Материалдар / Ашық сабақ Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы. Құлагер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы. Құлагер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақанның шығармашылық мұрасы, музыкалық бейнесі туралы жан-жақты мағлұмат беріп, оны игеруді ұйымдастыру. Ақын шығармаларына деген қызығушылығын арттыру арқылы дүниетанымын кеңейту. «Ақан өмірі - өнер адамының рухани тазалығының үлгісі» екендігін түсіндіре отырып, тілдік-эстетикалық сезімдерін жетілдіру, жасұрпақты Ақандай өр, қайсар талант иесі болуға, өнерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2018
1035
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ әдебиетіСабақтың тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты:Білімділік: Ақанның шығармашылық мұрасы, музыкалық бейнесі туралы жан-жақты мағлұмат беріп, оны игеруді ұйымдастыру. Ақын шығармаларына деген қызығушылығын  арттыру арқылы дүниетанымын кеңейтуДамытушылық: Лирикалық ән – «Құлагердің» психологиялық сырын (қауіп, қорқыныш, қайғы, күйініш сезімдерін) ашу барысында оқушылардың қамқорлық сезімін ояту. Шығарманың көркемдік құнды ерекшеліктерін ашу арқылы сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамыту.Тәрбиелік: «Ақан өмірі - өнер адамының рухани тазалығының үлгісі» екендігін түсіндіре отырып, тілдік-эстетикалық сезімдерін жетілдіру, жасұрпақты Ақандай өр, қайсар талант иесі болуға, өнерді құрметтей білуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі:   аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндіру, топтық, талдауПәнаралық байланыс: тарих, география, ән-күй.Сабақтың көрнекілігі: Ақан сері Қорамсаұлының әндері, презентациялар, кітаптар көрмесі, «Құлагер» киносынан үзінді, Ақан туралы айтылған сөздер: Тегінде тегін бе екен Ақан сері,Бұл да бір емес пе екен елдің ері Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді?..Тұсында сері болсын, пері болсын,Ұнайды өмірімен Ақан маған... І.ЖансүгіровСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. а) Сәлемдесу, кезекшімен сұхбат, оқушыларды топқа бөлу. ә) Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу: «Жылы лебіз» стратегиясы арқылы бір-біріне тілек білдіреді.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Миға шабуыл»
  • ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қандай әнші-ақындарды білесіңдер ?
  • Олардың шығармаларының негізгі тақырыбы не жайында болған?
  • «Сал» мен «сері» сөздерінің арасында айырмашылық бар ма ?
  • Сал- серілік дәстүрінің негізін салушылар кімдер ?
  • Біржан сал өмір сүрген замандағы тарихи-әлеуметтік жағдай қандай болды ?
  • Біржан сал өлеңдерінің тақырыбы неде?
  • Біржаннның қай өлеңдерінде кіршіксіз махаббат пен әйел сұлулығы суреттеледі?
  • Біржан әнші-ақын, айтыс ақыны екендігін қалай дәлелдейсіңдер?
  • «Жанбота» өлеңіндегі Біржан өміріне қатысты шындық қандай?
  • Біржаннның «Теміртас» өлеңінің шығу тарихы қандай?
  • Ақынның қоғамдық әлеуметтік мәселе, сезім лирикалары төңірегінде жазылған өлеңдерінің тақырыптары және шығарманың шығу тарихы мен идеясы неде?
ІІІ. Негізгі бөлім. 1. Өмірді өлеңмен ғана емес, өзінің өмірімен суреттей білген Ақан серінің шығармашылық өмір жолын меңгеру. 2. Ақан сері әндерінің ерекшелігі, «Балқадиша» әнінің шығу тарихы.3. Ақан трагедиясының шырқау шыңы – «Құлагер» өлеңінің шығу тарихымен танысу.IV. Қорытынды бөлім. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» 1. Ой шақыру.«Құлагер» шығармасы бойынша үнтаспаны қосып, жаңа тақырыпты анықтау. «Ақан деген-киелі аққу самғаған»,- деп жырлаған ақиық ақын Мұхтар Шаханов. Ақанды киелі аққуға теңеп тұрса шын мәнінде ақынның эстетикалық сезімі нәзік, сұлу, талғамсыз, лирик ақын екендігін өлеңдерінен байқаймыз.Ақанның сүйегі – Орта жүз, арғын ішіндегі қарауыл. Ұлы әкесі Қарауылда - шөккен Жарқынбай. Жарқынбайдың әйелі бала болмаған соң, Жарқынбайдың бәйбішесі тоғыз қызымен көгеннің бұршағын мойнына салып, тәңірден немере тілейді. Сол тілектің артынан жалғыз ұлы Қорамсаның қосағы Жаңыл жүкті болып, одан ұл туады. Ұлдың атын Ақжігіт қояды. Ақан сері Ақжігіт Қорамсаұлы 1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөл деген жерде дүниеге келеді. Ақанның әкесі Қорамса бай, саудагер адам болған. