Материалдар / Ашық сабақ: Астана
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: Астана

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Маусым 2019
194
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОРИГИНАЛ ГЛОБУС +:ЕСКЕРТУ!!!
87476969810
Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады.
ОРИГИНАЛ ГЛОБУС + ШПАРГАЛКАСЫНА ЗАКАЗ БЕРУ ҮШІН: 87476969810
Таратқан адам авторлық құқықты бұзғаны үшін, айыппұл төлейді.
Эссе авторы: https://vk.com/essay_kz
№1 Махамбет жырларында Исатай бейнесін сомдаудағы ақынның тіл шеберліктерін
мысалдар арқылы талдап жаз.
Аумалы төкпелі заманда, қара бала қара қазан қамы үшін дүйім жұртты артынан ерткен
Махамбет еді. Махамбет – көтеріліс туын көтерген жалынды үгітші, әрі ардақты ақын.
Еліне емірене қызмет етуді бүкіл ғұмыр тіршілігінің мазмұны деп білген Махамбет, қолына
қоңыраулы найза алып, асқақ жырымен Исатай басшысының соңынан ерді.
Махамбет – ел үшін еңіреген ерді аңсаған, соған бар ақындық жүрегін арнаған. Ол:
«Асқар елдің баласы, жауды көрсе шыдамай, көзін салар қияға», – деп бүкіл поэзиясына
ерлікті ту етті. «Қарада да қара бар, хан ұлы басып өткіссіз», – деп елі үшін қан майданға
тайсалмай түскен қайыспас қайсар, қара қазақ қамы үшін халықтан туған ер ұлды жырлаған,
соны өнеге еткен, соған асыл сөз маржандарын тізген. Махамбет «қазанаттан туған қаз
мойын, ауырдан туған жампозды» Исатай бойынан көрген. Сондықтан да оның жырларында
Исатай тұлғасы ерекше бейнеленеді. Ал Махамбеттей өр ақын Исатай бейнесін сомдауда
қандай тіл шеберліктерін қолдана білді? Оны ерлігін қалай жеткізе білген?
Ақын оның ерлігін «Арыстан еді-ау Исатай, бұл фәнидің жүзінде, арыстан одан кім
өткен?!» деп суреттейді. Ақын, әсіресе, «Тарланым» деген өлеңінде алуан сөз образдарын
қолдана отырып, Исатай батырдың сом тұлғасын жасаған. Ең алдымен, Исатайды қол
жетпес «таудан мұнартып ұшқан тарланға» балайды. Махамбет оның арыстандай қайратты
тұлғасына орай көркем сымбаттын: «Кермиығым,кербезім, керіскендей
шандозым...Қырмызыдай ажарлым», - деп суреттейді. Исатайдың сыртқы сұлу пішінімен
бірге, «теңіздей терең ақылдым, тебіренсе ауыр мінездім» деп, оның сабырлы, ойлы,
парасатты жан екенін, тек батыр ғана емес, «хиуадай базарлым» деп сері екендігін де
көрсетеді. Оның ақбөкендей ойнаған Ақтабан аты да, асынған қаруы да ақын назарынан тыс
қалмайды:
«Мінгені Истайдың Ақтабан аты ай,
Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны ай...
Ақтабаны астында,
Дулығасы басында...» – деп қас батыр кейпінде мүсіндеген.
Махамбеттің Исатайды сонша дәріптеуінің, менің ойымша, негізгі түйіні – «қызғыштай
болған есіл ердің» тек ерлігінде не жолдасты тастамайтындығында емес, сол ерлікті
патшаға, ханға, билерге қарсы, еңбекші бұқараны жауыздардың қанды шеңгелінен босату
үшін жұмсағанында еді деп білемін. Махамбет Исатайды халық қам үшін белдескен ер,
батыр, ел басшысы, қамқоры етіп суреттейді. Ақынның: «Ағайынның басы еді, алтын ердің
қасы еді. Исатайды өлтіріп, қырсықта шалған біздің ел» деуі де содан. Өйткені, Исатай – ел
басшысы.
Қорытындылай келе, Исатайға арналған Махамбет өлеңдерінде батырға деген асқан
сүйіспеншілік, терең сезім шынайылығымен, мөлдірлігімен оқырманды сүйсіндіреді. Исатай
бейнесі ақын жырларында асқан көркемдікпен, шеберлікпен өрнектелген. Сонымен қатар,
қазақ әдебиетінде адам образын сомдауда Махамбет тамаша шеберлік таныта білді деуге
болады.
№2 Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош бейнесін берудегі автор
шеберлігін сипаттап жазыңыз.

«Ғабит Мүсірепов ардақты тұлға. Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген
сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны ерекше бай. Демек, Мүсіреповті мақтаудың
керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек»,– деп З.Қабдолов айтқандай, кеңестік дәуірде кең
өріс жайған, көпжанрлы, биік профессионалды қазақ әдебиеті шеберлерінің алғы шебінде
Ғабит Мүсіреповтің есімі аталады. Оның қаламынан көптеген қызықты әңгімелер,
новеллалар, очерктер туды. Сондай туындыларының бірі – «Қазақ солдаты» романы.
«Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай–қарай зытып келе жатқаным – қашып келемін,
артыма қарай беретінім – қорқып келемін» деп шығарма басын жазушы сиыр айдап жүрген
Қайроштың сөзімен бастап, оның соңында ержүректі, қайсар батыл тұлға болғанын
әңгімелейді. Қайрош – романның басты кейіпкері. Ол – Кеңес Одағының батыры Қайырғали
Сыпағұлов болып табылатын Қайрош Сарталиев еді. Ал осы кейіпкердің образын жасауда
жазушы қандай шеберлік танытты? Қайрош бейнесі қалай сомдалады?
Біріншіден, Қайрош, ол – қысылшаңда жол табатын, басқа ажал қаупі төнген қиын қыстау
шақтарда еңсесін түсіп езілмейтін, сонымен қатар, қайғы мұңға болй алдырмайтын жігерлі
жауынгер. Романда соғыс шындығының талай қиын өткелдері, жауынгерлер басынан өткен
талай қатерлі сынақтар көрсетілген. Осы қысылтаяң кездерде Қайрош үнемі сабырлы,
байсалды қалыпта көрініп, қиындықтан шығудың жолын тауып отырады. Ер мінезділігімен,
алғыр ойымен батыр тұлға әрдайым серіктерін сүйсіндіріп, оларға үлгі болып көрінеді.
Мәселен, романда Қырым жағасында соғыс сипатталған бір сәтті көз алдымызға келтіріп
өтелік. Сол бір қилы заманда совет сарбаздарының оқ дәрілері де азайған, азық түліктері де
таусылған, көп күн ұйқы көрмей қажып шаршаған кездері болатын. Осы қатаң шайқаста
Қайроштың көр серігі, жан жолдастары ерлікпен қаза табады. Толстов, Гришин, Қайрош
үшеуі ғана тірі қалады. «Егер жау берілмесе, оны құртар болар», міне, дұшпанмен қанды
шайқас үстінде әр совет жауынгерінің көкейінде сайрап жатқан сөз осы еді. Дұшпанға қарсы
ерлікпен күресу үшін жауынгердің бойында Отанға деген зор махаббат болуымен қатар,
оның оттай жүрегінде дұшпанға деген ызалы өшренділікте лапылдап жанып тұруы керек.
Ғ.Мүсірепов Қайрош пен оның майдандастарының ерлігін суреттегенде, олардың
бойындағы осы қасиеттерді толғана ашып отырады. Шығарманы оқығанда оқушыны өзіне
баурап, оны ерлік сезімге бөлеп отыратын салалары да, міне осында еді.
Екіншіден, көркем шығарманың, оның кейіпкерлерінің толық ашылу қасиеті оқиғаларды
таңдап алумен, шебер композициясымен, характерлердің шыншылдығымен ғана шектеле
бермейді.Сол себептенде, «Қазақ солдаты» романында тілдік шеберліктің неше алуан
жарқын, әрі сәтті мысалдарын кездестіруге болады. Мұнда мінез бен тұлғаны жарқ еткізіп
аша түсетін диалогтарда, ішкі жан дүниесін танитын монологтар да, жанды бейнедей
елестейтін табиғат суреттері де аз емес екеніне көзім жетті.
Қорыта келе, «Қазақ солдаты» романы – Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндерінің
шындығын бейнелейтін туынды болып табылады, Ал жазушының бақыты мен мәртебесі
халықтың оған деген сүйіспеншілігі мен сенімінде, аталмыш шығармаларының жержүзілік
даңқа ие болуында деп ойлаймын..
«Жауынгерді айналдырып кұрышқа,
Тайсалмастан кірген талай ұрысқа
Ұрпағына үлгі болған ғұмырын
Ұқсатамыз жарқылдаған қылышқа»
Бұл қазақ солдаты – Қайырғали Смағұлов.
№3 Жамбылдың «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі мен Абайдың Әбішке арнаған
өлеңдерінің жазылу стилі мен мазмұнындағы үндестікті салыстыра талдап жазыңыз.

1941-1945 жылдар аралығында неміс фашистерімен болған соғыс зардаптарын арқау
еткен Жамбыл «Өмір мен өлім белдесті», «Ленинградтық өренім» т.б. өлеңдерімен қатар ,
соғыста мерт болған сүйікті баласы Алғадайға арнаған бірнеше өлеңдері бар. 1942 жылы
майдандағы баласы Алғадай хат жазып, елі мен жері үшін қалай қан төгіп жүргенін
баяндайды. Жамбыл ақын оған былайша жауап қайтарады: «Балам, хатыңды оқып, халіңді
білдім, соған қуанып отырмын. Сұраншы, Саурық секілді қаһарман болыпсың. Жамбылдай
әкеден тудың, сондықтан аянба. Осы жырымды майдандағы барлық ерлерге жеткіз»,–дейді.
Алайда сүйікті ұлының қазасы ақынның жанжүрегін жылатады. Ұлын жоқтаған әке
жүрегінің зары былайша төгіледі:
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сарыарқаны сандалсам,
Саңлағымды табам ба?
Өлім деген у екен
Мендей кәріп адамға...
