Материалдар / Ашық сабақ Асқорыту жүйесі 3-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Асқорыту жүйесі 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
1069
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің «Еңбекшіқазақ ауданының

білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Нұрлы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Пәні:Жаратылыстану

Ашық сабақ тақырыбы:

Асқорыту жүйесі

3«Б»сынып









Бастауыш сынып мұғалімі: Тукебаева.З.А

2020-2021 оқу жылы



Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3Б-сынып

Бөлім: Жанды табиғат. Адам.

Мұғалім: Тукебаева.З.А

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

23.11.2020 ж

Тақырыбы:

Асқорыту жүйесі

Оқу мақсаты:

3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау;

Сабақтың

мақсаты:

Адам ішкі ағза мүшелерін біледі, орналасуын көрсетеді;

Бағалау критерийі

Адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтайды;

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Асқорыту жолы


Асқорыту жүйесінің маңызын түсіне отырып, асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттайды.

Құндылықтар

Оқушыларды өзара ынтымақтастыққа, бір біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Асқорыту жүйесі туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Адамның ішкі ағзаларының орналасуын асқорыту жолдарын біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

1 минут

Ұйымдастыру. Психологиялық жайлы ахуал орнату.

Оқушыларды түгендеу. Амандасу. Сабаққа дайындау.

Балалар, бүгінгі сабақтарыңызға сәттілік тілеймін.


3 минут


Үй тапсырмасы: Тақырыбы Ас қайда қорытылады?

«Кім жылдам» ойыны арқылы сұрау

Сұрақтар:

1. Тағам құрамындағы қандай негізгі қоректік заттар ағзаны құрайды?

(нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералдар, тұздар, су мен витаминдер)

2. Адамның күш-қуатының азайғандығын қайдан білуге болады?

Тез шаршау, қоректік заттардың жеткілікті болмауы, ашуланшақтық, әлсіздік, аурушаңдық.

3.Адам бір тәулікте 4 мезгіл тамақтануы қажет. Неге? (себебі, біздің асқорыту жүйеміздің жақсы жұмыс істеуі үшін, организмде әр уақытта қоректік заттар болу керек)

4.Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Неге? (бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді)

5.Асқорыту мүшелері қалай аталады?

Ауыз қуысы, өңеш, асқазан,ас ішек,тоқішек.

ҚБ «Жапондық» әдіс бойынша бағалау


Сұрақ,

жауап

Жаңа сабақ


3минут






1.Жаңа сабақ. Бейнеролик көрсету

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

- Адам не үшін тамақтанады?

- Тамақтану керек екенін қайдан білеміз?

- Күніне неше рет тамақтанған жөн?

- Кешкі тамақты ұйықтаудан неше сағат бұрын ішу керек?


2. Тәжірибе жүргізу.



Бейнеролик




15 минут

  1. Целлофан дорбаға 4 крекер және 2 ас қасық ас содасын салу.

  2. Крекермен соданы саусақпен мыжып араластыру. Бұл үдерісті «шайнау» деуге болады.

3)   Пайда болған қоспаға су құйып араластыру. Су «сілекейдің» рөлін атқарады.

4)  Осыдан кейін сірке суы қосылады, яғни «асқазан қышқылы». Алдын-ала дайындау: 1/8 кесе суды және 1/5 кесе сірке суын араластырып, тағамдық бояғыштың 2-3 тамшысын қосу. Бұл қышқыл содамен реакцияға түседі және балалар асқазандағы химиялық реакция үдерісіндегідей көпіршіктерді бақылайды.

5)    Қоспадан сусорғыш спонж көмегімен сұйықтықты және крекердің ұсақ ұнтақтарын сорып құрғатады. Балаларға бұл әрекет арқылы ішек қоректік заттар мен суды сіңіретіні түсіндіріледі.

