Материалдар / Ашық сабақ: Ақынның халық даналығын тануы 9 сынып

Ашық сабақ: Ақынның халық даналығын тануы 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: «… Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу — әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ келе жатқан үрдіс. Бұл жерде сөз өнерінің атқарған орны ерекше болған. Адамзаттың ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірінде қазір көп айтылып жүрген ізгілік педагогикасы ұстанымдары жатыр
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2018
4112
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:АбайтануСыныбы:9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ақынның халық даналығын тануы

Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: оқушыларға ұлы ақын мұрасы арқылы, оның Толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету; 2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;3. Тәрбиелік:Абай тағылымы негізінде олардың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына түрткі жасау.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру; 3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
  • Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері
  • «Мен таныған Абай» тақырыбында эссе жазу.


ІІІ Жаңа сабақ.Сыныпты екі топқа бөлу.1топ.Талап, еңбек, терең ой…2 топ. Жасымда ғылым бар деп ескермедім…Кіріспе.Мұғалім: Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – деп төрелігін өзі айтып кеткен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасап келеді. Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: «… Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу — әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ келе жатқан үрдіс. Бұл жерде сөз өнерінің атқарған орны ерекше болған. Адамзаттың ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірінде қазір көп айтылып жүрген ізгілік педагогикасы ұстанымдары жатыр. Осы жерде жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен, оларды адамды сүюге баулудан басталуы керек деген тұжырым шығады. Абай мұрасы, тағылымының өміршеңдігін заманның өзі дәлелдеп отыр» деген болатын. Ойы сергек, қаламы жүрдек сыншы Сағат Әшiмбаев 1988 жылы жазған «Абай тағылымы — азаматтық тағылым» атты мақаласында былай деп едi: «…Абай тағылымын тұту дегенiмiз – Абай тағылымынан шындап үлгi-өнеге алу, тәлiм-тәрбие көру. Абай айтқан: жаныңа жара салар жамандықтардан, яғни кеселдi кесапат мiнездерден бойыңды да, ойыңды да көш бойы аулақ ұстау, оларға жол бермеу, жол бергенге «сенiкi жөн» дегендi айтпау деп бiлемiз… Абай тағылымынан үйрену деген сөз – өмiрiңе және өзгелерге де Абайдың көзiмен әдiл баға берудi үйрену, барыңды да, жоғыңды да Абай таразысына салып өлшеп көру. Абай көрсеткен кемшiлiктерге кеңшiлiк бермеу дегендi баса айтқымыз келедi. Абайдың бiзге беретiнi сол, бiздiң одан тек батпандап ала бiлуiмiз ғана. Абайсыз өмiр сүру – рухани бейшаралық пен адамдық ақыл-ой мешеулiгiнен, сезiм жұтаңдығынан, жазылмас жан жарасының қасiретiнен арыла алмау деген сөз. Барлық гәп осында жатыр… Бiр сөзбен айтқанда, Абай тағылымы – өте ауыр тағылым. Сондықтан да оны ерiксiз мойындауға тура келедi, өйткенi ол бәрiбiр мойындатпай қоймайды».Тахауи Ақтанов Абайдың ақындығы жайында әңгiмелесе қалғанда: «Мен Абайды ендi-ендi түсiнiп жүрмiн. Өлеңдерiн оқыған сайын бiр жаңалық ашқандай боламын» деген екен. Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. «Ғақлия» — көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді.ІV Топтық жұмыс.1-топ. Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамдардың өзара қарым-қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке баулу. Ақын, ойшыл ұлы ұстаз — Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы — сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады. Еңбекті Абай, басқа да қазақ ағартушылары сияқты — байлықтың, молшылықтың көзі — деп санады. Жастарды еңбекке шақырды. Оған 1886 жылы жазған мына бір шумақ өлеңін келтіруге болады. «Қартайдық, қайғы ойладық ұлғайды арман, Шошимын кейінгі жас балалардан, Терін сатпай, телміріп көзін сатып, Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман — деп, өз кезіндегі еңбек етпейтін жастардың осындай жағымсыз мінездерін сынады. Абай даналығы «еңбек ет — мал тап» деген ақылға саяды. Тек еңбек, еңбекқұмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты еңбек қана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді — деген Абай даналығы бұл күнде де күшін жойған жоқ. Абайдың пікірінше, ерінбей еңбек еткен, ізденген, әр нәрсенің жөнін біліп, әрекет еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды. Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған Би болған, болыс болған өнер емес Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған… деп, өз елін отырықшылыққа, егіншілікке, ғылымға шақырады. Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы секілді тез суалар. Еңбегіңді сат, арыңды сатпа, Арың таза болсын, сонда ғана сен адамсың ,- дейді. «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретінінің басты себебі – жұмысының жоқтығы»,- десе, Жұмысы жоқтық, Тамағы тоқтық, Аздырар адам баласын,- дейді. Осыны оқи отыра ұлы Абайдың көптеген сөздерінің нақылға айналып, күні бүгінге дейін мәнін жоймағанына таң қаласың. Абай қырық төртінші сөзінде: “Адам баласының ең жаманы — талапсызы”, дейді. Не нәрсеге болса да, талап ету міндет, мақсат адал ниет пен талапта.Талаптың өз шарттары бар:1. Ғылымға ең алдымен берік ынта, білмегенді біле беруге құмарлық, махаббат керек.2. Ғылымнан ақиқат табу мақсатын қою. Өз айтқанымды ғана болдырам деп, ғылымға қол созба.3. Ғылымда салғырттықтан, еріншектіктен сақ бол. Білгендеріңді іске асыруың керек. Ол үшін еңбек етуің керек.4. Ғылым-білімде ұстамдылық қажет, ақыл-ойдың, мінездің беріктігі керек, ол үшін қайрат керек. Талаптың ішіндегі ең зоры – бір өнерді таңдап, содан нәтиже шығармай тынбаушылық. Абайдың түсіндіруінше, талапсыздықтың түрлері – ынтасыздық, ықылассыздық, жігерсіздік. Абай «талапты ерге нұр жауар» деген халық мақалының текке айтылмағаны туралы ой қозғайды.