Алғадайдың ұлы Қуанышты қам көңіліне жұбаныш тұтып, ес жинағандай болады. «Ата
әлдиі» өлеңі – атаның немересіне деген осындай көңілін, атаның болашаққа, өзінің артынан
еріп келе жатқан ұрпағына тілек ниетін танытады.
Абайдың Әбдірахманға арнаған өлеңдерін тұтас алып қарасақ, бұндада бауыр еті
баласынан айырылған әке күйзелісі, ақынның көңіл–күйі, қайғысы мен жүрегін жарып
шыққан тебіренісі көрінеді. Дегенмен арнау өлең түгелдей біркелкі емес. Сондықтан
Әбдірахманға арналған өлеңдерді екі топқа бөліп қараған жөн. Алғашқы топқа –
болашағынан көп үміт күттірген Әбдірахманның аяқ астынан науқастанып, емханада төсек
тартып жатқан кезде хат түрінде жазған өлеңдері жатады. Бұнда ақынның сырқат баласының
халіне ортақ болып, тағат таппай қиналған сәттердегі жүрек сезімі, оның тезірек ауыр
дерттен айығуына қанаттандырып, жазылып шығады деп сенім білдірген үмітті сөздері жыр
болып төгіледі. Екінші топқа, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген баласы
Әбдірахманның қайтыс болған кезде мезгілсіз қазасына қайғыру үстінде шығарған
өлеңдерін жатқызамыз.
Ал осы екі ақынның баласынан айырылған кездегі жан жарасы анық бейнеленген өлеңдердің
өзара үндестігі қандай? Оларды не байланыстырады?
Менің ойымша, бұл өлеңдер қазақ салтына жататын жоқтау өлеңдері болып табылады.
Сонымен қатар, болашағынан көп үміт күттіретін асыл азаматтан айырылған кездегі әке
зары мен пешенесіне жазылған тағдырды қабылдай алған ата ананың қайсарлығын көруге
болады.
Қорыта келе, өзі мәпелеп өсірген баласының асыл қасиеттерін сипаттай отырып, өзінің
артынан ерген ұрпағына аманат етуі – осы екі өлеңнің ұқсастығы мен негізгі түйіні дер едім.
№4 А.Байтұрсынов пен Абай аудармаларының арасындағы үндестікті дәлелдеп
жазыңыз.

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысының әйгілі
Торғай атырабындағы атақты Ақкөл жағасында дүниеге келген.
Ахмет Байтұрсынұлының «қазақтың бас ақыны» деген мақаласы абайтанудың ғылым
ретінде қалыптасуына қосылған үлкен үлес. Мұнда Абайдың Петерборда басылып шыққан
тұңғыш өлеңдер жинағы талданып, оның ақындық шеберлігі пайымдалады. Абай
ақындардың ақыны екенін айта келіп, мақаланы «одан асқан бұрынғы заманда қазақ
баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген түйіннен бастау тың, аса ұтымды пікірге
балаймын. Бұл мақала күні бүгінге дейін өлең сөзді байыптап, бағалаудың үлгісі болып
қалып отыр.
Ал осы Ахметтің ақындық бейнесі, сонымен қатар аудармашылығы 1909 жылы
Петерборда басылып шыққан «қырық мысал» жинағынан басталады.
«Қырық мысал» – ұлы ағартушының түбірлі, түбегейлі тәрбиелік мақсаты мен мұратынан
туған өлеңді шығармалар топтамасы. Кітапқа енген қырық мысалдың біршамасы
И.Крыловтан аударылған екен, дей тұрғанымен осы қырық өлеңнің бәрі де оқыған адамға
аударма секілді көрінбейді. Мазмұн жағына келсек, әрине, Крылов пен Байтұрсынұлының
суреттер шындығы, сол арқылы жеткізген идеясы мен астарлы ойы, ұсынған түйіні біреу. Ол
адамдар арасындағы алауыздық пен оның келтірер зияны. Жалғыз–ақ, осы түйінді орыс
ақыны өлеңнің басында айтса, қазақ ақыны бұл ойды таза қазақы мәнде машықпен одан
өрбіте келе, көпке өнеге, үлгі ретінде ұсынып, өлеңнің аяғында береді.
« Жиған терген » өлеңі – Абай үлгісінде «Сегіз аяқ» өлеңімен жазылған.
Ал осы өлеңдерін Абай үлгісіне келтіріп, содан өнеге алып жазған Ахмет пен қазақтың
бас ақыны Абайдың аудармалары қандай үндестік табады? Олардың не байланыстырады?
Ең алдымен, Абай аудармасына зер салып көрелік.
Жастайынан халық ауыз әдебиетінен сусындап өскен Абай, орыс әдебиетімен Семейге
оқуға барған кезде алғаш танысады. Бірден қызығып оқып, бас қойып сусындаған шақта
өлең үшін шабыт алады. Негізінен өлеңдері есіткеннің жүрегін жігерлендіретіндігі,
шығармасының оқыған жанды баурап алатындығы Лермонтовқа үндес келеді. Тек өлеңдерін
ғана емес поэмаларынан үзінділер аударып, Пушкиннен қуат алып, қазаққа танымал
«Татьяна әнін» жарыққа шығарады. Сонымен қатар, Крыловтан мысалдарда аударған екен.