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда 13 жасқа келгенше, содан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16-17 жасынан өнер жолына түскен. Баласының даңқына сай деп Қорамса Ақанға сегіз ұлдың ортасында жалғыз өскен Бекбастың қызы Фатимаға құда түседі. Бірақ Фатима Ақанның босағасын аттап үлгермей қайтыс болады. Жетпісінші жылдардың ортасында Кіші жүзді аралап, өзінің өнерін көрсетеді. Міне, сол сапардан қайтқанда, Ақтоқтыға ғашық болып, қосыла алмайды. Бұл ауыр оқиға Ақанды қобалжытпай қоймайды, қозғайды, толғантады. Жанбай сөнген ғашықтығын өлеңдетіп, жанға жайлы келетін «Желдірме» өлеңі дүниеге келеді. Басында біраз мұң ноталары болса да, өлеңінің аяқ жағында жігіттіктің қызуын айтып, өзін жұбатады. Біраз уақыт Ақан ешкімге сөз салмай жүреді. Бірақ қазақ әдеті бойынша он бестен асқасын-ақ шамасы келген жігіттің бойдақ жүруі сөкет көрінетінін есептеп, Шомат қожаның қызы Фатимаға үйленеді. Фатима көркі ешкімнен кем түспейтін, байсалды, ақылды жақсы жар болады. Он шақты жылдардан кейін Фатима ауырып қайтыс болады. Фатимадан екі қыз, бір ұл қалады. Ұлы Ыбан (Ыбырайым) тілсіз болады. Оған Ақан сері жазу-сызу үйреткен. Ақан едәуір уақыт үй ішінде болып, үйреніп қалған әдеті бойынша тағы ел аралайды. Ақанның қайырылып соғар ошақ басы, иіскеп сүйер балалары болады. Ақан Қарауыл ішінде Балташы дегенге атастырылып қойылған Ұрқияны алып қашады. Жолда Қожым елінің батыры Тулақ Ұрқияны Ақаннан тартып алып, әншіні атпақ болады. Бірақ арашаға ел түсіп, Ақан аман-есен Ұрқияны еліне алып келеді. Бірақ өмір салмағы тағы езіп, Ұрқия үш айдан кейін шешек шығып, өмірден озады. Енді Ақанды ауыр қайғыдан арылтатын тек аты болады. Ақан құлақ естір жерден алғыр қыран, құмай тазы, жүйрік жияды. Зілғараның баласы Әлібек батырдан бір жылда алпыс түлкі алған Қараторғай деген бүркітті, Сайрат төреден бір жылда тоғыз қасқыр алған Базарала деген итті алады.Ақанның шоқтығы биік шығармасы ер қанаты, тұлпары Құлагерге арнаған туындысы. Құлагер көбей-қарауыл Шөкетай жылқысынан шыққан. Шөкетайдың ағасы Әбілторы сыншы Құлагерді тай күнінде тұлпар болады деп сынаған екен. Құлагерді Ақан жүз сомға сатып алады. Бестісінде Құлагер Шабан асында дара келеді. Бұл кездерде Құлагердің аты Ақанның өзімен бірге шығады. Ақан қолында Құлагер Арқаның талай зор астарында аузымен құс тістеген сан жүйріктерден озып жүреді. Арғын-алтай Аққошқар – Сайдалының асында Құлагер 300 аттан жеке-дара келеді. Бірақ сол аста Барақбай Ақанмен сөзге келіп, Барақбайдың Ақанға кегі басталады. Құлагерді астан асқа алып жүріп отырады. Ұрқия оқиғасына бір жыл шамасы болғанда, керей Сағынайдың асы болады. Ақан сол асқа Құлагерді қосады. 323 аттың алдында Құлагер жұлдыздай атып келе жатқанда, Сайдалы асында ішіне қан қатқан Барақбай Құлагерді көлденеңнен соқтырып өлтіреді. Асқа жиналған ел гуілдесіп, бәйгесін алып жатқанда Ақан мидай далада Құлагердің басында көзінің жасын төгіп отырады. Ақан сері Құлагердің өлгенін естігенде есі ауысқандай басқа күйге түседі. Сол отырғанда өзі сандалкеріне өлең шығарады. Оның ой –сезімін бір сәт шарасыздық билегендей болады. Жан жолдасын қолымен өлтіргендей күй кешеді. Өлді деп Құлагерді естігенде, Бір тұрып, бір отырып ойбайладым, – дейді. Ақанның өкінішінде шек жоқ. Өлеңнің әр шумағы оның жан күйігіне толы. Құлагер дүбірлі бәйгеге қосылған сайын Ақан серінің де, елінің де намысын асқақтатты. Сондықтан оны бүкіл Атығай, Қарауылға олжа салған жүйрік ретінде жоқтайды. Ердің де, елдің де даңқын асырған тұлпардың қапияда мерт болуы жалпақ жұртқа да оңай болмаған. «Құлагер» өлеңін оқып отырғанда Ақан серінің жанына жара салған күйзелісі, мұң мұнары басып тығырыққа тірілген ауыр да, азапты сәттерінің шыны мен сырына қаныға түсеміз. Ақынның азалы үнінен сырт қалу мүмкін де емес. Қызғаныштың қызыл итін жүгіртіп, әділдікке жымысқылық пен қол көтерген қараниет қарақшылардың зұлымдығына басылған лағынет таңбасы. Құлагерді өлтіргенде алдым несін, Әркімнің тәңірім берген несібесін. Қас қылған жануарым Құлагерге,Жауызға бар тілегім өлім берсін, – деген жолдар Ақан серінің ғана тілегі емес, қара ниет жауға деген бүкіл халық қарғысы деп ұқсақ болады. «Құлагер» өлеңі бір ғана жүйрік тұлпарға арналмаған. Мұнда әділетсіздікке деген Ақан серінің жан ашуы жатыр. Ат өлімі жүрегіндегі ашу–ыза, кекті тұтандырып, намысын жани түскен. Сондықтан Ақан сері сол тұстағы заманның ащы шындығын ашып, қанды қол қарақшыны да, кеудесіне нан піскен озбырларды да өлтіре сынап, оларға қарсы үн көтереді, өлім тілейді. Құлагердің мерт болуы егде тартқан Ақан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Құлагер туралы өлеңдерінде ақынның көңіл күйі, ашу-ыза, күйініш, үміт-сезімі тебірене жырланған. Өмір соққысын көрген Ақан сері енді: “Жақсылықтан жамандық асып кетті, Бой бағып тұру артық келсе шамаң” дейді. Ел аралауды сиретіп, бойын бағуды ойлайды. 4. Тапсырмалар:
І топ 