2-топ. Абай өзі жасында ғылым оқи алмай қалғанын арман етіп жазған өлеңі: Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Осы өзінің өкінгендігінен балаларын орыс мектебіне оқуға береді. Ол баласын мақтан етсін, мал тапсын деп емес, бір ғана ғылым үшін бергенін… Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім,- дейді. Алдына мақсат қойған адам түбінде бір сол мақсатына жететініне сенеді. Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз, Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз, — дейді. Ғылымның қажеттілігіне көз жеткізу үшін оның тигізер пайдасын да қалдырмай айтады. Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге, - дейді. Абай ел билеу ісіне ерте араласып, халықтың мұң-мұқтажын көре білді. Ол қазақтың ақылшысы, ұстазы, досы, ар-ынсабының әділ таразысы бола білді. Абайдың: «Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла…» Деген өлеңін түсіну үшін Абайды терең оқып, білу қажет. Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз… Надандарға бой бермей, Шын сөзбенен өлсеңіз. «Жол көрмек, жоба білмек, жиhан кезбек» өлеңінде: Ниетің түзу болса, сенің аппақ, Екі елі азыңа қойсаң қақпақ Сыбыр, өсек дегенді сырттай жүріп, Ғылым, өнер, мал таппақ, жұртқа жақпақ, — дейді.

1-топ: Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі моральдық принцип ретінде поэзиялық -тәрбиелік туындыларында да, қара сөздерінде де үнемі атап көрсетіп отырады.Ол он же¬тінші сөзінде: “Адамның адам¬гершілігі неден құралады де¬генде – қайрат, ақыл, жүрек” – үшеуін айтып, ғылымға жү¬гін¬діреді. Абай жүрекке бірінші орын береді. Бірінші – жүрек¬тің сезгіштігі. Мұның өзі көре¬гендік екендігін түсіну қиын емес.Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. Бастапқы екеу соңғысыз Біте қалса қазаққа, Алдың-жалын, артың-мұз, Барар едің қай жаққа? — дейді ақын »Әсемпаз болма әрнеге» деп басталатын өлеңінде. Сөйтіп, ол әділеттік, мейірбандық болмаған жерде ақыл мен қайрат та адамды жақсылыққа жеткізе алмайды деп түйеді. Ғылым-білімді, оқу-тәрбиені уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы әбден орынды. Не нәрсеге болсын ақыл-таразы, (»ақыл-мизан, өлшеу қыл») дүниенің сырын танып білуде адамгершіліктің, ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды. «Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек, Әр нәрсеге өзіндей баға бермек». Абайдың бұл пікірі ғылым үйренуге ұмылған жастарға айтқан сөздерінен де айқын танылады. Ақын жастардың басқалар айтқан сөзге ермей, ақылмен өлшеп тапқан өз пікірі болу керектігін айтып, сол пікірде табандап тұра білуі қажеттігіне ерекше назар аударған.Абай ақыл туралы айтқанда, ақылдылық, естілік деген ұғым мен ақылмен танып-түсіну қабілетін білдіретін ұғымды ажыратып, оларды екі нәрсе деп қарайды. »Әуелде бір суық мұз — ақыл зерек» дегенде Абай ақылды осы соңғы мағынасында алған. Философиялық тұрғыдан келіп, ой мен сезімді бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы екі ұғым деп қараған Абай »суық ақыл» мен »ыстық жүрек» бір-бірін толықтырады деп санайды. Осы екеуіне қайрат, жігер қосылса, адамның қасиеті кемеліне келеді деп есептейді. Абай: “Өсек, өтірік мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ Бес дұшпаның білсеңіз”, деп жаман қылықтардан аулақ болуды, ал: “Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой”, деп жастарды жақсылыққа шақырады. Ақын адам болам десеңіз өтірік айтудан, екі жүзділіктен құтылып, шындықпен, ақиқатпен өмір сүру керек деген терең тұжырым жасайды. Адамдардың бойына біткен жаман қылықтардың ең жағымсызы — еріншектік. Надандық білімсіздіктен, сауатсыздықтан туындаса, еріншектік адамның талапсыздығынан, жігерсіздігінен, енжарлығынан пайда болатын қылық. Еріншектік – дүниедегі күллі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. Осыларды қорытындылай келе, Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын 3 нәрсе бар: содан қашпақ керек. Ол: әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. Абай осы үшеуін жоюдың емі- ғылымды, адал еңбекті, адамгершілікті атап, өз шығармаларында осы үшеуін дәріптеп, өсиет етті. Ақын адамдар арасындағы береке – бірлік, достық, ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөледі.