Менің ойымша, Ахмет пен Абайдың өлеңдерінің, соның ішінде, аудармаларының
ұқсастығы мынада тәрізді: екі ақында қазақи тәлім тәрбие берумен қатар, болашақ ұрпаққа
деген жақсылық, асыл қасиеттерді өнеге үлгі етіп қалдырған. Сонымен қатар, мақал
мәтелдерді ұтымды пайдаланып, ойды таза жеткізгендігі үндестік табатындай.
Қорыта келе, қазақтың бас ақындары саналатын екі ақынның да қай шығармасы болсын,
тіпті аудармаларынан да қазақилық пен өнегеге толы мол мұра тұнып жатыр. Бірін бірі
толықтырып, бізге, келешек ұрпаққа рухани асыл қазынаны сусындау үшін қалдырып
кеткендей.
№5 С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романындағы Әжібайға тән қасиеттерді қазіргі
жастардың бойындағы мінез-құлық, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.

Сұлтанмахмұт – адам құқын қорғаушы, азат өмірді аңсаушы жас. Жастардың теңіне
қосылып, білім алуына, халқын өрге сүйрер алғыр азамат болып өсуіне тілек қосады.
20 ғасырдың басындағы қазақ ауылының әлеуметтік өмірін кең қамтитын суреттеуде
Сұлтанмахмұттың «Кім жазықты?» өлеңімен жазылған романының маңызы зор.
Романның негізгі кейіпкерлері – қазақтың билеуші табының өкілдері. Олардың өсіп,
тәрбие алған ортасы, ел басқару жүйесіндегі мінез – құлықтары роман оқиғасының негізін
құрайды. Тасболат байдың үш буын ұрпағы ( өзі, Әжібай, Қабыш ), орта шаруаның өкілі
Байбол, ауылдағы жас, жаңа ұрпақтан Әнуар, Күлтай бейнелері айрықша сомдалған.
Бұлардан басқа романда аздаған қала адамдары да бейнеленген. Ал шығарманың негізгі
идеясын осы бейнелер арқылы берілген.
Сұлтанмахмұт Әжібайға тән қасиеттерді неге айрықша берген? Оны қазіргі жастардың
бойынан көре аламыз ба? Ең алдымен Әжібайдың мінез құлқына зер салып көрелік.
Негізінен жазушы Әжібайды жасынан алғыр, зерек, көзінде жалыны, бойында қуаты бар
бала еді деп суреттейді. Алайда оны өскен ортасы, ең алдымен бай отбасынан нашар тәрбие
алғандықтан жақсы жолдан тайдырып, бұзық жолмен өседі. Ал бұның себебі неде?
Жас болса да алғыр әлі зейінді, пысық баланы әкенің тәрбиесіздігі мен ескі салт сана
бұзады. 5 жастағы Әжібайға әкесі 11 жасар Жәмиланы қалыңдыққа айттырады. Оның үстіне
Тасболатқа оның білім алып, көзі ашық зиялы болғанын қаламай, оқудан шығарып әкеледі.
Ескі әдет заңы бойынша, Жақыптың айттырған жесірін алуға тиіс еді. Міне, осыдан бастап
әке мен бала арасында келіспес тартыс басталады. Осының салдарынан үйінен безіп, «кезбе»
атанады. Ойлағаны тек ойын сауық пен күлкі ғана болады.
Менің ойымша, осы тұста Сұлтанмахмұт қазіргі қазақ жігіттерінің мінез–құлқын, жүріс
тұрысын шенеп тұрғандай. Себебі, қазіргі қоғамда да Әжібайлар аз емес. Олардың бар
атқарар жұмысы ата–анасының тірнектеп жиған байлығын шашып, еңбегін күл қылып,
сауық сайран құру. Дала мен қалада қыдырып жүріп, ата–анасының үмітін ақтамайды.
Сауық күйттеген мағынасыз өмір өткізіп, ең соңында оның аяғы дәл Сұлтанмахмұт сомдаған
кейіпкердің өміріндей аяқталуы әбден мүмкін. Себебі, тұрмыста осындай азғындалған
Әжібай кейін екі әйел алады, алайда бар ойы мал шашу болған ол бірде біреуімен тату да
тұрақты өмір құра алмапты.
Қорыта келе, қазақтың дара жазушысы Сұлтанмахмұт сол замандағы Әжібайды мысал
келтіре отырып, бізге, келешек ұрпаққа өнеге қалдырғандай. Сол арқылы тәлім тәрбие беріп,
түзу жолдан таймауға, ата ана үмітін ақтап, адал еңбек етіп, үлгілі азамат болуға
шақырғандай.
№6 С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Адақ пен М.Жұмабаевтың «Батыр
Баян» поэмасындағы Баян бейнесін салыстыра талдап жазыңыз.
Сәкен Сейфуллин қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы, революционер ақын. Оның
поэзиялық шығармалары одан қалған әдеби мұраның негізін саласы деуге болады. Осындай
тағы бір көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаев. Ол қазақ поэзиясының шолпан жұлдызындай бірі
әрі бірегейі болып табылады.

