Материалдар / Ашық сабақ "Асқар Тоқмағамбетов. Түлік туралы сабақ" 4 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Асқар Тоқмағамбетов. Түлік туралы сабақ" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш 4 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары. Белсенді әдістер, деңгейлік тапсырмалар қолданылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2018
647
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:
Сабақтың тақырыбы: Асқар Тоқмағамбетов. Түлік туралы сабақ
Күні: 01. 03.2018Мұғалім: Мухаметчаева Сания Төлегенқызы
Сынып: 4 «Г»Қатысқан: 29Қатыпағандар:1
Сабақта мақсаттарА. Тоқмағамбетов туралы мәлімет беру, «Түлік туралы сабақ» өлеңімен таныстыру, мәнін меңгерту. Төрт түлік малдың пайдасын білгізу.
Күтілетін нәтижеТөрт түлік туралы түсінігі кеңейеді;Түлік туралы жан-жақты мағлұмат алады;Өлеңді нақышына келтіріп оқиды;Рөлге бөліп оқиды;Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
БасталуыҰйымдастыру кезеңіПсихологиялық дайындық:Жарқын, жарқын үніміз,Болашақтың күніміз.Бастауыш шақ үйінің,Жайнап тұрған гүліміз.Сәлеметсіздер ме қонақтар,Қош келдіңіз, бәріңіз.Өткеді пысықтау «Гүл теру» - Балалар, ненің суретін көріп тұрсыңдар?-Бәйшешек туралы не білесіңдер?- Дұрыс айтасыңдар! Бәйшешек – өте әдемі көктемгі гүл, бәйшешекті «көктем жаршысы» деп те атайды. Бәйшешек нәзік әрі сынғыш болғанымен қорғаныш қасиетке ие. Олардың түбіндегі пиязы улы болғандықтан бірде - бір кеміргіштің тиісуге батылы бармайды. Бәйшешектің пиязы улы болғандықтан адамдар үшін де қауіпті.Олай болса бәйшешек теруге кірісейік. Терген бәйшешектерімізді себетке апарып салайық.Сұрақ-жауап - «Қараторғай» әңгімесін кім жазған? - Қамбарата не жасады?- Оқушылар қандай сөзге түсінбей қалды?- Атаның қонағы кім болып шықты?Осы Қамбаратаның айтқан сөзін сен қалай түсінесің?- Жарайсыңдар, балалар!- Үй жұмысына қатыстыңдар, мәтінді жақсы түсініпсіңдер!Шығармадағы негізгі ой: құстарды қорғау, олардың пайдасын білу, оларға үнемі  қамқор болу.Топқа бөлу: (Қағаз қиындылары арқылы) І топ – Қошақан ІІ топ Ботақан ІІІ топ Бұзауқан ІV топ ҚұлыншақҚызығушылықты оятуТоппен жұмысПостер қорғауӘр топ өзінің түлігі туралы айтып , қорғайды.




Ортасы

Жаңа сабақҚазақ халқы көшпелі болған. Төрт түліктің жайымен жазда жайлауға, қыста қыстауға көшкен. Малдың еті, сүті тамақ болған. Терісінен, жүнінен әр түрлі бұйымдар жасаған. Мал – халықтың байлығы. Қала халқын мал өнімдеріменауыл қамтамасыз етеді. Малшы еңбегі өте ауыр. Жазда ыстықта, қыста суықта мал соңында жүреді. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған. Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы – Асқар Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ» өлеңі. Автор туралы мағлұмат.Асқар Тоқмағамбетов (1905-1983) қазіргі Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында дүниеге келді. Көрнекті ақын, әрі жазушы. Оның «Батыр Әлия», «Ажалды жеңген алыптар», «Берлин көшесінде». т.б. өлеңдер жинағы, «Жыр күмбезі» тарихи романы бар. А. Тоқмағамбетов – қазақ поэзиясында поэма жанрын өрнектеуде жемісті еңбек еткен адам.Видео (тыңдалым)Оқулықпен жұмыс:-Тізбектей оқу(оқылым)-Рөлге бөліп оқыту.- Балалар, өлеңде не жайында айтылған?- Түлік туралы сабаққа кімдер қатысты?- Кім сұрақ  қойды? (Болат)- Не жөнінде сұрады? (қойдың неше түрі бар?)- Марат көп сөйлегенмен қойдың түрін айта алдыма?- Болат тағы қандай сұрақтар қойды?- Болат пен Маратқа тағы кім қосылды? (Мұрат)- Ол қандай сұрақ қойды?  «Жабағы деген жүн ғой» деген - Мұраттың  сөзіне келісесіндер ме? (Жабағы қойдың жүні одан иіріп киімдер тоқиды).Топпен жұмыс:Олай болса балалар, әр топ түліктердің жасына қарай атап берсін. І топ : Қой өсу жасына орай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп аталады. Ешкіні жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі. ІІ топ: Ал түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.ІІІ топ : Сиырды жасына қарай бұзау, торпақ, тана, тайыншща, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған. ІV топ : Жылқыны жасына қарай құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (суйрік), айғыр деп атайды.Шығармашылық тапсырма:І топ : Тыйым сөздер ІІ топ: Мақал ІІІ топ: Қандай теңеулер білеміз? Ата-аналарың қалай еркелетеді?ІV топ: Синквейн стратегиясы ( бес жолды өлең): Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі.- Бірінші жолда - Құлыншақ-ау ,құлыншақ, (зат есім)- Екінші жолда Тентексің –ау ұрыншақ. (сын есім)- Үшінші жолда – Шапқылайсың даламен, (етістік)- Төртінші жолда Дос болсайшы құлыншақ, - Бесінші жолда - Мен сияқты баламен.
Аяқталуы Қорытынды:Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Соның ішінде төрт түлікке байланысты ұлттық ойындарды білеміз бе? (Бәйге, аударыспақ, қыз қуу, көкпар, теңге алу, асық ойыны, ақсүйек, т.б.)Олай болса Өзіміз ойнайтын ойындарды көрсетіп жіберейікші.Балалар, енді әр топ өзінің түлігіне қатысты заттарды топтастырады.
Үйге тапсырма: Асқар Тоқмағамбетов. Түлік туралы сабақ өлеңін жаттау.
РефлексияБүгінгі сабақ кызықты болды ма?
Қорытынды бағамдау : Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!