6)   Содан кейін целлофан дорбадан ауаны шығарады да, қоспаны түтікше сияқты бұрайды. Дорбаның түбін шетінен кесіп, қоспаны стақанға қысып шығарады. Бұл ағзаға сіңбеген заттардың сыртқа шығуын білдіреді.


Жұмыстың әр кезеңін талқылап, оқушылар бақылау парағына жазып отырады.

Бақылау парағын толтыру.


реті

Асқорытуға қатысатын мүше

қызметі

1

ауыз қуысы


2

асқазан


3

ішек


- Таңертең таңғы ас іштіңдер. Тамақ қайда кетті, не болды? Жеген тамағымыз ағзада 6-8 м жол жүреді екен. Бұл қалай, байқап көрейік. Тағамның саяхаты неден басталады?

1. -Тамақты ауызға саламыз. Аузымызда не бар? (тіс)

- Тіс не істейді?(Тістеріміз диірмен сияқты жұмыс істейді: олар ұсақтайды және тағамды шайнады. Бұл өте маңызды жұмыс)

2. - Тамақты сілекеймен не ылғалдандырады? (тіл)

- Тіл не істейді? (тамақты араластырады және жұтқыншаққа жылжытады)

- Тамақ жұтқыншақтан соң неге өтеді? (Жұтқыншақтан өңешке өтеді)

- Өңеш арқылы тамақ қайда келеді? (асқазанға түседі) - Асқазан не бөліп шығарады? (Асқазаннан сөл бөлініп, тағамға араласады)

- Содан кейін не болады? (өте тығыз орналасқан ішектің ұзын жолы басталады. Ол мөлшері 8 метрге дейін созылады. Ішектің ашішек және тоқішек деген түрлері болады. Тамақ осы жолды басынан аяғына дейін өткеннен кейін ғана мөлдір сұйықтыққа айналып, қанға сіңіп, бүкіл денеге таралады)

- Асқорытуда бауыр қандай рөл атқарады? (Бауыр асқорыту үшін ішекке майды ерітетін арнайы сұйықтық бөледі)

- Асқорыту қанша сағатқа созылады деп ойлайсың? (Осылай 7-8 сағат бойы біздің ағзамыз тағамдардан қоректік заттарды өзіне сіңіреді. Ал қорытылмаған тамақ ағзадан шығарылады)

ҚБ ауызша



2 минут

3.Сергіту сәті. Жұмбақтар жасыру


Үңгірді жайлаған,сүйексіз, тиексіз,

Жылмаңдап сайраған. (Тіл )


Таппайтын тағат, Тығулы сағат. (жүрек)


Сыртқа шығар жолы тұйық Түсі шымқай қызыл сұйық (қан)




3 минут

Жұптық жұмыс. 34-жұмыс парағы. «Асқорыту мүшелері»

Асқорыту мүшелері мен оның қызметін сәйкестендіруге бағытталған тапсырма.

Критерийлер:

-Асқорыту мүшесінің суретін анықтайды;

-Берілген суретті оның қызметімен сәйкестендіреді.

Дескрипторы:

  • Ас сілекеймен араласып, майдаланатын қуысын анықтай алады;

  • Ас қоймалжың ботқаға айналып қорытылатын қуысты анықтайды;

  • Жұтқыншақты асқазанмен байланыстыратын мүшені біледі;

  • Қорытылған астың қанға сіңіп, ағзаға тарауына көмектесетін мүшені анықтайды.


ҚБ Өздерін тексереді «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.


Қортынды



2 минут

Еліміздің, қазақ ұлтының болашағы - жас ұрпақ! Қазақ халқының қаны таза, дені сау, сымбатты, білімді болуы үшін салауатты электронды кітап өмір салтын сақтап, дұрыс тамақтануды естеріңде сақтаңдар!


Үйге тапсырма


Тамақтануға байланысты тыйым сөздер жинақтау


Сабақтың соңы


2 минут


Рефлексия:


Ауыз қуысы


Сабақты түсінбедім

Өңеш


Сабақты жартылай түсіндім


Асқазан


Сабақты толық түсіндім

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!