2-топ. Досыңа достық қарыз іс Ойға түстім, толғандым, Өз мінімді қолға алдым, Мінезіме көз салдым, Тексеруге ойландым, — деп, нағыз адам әрқашан өткен-кеткеніне қорытынды жасап, өмірге сын көзімен ой жүгірте, келешекке үлкен сеніммен қарауы керек деген тұжырым жасайды. Қазіргі уақытта өткізіліп жатқан «Өзін-өзі тану» пәні мен Селевконың «Өзіңді-өзің жетілдір» бағдарламасы оқушыларға ой тастап, адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне ықпалын тигізеді. Абайдың он тоғызыншы “Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін еске-ріп жүрген кісі өзі де есті бо¬лады”, деген сөзін негізге ала отырып, әр адам өсіп жетілген¬нен кейін білім, тәрбие арқылы дүниетанымын дамытып, мектеп қабырғасында-ақ әр оқушы өз ойын, өз көзқара¬сын жеткізе білуі қажет. Халық қамын ойлаған Абай алдымен бірлікке шақырады: «Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос.» талдау Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік, Ер табылса жарайды, қылса, сұхбат. Кемді күн, қызық дәурен, тату өткіз Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз Бір жерде бірің жүрсең, басың қосып, Біріңнің бірің сөйле, сөзің тосып, — дейді. Кейбір құрбылардың достығын былай деп сынайды. Кей құрбы бүгін тату, ертең бату Тілегі, жақындығы, бәрі сату, — деп, жолдастықтың қадіріне жете алмай жүрген жастарды айтады да, Аямай жанын дос берер, Жолдастықты ақтаса, — деп, адал достыққа шақырады. Осындай ойларын «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деген өлеңінде де білдіреді. Ақын 1 сөз үшін жау болып, 1 сөз үшін дос болып, 40 құбылып жүретін адамдарды өткір тілмен әшкерелейді.V Сабақты бекіту. Толық Адам қандай?Абай афоризмдерінен оқушылардың өздеріне айтқызып, мағынасын ашу.Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі.• Жасанды кішіпейілділік – жақсы қасиет емес.• Кімнің ұяты жоқ болса, соның иманы жоқ.• Нысап, ұят – бұл ғаділеттен шығады.• Ақылсыз, шынға сенбей — жоққа сенбек.• Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.• Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты — ақыл…• Адамзатқа не керек:Сүймек, сезбек, кейімек.Харекет қылмақ, жүгірмек,Ақылмен ойлап сөйлемек.• Адам баласы адам баласынан — ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.• Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.• Көп адам дүниеге бой алдырған,Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.VІ Сабақты қорытындылау. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол. Абай мұрасы – Адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырудың қайнары. Қорыта айтқанда, Абай тағылымы бүгінгі таңда да өміршең екендігі еш күмән туғызбайды. Міржақып Дулатовтың сөзімен айтсақ, “Абай атамыз бізден қанша алыстаса да, оның мұрасы бізге сонша жақындай түспек”.Абай сөзі — адамның жанына азық,Ақылдың таразысы, алтын қазық.Абайдың өсиетін түсінгендер,Кетпейді деп сенемін дүниеге азып.Сенбе, жұртқа тұрса да қанша мақтап,Әуре етеді ішіне қулық сақтап,Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,Еңбегің мен ақылың екі жақтап

VІІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

VІІI Үйге тапсырма:
  • Ақынның халық даналығын тануы туралы түсінік.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