Кеңес үкіметі кезіндегі ауыр жаладан ақталып, шығармасы ел игілігіне айналғанға дейін
М.Жұмабаев шығармашылығы, оның ішінде «Батыр Баян» туындысы романтизм саласына
жатады. Ал С.Сейфуллиннің халық арасына кең таралып, көкейімізде жатталып қалған
поэмаларының бірі «Көкшетау». Бұнда Арқаның ең көрікті, әсем жерлерінің бірі
Көкшетауды үлкен шеберлікпен суреттеледі.
Бізге берілген шығармаларда Адақ пен Баянның қандай байланысы бар? Екі кейіпкердің
мінезі мен іс әрекеті қандай үйлесім табады? Осыған талдау жасап көрелік
Менің ойымша, көркем әдебиеттен өзіндік орын алған екі шығарма да бірінен бірі асып
түсетіндей. Батыр мен Адақтың батылдығы, ержүректілігі, халқының тұлғалы азаматтары
болуы осының дәлеліндей.
Пайымдап қарар болсақ, С.Сейфуллиннің поэзиясының күші мынада деп білемін: ол ұлттық
мінезін, табиғатпен көркем астасқан мәңгілік жанды жаратылысымен, нақты бейнеленген
ақиқатымен ойды баурап, сананы жаулап аларлықтай дер едім. «Көкшетау» поэмасының
кейіпері Адақ әділ, кішіпейіл, батыр әрі ермінезді адам ретінде бейнеленеді. Ал Батыр Баян
болса, халқының тәуелсіздігі жолында аянбай күрескен ардагер, батыр әрі жан жүрегінда ар
мен намыс лапылдаған жауынгер. Екі шығарманы салыстырып қарасақ, мұнда қалмақ қызық
жайлы сөз етіледі. Бірі жас қызға қол ұшын берсе, екіншісі керісінше, аяқтай шалғандай
болады. Сонда екі кейіпкердің айырмашылығы осыдан көрінеді. Адақ қызға көмектесіп,
басына азаттық беріп, бостандық сыйласа, Батыр Баян ар мен намыс жолында сатқындық
жасаған қызды қуып жетіп, о дүниеге аттандырады. Алайда, мұнда Батыр Баян ісі арқылы
оны біз нағыз азамат екендігін, туған елі мен жері үшін бәріне де дайын екенін көреміз, Ал
Адақ кеңпейіл әрі қайырымды мінезімен жақсылықтың символы ретінде көрінеді.
Қорыта келе, міне, олардың мінезі мен атқарған әрекеттері арқылы екі туындының,
айырмашылығын, бізге берер мәні мен тәрбиесінің әртүрлілігін байқаймыз. Өте әсерлі
психологиялық поэмалар жазушының айтар ойын дөп жеткізгендей.
№7.

Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы адамдар арасындағы
тартыстың әлеуметтік тартысқа ұласуын дәлелдеп жазыңыз
Азамат соғысынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру және ауылды
ұжымдастыру дәуірінің шындығын суреттеуде Ғабиден Мұстафиннің « Дауылдан кейін »
атты романының елеулі мәні бар. Қызғылықты да өзіндік сыры мен шыны мол өмір
суреттері жазушының төл туындысы арқылы жаңа бір әдеби толқындай жалғасын тапты.
Романның желісімен таныса отырып біз, қазақ ауылының революциялық өзгерістердің
құшағына кіріп, кеңестік дамуға бет алу жолдарын терең танып түсінеміз. Дүрбелең кезең
белең алып келе жатқан жылдардағы ауылдағы таптар тартысының әсерінен оянып, көтеріле
бастаған жалшы кедейлер негізгі қоғамдық жаңа күшке айналғаны айқын көрінеді.
Осындай қазақтың біртуар жазушысының қаламынан туған осындай шығармада адамдар
арасындағы тартыс қалай бейнеленген? Бұндай қақтығыстар әлеуметтік тартысқа ұласа алды
ма? Романның негізі арқылы саралап, осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Мұнда қоғамның
қарама қарсы екі түрлі таптың күштері сол қалпында өмір сүріп отырса да, екеуінің өміріне
кеңес заңы арқылы кірген өзгерістер көзден таса қалмайды. Байлар етек жеңін жинап, қанды

тырнағын ішіне тығып қымсына, үрейлене отырып өз тіршілігін қамтып жүреді. Ал кедейлер
тобында бұрын соңды болмаған жаңа өзгерістер жаңа сәулеге ұмтылыс оянып, іздену, ілгері
басу байқалады. Бұл процесс ақырындап бай атауын тарих сахнасынан ығыстырып
шығаруға дйін жеткізгені көрініс табады. Сондай ақ революцияның бір толқыны жанап
өткен қазақ ауылында баяу болса да іске асып келе жатқан осы бір өзгеше тіршілік пен
қоғамдық даму, осы негізде халықтық сана сезім мен мінез құлқында туған жаңашылдық,
менің ойымша, романның негізгі тақырыбы, әрі жеткізейін деп отырған ойы секілді.
