Материалдар / Ашық сабақ Ақпаратты шифрлау 5-cынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Ақпаратты шифрлау 5-cынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ақпаратты шифрлау туралы түсінік беру .Ақпаратты кодтауды қалыптастыру. Цифрлық құзіреттілігін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2022
389
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Ақпаратты ұсыну

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 5

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Ақпаратты шифрлау. Практикум.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.1.3- мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

«Ақпаратты щифрлау» ұғымы туралы анықтама береді.

Көптеген оқушылар:

Ақпаратты кодтау әдістерін біледі.

Кейбір оқушылар:

Ақпаратты кодтау әдістерін пайдаланып кодтау-декодтау амалдарын жасай алады.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3. Өткен сабақты пысықтау.


«Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.

-Шифрлау не үшін қолданылады?

-Кодтау дегеніміз не?

-Ақпаратты кодтау әдістерін ата.

-Морзе әліппесі туралы әнгімеле.

-Цезарь шифры туралы не білеміз?

-Брайль карпі /коды/ туралы не білесің?

-Пошта индексін кодтау туралы әнгімеле.


ҚБ: жұлдыз





Қорап









жұлдыздар

Сабақтың ортасы

33 мин

Тақырып бойынша білімді толықтыру.

Ақпаратты қорғаумен айналысатын арнайы ғылым саласы бар. Бұл ғылым саласы криптология деп аталады.

Криптология «криптография» (шифрлау) және «криптоталдау» деген екі бөлімге жіктеледі.

Криптография айналысатын адамды криптограф деп атайды. Криптограф хабардың құпиялылығын және нақтылығын қамтамасыз етеді.

Криптология ғылымының мақсаты- ашық мәтінді бөгде адам оқи алмайтындай етіп өзгертетін математикалық әдістерді іздеу. Криптографтың ашық мәтінге қолданылған амалынан кейінгі нәтижені шифрланған мәтін немесе криптограмма деп атаймыз. Ашық мәтінді шифрлау үшін криптограф әрқашан құпия кілтті қолданады. Бұзылуы мен ашылуына жол бермейтін шифрдың қабілетін шифрдың беріктілігі деп аталады.

Кілт- хабарламаларды шифрлау, шифрдан шығару кезінде криптографиялық алгоритмде қолданылатын құпия ақпарат.

Криптографияда екі кілт қолданылады: ашық және жабық кілт. Ашық кілт хабарламаны шифрлау үшін қолданылса, шифрланған мәтінді шифрдан шығару үшін жабық кілт пайдаланылады.

Цезарь цифры- ең алғаш Юлий Цезарь қолданған, сондықтан бұл шифр Цезарь атымен белгілі. Цезарь шифры әртүрлі шифрлардан тұрады. Шифрлар саны қолданылатын әліпбидің құрамына кіретін әріптер санымен сәйкес келеді. М/сы: қазақ әліпбиінде 42 әріп бар, демек шифрлар саны да 42 болады. Хабарламаланы шифрдан шығару үшін біз алдымен қандай шифр қолданылғанын білуіміз қажет. М/сы: К шифры пайдаланылған болса, онда А әрпі К әрпіне, Ә әрпі К әрпіне, Б әрпі Д әрпіне және т.с.с. ауысады.


1-тапсырма.

Білгеніңді жинақтап, жаз. (жеке жұмыс)

  1. Цезарь шифрын қолданып досыңның есімін шифрла.

Есім ___________________

Шифр ___________________

Дескриптор:

  • Цезарь шифрын қолданып есімді шифрлайды;

ҚБ. Графикалық түрде.


2-тапсырма.

«Морзе әліппесін» пайдаланып, келесі сөздерді кодтаңдар:

-Books

-Computer

-code


Дескриптор:

Цезарь шифрын қолданып сөздерді шифрлайды;

ҚБ. Ауызша кері байланыс беру.


3-тапсырма.

Шифрлау кестесін қолданып, жасырылған сөйлемді бастапқы қалпына келтіріңіз.

Дескриптор:

-берілген сөздерді кескіндерді әріптерге алмастыру арқылы ұсынады.


ҚБ: жұлдыз


4-тапсырма.

Сандар қатары түрінде кодтық ақпарат берілген. Оларды декодтап, дұрыс жауап нұсқасын көрсет.

Кодтын бірінші цифры-жол нөмірі, екіншісі-баған нөмірі.



1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

Е

Ё

2

Ж

З

И

Й

К

Қ

Л

М

Н

3

Ң

О

Ө

П

Р

С

Т

У

Ұ

4

Ү

Ф

Х

Һ

Ц

Ч

Ш

Щ

Ъ

5

Ы

І

Ь

Э

Ю

Я

.

,

!


28,18,25,37,18,34 ___________________


Дескриптор:

-кесте бойынша берілген кодтық ақпаратты декодтау орындайды.


ҚБ: смайлик


Сабақты бекіту тапсырмасы

«Жасырын сөздер» (жеке жұмыс)

  1. Хабарламаларды шифрлау/дешифрлау кезінде криптографиялық алгоритмде қолданылатын құпия ақпарат.

  2. Жазбаша түрде табиғи және формальді тілдермен берілетін ақпарат түрі.

  3. Телеграфты ойлап тапқан адам.

  4. Шифрлардың саны шифрлау үшін қолданылатын алфавиттің әріптер санына тең болатын ежелгі шифр түрі.

  5. Ашық мәтінді шифрланған мәтінге ауыстыру үрдісі.

  6. «Шифрлау» сөзінің ежелгі баламасы.

























Оқулық





Оқулық







Оқулық






Карточка

Сабақтың соңы

3 мин

1.Кері байланыс: «Бір ауыз сөз»

Ұнады, қажет, пайдалы, білдім,

үйрендім, қызықтым, есте сақтадым


Үй тапсырмасы

2 мин

§ 1.3,18-бет «Үй тапсырмасы» /2/







Тексерілді: _________




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!