылған майлы омега-3 қышқылдарына негізделген.




Пицца тарихы

Пицца Италияның ұлттық тағамы. Ашыған қамырдан дайындалатын, ашық бетіне күрделі салма салынған таба нан немесе пирог. Қамырға ашытқы көбірек салынады (1 кг ұнға 60 г ашытқы). Салма ретінде шұжық, жіңішке шұжық, саңырауқұлақ, зәйтүн, қызанақ, тәтті бұрыш және т.б. қолданылады. Көптеген түрлерінде салмаға ысқыланған қатты ірімшік қолданылады.

Пиццаның прототиптері (алғашқы нұсқалары) көне гректер мен римдіктерде болған. Ол кейбір астардың нан үзінділеріне салынған күйінде дастарханға қойылған. Қызанақтардың Еуропаға әкелінуімен байланысты 1522 жылы Неапольде итальяндық пицца үлгісі қалыптасты. XVII ғасырда пицца даярлайтын арнайы адамдар («pizzaiolo», «пиццайоло») пайда болды.


Маргарита пиццасы

Пиццаны дайындау екі түрлі әдіспен жүргізіледі. Бірінші тәсілде піскен таба нанның үстіне салмасын салып дайын болғанша қайта пісіреді, ал екінші тәсілде салманы шикі қамыр үстіне салып пісіреді. Пиццаларды шағын табаларда пісіреді. Дайын тағам

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!