Ғабиден өзі суреттеп отырған өмір шындығын, сол заман адамдарының өміріндегі
өзгерістерді терең білетін жазушы есебінде роман сюжетін кейіпкерлердің тағдыры мен
қақтығысына құрып дамытады. Сол себепті шығармада алдымен оқиғалар тізбегі емес,
адамның іс әрекеті көрінеді. Сол арқылы дәуір сипаты, оның сыры, адам санасындағы
өзгерістер ашылып, өз сипатын танытады. Қазақ ауылындағы кеңес жұмыстары ұзақта әрі
қиыншылығы қатар жүре отырып іске асады. Байлар мен кедейлердің арасының ара жігін
ажырату, кедейлерге таптық мүддесін танытып, өздерін қанаушыларға қарсы күреске
шақыру, жасқаншақ қазақ кедейінен саналы күрескерлер тәрбиелеу роман оқиғаларының
негізін құрайды деп толыққанды айтуға болады.
Менің ойымша, феодалдық рушылдық салт санамен уланған, күрес жолынан аулақ таптық
жік жайында таза ұғымы жоқ ауыл кедейлерінің кеңестік дамуға бірден көндіге алмай, ұзақ
қателіктерден кейін ғана өмір сырына көндіге бастағанын кейіпкерлер өмірі мен образдары
арқылы анық та айшықты түрде бізге ашып көрсеткендей.
Қорыта келе, Ғ.Мұстафин бұл романы арқылы өзінің өсу үстінде екенін, шеберлігі жетіле,
кемелдене түскенін танытты. Әлеуметтік күрескерлердің алға қойған мақсаттары
салмақтана, байсалдылық тарта бастағаны аңғартылады. Сол арқылы да бізге сол заманның
ащы шындығы мен халық тұрмысының бай картиналарын көзге елестете отырып, дәстүрдің
өзіндік ерекшеліктерін, жаңашылдықтың қазақ даласына баяу тарап, әлеуметтік тартысты
дөп басып бейнеледі.
№8 Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы кейіпкерлердің мінезін
сомдаудағы ерекшеліктерін талдап жазыңыз
Әбдіжәміл Нұрпейісов Қазақстанның халық жазушысы, қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан
суреткерлердің бірі , қоғам қайреткері. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отаг соғысы ардагері,
Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномет ортасында саяси
қызметкер, көптеген шайқастарға кіріп, ерлік танытқан талантты жазушы.
Жазушы өзінің әдебиеттегі алғашқы қадамын бірден сүйікті жанр романнан бастады. Ұлы
Отан соғысынан жаңа оралған майдангер іштен тебіндеген албырт шабыты қолына қалам
ұстатқанда, ақ қағазға алдымен қанды ұрыстан, өмір мен өлім айқасынан алған әсерлерін
түсіреді. Майданнан қайтқан жас офицер Әбдіжәміл туған жерімен қаншама сағынып
қауышса , оған деген махаббатын роман жанрының кең байтақ өрісінде шын жүректен
жырлап шығуға соншама ынтыққандығын шығармашылығынан айқын аңғартады.
«Қан мен тер» трилогиясы ел, халық, оның әлеуметтік тағдыры туралы шығарма. Уақыты
өзгергенімен, заманалық дәуірлігі өзгермейтін туынды екені хақ. Роман Арал теңізі жанында

тіршілік еткен қазақ халқының революция кезіндегі тұрмыс салты, күн көрісі, орыс
басқыншыларының зорлығы мен қорлығы бейнеленеді. Сонымен қатар, балық өндірісінің
басшысы Федоровтың балықшыдары қиындыққа түсіріп қанауы бай мен кедей арасындағы
тап күресі мен әйел теңсіздігін бізге айқын танытатындай. Ал ең басты кейіпкер орташа
шаруадан шыққан Еламан образы арқылы Аралдағы барлық балықшылардың тағдырын
танытып, бізге ьір кейіпкер арқылы аламдар арасындағы алауыздық пен жауыздықтың
өршіп, кедейдің ауыр тұрмысын көз алдымызға келтіпгендей. Міне, осы кезде жазушы
шеберлігі айқын танылады.
Менің ойымша,«Қан мен тер» кейіпкерлерінің оқиғаға қатынасын, олардың жан дүниесі
арқылы ашуды көздеген шығарма екені анық. Дегенмен де ондағы кейіпкерлері өзіндік
ерекшелігімен, мінез құлқының әртүрлігімен дараланып тұратынын танытады.
Қорыта келе, Ә.Нұрпейісовтің керемет туындысы әлемнің көп елдері таныған көрнекті
шығармалардың бірі деп айта аламын. Ел, халық, оның әлеуметтік тағдыры дәл беріліп,
Арал теңізінің тағдыры арқау болды. Жазушы романда экология мәселесін көтере отырып,
жазушының жаңа ізденісі деп айтуға болады.
№9. Ә.Кекілбаевтың «Үркер» романындағы Әбілқайыр тұлғасын сомдаудағы
суреткерлік ерекшеліктерін талдап жазыңыз.
«Үркер» - тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын кеңінен толғайтын кең
құлашты күрделі роман.