ІІ топ 

ІІІ топ 
  • Ақан бойындағы бар өнерді саралап көрсетіңдер. Ақан кім ?


  • Өлеңнен Құлагердің жүйріктігін сипаттайтын бейнелі сөздерді табу.


  • 1. Ақан сері Қорамсаұлының өлеңдерінің тақырыбы мен идеясы.
  • Біржан сал мен Ақан өмірі мен шығармашылығының ұқсастықтары мен айырмашылығы бойынша Венн диаграммасын жасау. 
  • «Құлагер» өлеңін оқи отырып не көрдіңдер, нені елестеттіңдер? Байқаған құбылыстарыңды өлең мәтінінен оқып беріңдер.
  • 2. Ақан сері туралы қандай әдеби шығарма, өнер туындыларын білесіңдер?
  • «Өнерге әркімнің –ақ бар таласы». Ұйқастарға шумақ құрап көрелік! 


  • ----------саятшылық, ---------ұлттық өнер, ---------құлагер, 
  • Сұхбат әдісі: Ақын – жазушылардың пікірлері жазылған кесте.
  • Берілген пікірлер төңірегінде ойланады, өз пікірлерін жазып, сынып алдына шығып жауап береді.

    Ақан өмірі – ертегідей әдемі, сұлу өмір. М.Жұмабаев«Құлагер» поэмасы – ақын туралы, Ақан трагедиясы туралы дастан. І.Жансүгіров

    Тұсында сері болсын, пері болсын, ұнайды өмірімен Ақан маған. І.Жансүгіров


    IV. Қорытынды бөлім. «Айналмалы бекеттер» Есте сақтау қабілетін тексеру бағытында үш топқа үлестірмелі карталар беріледі. Үш топ бір уақытта жалғастыра отырып, 6 сұраққа жауап жазады.
    • Ақан серінің азан шақырып қойған есімі кім?
    • Қорамсаның Ақанға атастырған қызының есімі кім?
    • Ақанның ұлының есімі.
    • Ақан бүркітін қалай атады?
    • Парижде Ақанның әнін шырқаған әнші кім?
    • Сағынайдың асына қанша жылқы қатысты?
    «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы оқушылар Блум ағашына сабақты қаншалықты меңгергенін бағалайды. 1. Меңгердім:----------------------------------------------2. Мені қызықтырды:------------------------------------3. Сұрағым бар:------------------------------------------- Ақан өмірі- өнер адамының, жалпы адамның рухани тазалығының үлгісі. Әлеуметтік өмірдегі өзекті мәселелерін өлеңіне арқау еткен Ақан өнерімен де, ерлік өмірімен де кейінгі ұрпаққа, туған халқына үлгі болды.V. Үйге тапсырма. Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы, «Құлагер» өлеңінен үзінді жаттау.«Ат – ер қанаты» тақырыбында ойтолғау.Пайдаланылған әдебиеттер:
    • Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазиұлы, Б.Сманов, Ж.Сәметова Қазақ әдебиеті. Оқулық.- Алматы: «Мектеп» 2014.-200-207 б.
    • С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж.Такишева Қазақ әдебиеті хрестоматиясы.Оқулық.-Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2014.-317-325 б.
    • А.Қ.Жұбанов Замана бұлбұлдары.- Алматы: «Дайк Пресс» баспасы, 2001.- 62-84 б.
    • Серікқазы Қорғабай Қазақтың сал-серілері.- Алматы, «Айғаным» баспасы, 2017.- 112-120 б.
    • П.Момынұлы Қазақ музыкасының қысқаша тарихы.- Алматы: «ҚАЗақпарат» баспасы, 2002.- 98-101 б.
    • М.Жолдасбеков Ақан сері өмірінің ақиқаты //Егемен Қазақстан// 2014.07.30 №8(22)


















































































    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!