Бұл романның негізгі тақырыбы – қазақ халқының 18 ғасырдың басында ел тәуелсіздігі
үшін жүргізген күресі, ал негізгі идеясы ел мен жердің тұтастығы мен тәуелсіздігі болып
табылады. Әсіресе романның бас кейіпкері, әрі өз тұлғасымен жазушыны шабыттандырған
Әбілқайыр бейнесі ерекше берілген.
Әбілқайыр тұлғасы көпқырлы, терең сырлы. Оны өзгелерден даралап көрсететін бірнеше
ерекшелігін саралап өтсем. Ол – хан, ақылға да, айлаға да жүйрік; тарихи дәуір мен
оқиғалардың ең өзекті, мәнді сипаттамаларын саяси әлеуметтік барлық қыры мен сырын
өзгелерден терең пайымдайды; халқының тағдыры үшін батыл шешімдер қабылдайды;
қайсарлығын таныта отырып, елдің игілігі үшін дұшпандары мен жаударына қасқайып
қарсы тұратын ардақты ер деп толықтай айтуға болады.
Алайда жазушы батыр әрі ханның тұлғасын сомдауда қандай суреткерлік көркем бейнелерді
қолдана білді? Романды көркем жеткізу үшін Әбілқайырдың қандай ерліктері арқылы
жеткізді?
Менің ойымша, Әбілқайырдың алғырлығы мен қайсарлығын романды оқи отырып анық
байқайтындаймыз. Ол әуелде бойын жасырып, мұратына жеткізер жолды алыстан барлайды.
Іске де, сөзге де мығым келеді. Хан тағына алып баратын ағалық жол басқаныкі болғанымен,
ойының саралығы, ісінің даралығы жағынан бұл басқа сұлтандардан әлдеұайда үстем болып
өседі. Ол өзінің осы қасиетін байқап қана қоймай, өзгелердің сол қасиетіне көздері жеткенін
қалайды. Осы мақсатына сай, ол өзінің өзгелерден артықшылығын тура билердің, ұлыс
ақсақалдардың, аты шыққан, халыққа еңбегі сіңген батырлардың көзіне көлденең тартып,
көрсете біледі.

Міне, осы кезде Әбілқайыр іргелі мақсатқа қол созғанда осы секілді әрекеттерімен үлкен
жетістіктерге жете білгендей.
Сонымен қатар, қашқанын қуып жететін, көздесе атып түсіретін мерген, хас батыр, сом
тұлғалы ер, ақыл мен айласы қатар жүретін әділ болып шыққанын көруге болады.
Менің пайымдауымша, жазушының ең әсерлі суреттеп жеткізен жері, Әбілқайырдың
халық қамын ойлап, толғанып, бір шешімге келуі – елінің амандығы үшін Ресейге пана
іздеп баруы деп білемін. Сондай-ақ романның соңында елі үшін туып, халқына қызмет
көрсеткен ердің арманы мақсатына айналып, үміт оты жануы Әбілқайырдың ерекшеліктері
мен болмысын түйіндеп тұрғандай.
Романның тағы да бір ерекшелігі деп, ел басына қиын қыстау кезең туғанда, өз жеке басы
үшін емес, ел тағдыры деп басын тәуекелге тігіп, игілікті жолын таңдауы. Мұның өзі ханның
сыртқы саясаттағы біліктілігі мен алғырлығының белгісі ретінде танылады.
Қорыта келе, алдына мақсат қойып, соған өзінің табандылығы мен қайсарлығы жете
білген Әбілқайыр бейнесін жазушы оқырмандарына керемет жеткізе білген деп ойлаймын.
Себебі, тек қара басың үшін ғана емес, елім, жерім деп ерлікпен күресіп, мақсатың жолында
аянбай еңбек ету керектігін бізге өнеге етіп қалдырғандай болды.
№10 О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі реализм мен романтизмнің астасып келуін
дәлелдеп жазыңыз.
Романтизм мен реализм бір – біріне қарама қарсы әдеби бейнелеу тәсілдеріне жатпайды.
Бірақ екеуі екі бөлек дүние деп қарастырылады. Мысалы, алғашқысы шындыққа жанасымды
келсе, кейінгісінің романтикалық сарыны басым. Алайда кез келген шығармада олар
ажырамас бірлікте болуы бек мүмкін. Академик Зейнолла Қабдоловтың сөзімен айтсақ, әр
суреткер осынау екі әдістің тек біреуімен ғана жазады, екеуінің басын бір жерге қоса
алмайды, ол не таза реалист, не таза романтик болуға тиәс деп түсінсек қателеспес едік.
Қай кезде жасамасын, бәрібір барлық қазақ жазушылары жайлы осыны айтуға болар еді:
бәрінің шығармашылығында реализм мен романтизм астасып жатады. Сөзімнің дәлеліндей,
Оралхан Бөкейді алып қарасақ.
Кейбір зерттеушілер О.Бөкейдің шығармашылық өсу жолында «романтизм мен реализге
қарай бет бұру» байқалады дейді. Бірақ осыған қарап жазушы шығармашылығының өсу
жолында романтизмнен реализмге қарай толық көшу деп түсіну керек. Алайда жазушының
алғашқы қаламынан туындаған шығармаларындағы романтикалық сарын кейіннен реалистік
прозаға ұласты деуге әбден болады. Оны біз Оралхан Бөкейдің ескі аңызға орай жазылған
«Қар қызы» повесі арқылы талдап көрелік.
Повестегі жас жігіттердің совхозға шөп жеткізу мақсатында шаруашылық сапарға шығуы,
жол қиындығымен қатар қыстағы ауыл көрінісі реалистік тұрғыдан суреттелген. Бірақ
кейіпкер Нұржанның сол сапарға шыққандағы негізі мақсаты шөп жеткізу емес, аңызға
айналып, сағымдай болған қар қызын көру еді. Романтикалық сипат осы кезде толығымен
ашылады. Себебі, Нұржанның сезімге бой алдырып, қызды көруге ынтығуы шығармаға
ерекше өрнек қосқандай.

Менің ойымша, «Қар қызы» повесінің шыншыл шығарма болып түзілуі автордың көрген
түйгені, өз басынан кешкен оқиғалары әсер еткені байқалатындай. Себебі, кеіпкер
Нұржанды тани отырып, Оралхан Бөкейдің болмысын анық танығандаймыз.
Қорыта келе, осы оқиғаның жазушы өз басынан өткізгендігін тани отырып, өмірде
түйгендерін қорытып, жасақтау арқылы романтизм мен реализм тұрғысында жеткізе алу
жазушы шеберлігі екенін айқындайтындай.
№11 М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайға берілген әке тәрбиесінің
негізінде жатқан тұлғалық қасиеттерді дәлелдеп жазыңыз.
Ұлы ақын әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының қилы тағдырының мыңмен жалғыз
алысқан ғибратты ғұмырын сипаттайтын, бізге ұлы ақынның өмірімен таныстыратын «Абай
жолы» романы екені анық. Төрт томнан тұратын шығармада ұлы Абайдың керуен жолындай
шұбырған өмірінің барлық кезеңдері бір арнаға тоғыстырылған. Абайдың отбасына, халқы
мен жауыз болыстарға деген әр түрлі көзқарасы мен ел арасындағы шиеленісті оқиғалар
көрініс тапқан бұл романда әкенің балаға деген ықпалы өз алдына бөлек әңгіме.
Абайдың әкесі Құнанбай өз ортасынан биік, жоғары тұрған жоталы, атын естігенде денең
түршігетін азулы тұлға болған деседі. Құнанбайдың Абайдай ардақты азаматтың білім қуып,
халыққа пайдасын тигізгенін емес, өз жолын қуып, билік тізгінін оның қолына ұстатқысы
келеді. Алайда өмірде бәрі өз дегенің бола бермейтіні анық. Сол себептенде Абай өзінің
жаңашылдық бағытын таңдады, елге еңбек етіп, адал нан тауып жегісі келген еді. Алайда
бұған қарсы болған Құнанбайдың бейнесі, әдеттегі түсінікпен алып қарағанда, жағымсыз
кейіпкер. Бұл расында да солай ма? әлде кері кеткен кер заманның жанкешті жақтаушысы
болған Құнанбай тәріздестер жаңаның жолына тосқауыл қойып, жолатпай баққан жоқ па?
Бұл түйткілді мәселені де шешіп көрелік.
Негізінен, менің ойымша, Құнанбайдың осындай қатал да әрі салқынқанды, жауыз болып
кетуінің бірден бір себебі қолындағы билігі болса, екіншіден өз дегенін баласына да істету
деп түсінемін. Өз тұқымы болғандықтан Абайды Құнанбай өзі жаққан болыстықтың
алауына тартқысы келді. Бірақта әкенің дегенімен келісіп, айтқанына жүрмейтін жаңашыл
Абайдың ұшқыр ойы қазақ даласын надандықтың бұғауынан босатуға деген жұмсалған күш
деп есептеймін. Алайда Абайдың осындай дәрежеге жетіп, өркендеуінің себебі әке
тәрбиесінде жатқандай.
Әдетте шығармада жағымсыз кейіпкерлердің дөрекі, дөкір тұстары беріліп, оның
залымдық әрекеттері әшкереленіп суреттелсе, бұнда керісінше Құнанбайдың алыстағыны
болжай білетін көрегендігі, сөздің түбін түсіреті шешендігі, ашуы мен қайратын қатар
ұстайтын, қысырма сұғын қадағанды сілетпей тынбайтын, абдыратпай қалмайтын ақылды
әрі сырты суық болғанмен іші жылы кісі екені байқалады. Тек билік қамытын киген қатал
әке ұстанымы өзгермеген ғой, шіркін! «Әке көрген оқ жанар» демекші, Абайдың да
Құнанбайдай нардың тәрбиесін көргендігі оның бар болмысы, тұлғалық қасиеттерінен,
шығармаларымен қатар айтқан ақылы мен жазған насихатынан анық аңғаруға болады. оның

атаның ұлы емес, адамның баласы болуы да, елге танылып, артынан мәңгі өшпес із
қалдыруы да осының айқын дәлелі болып табылады.
Сайып келгенде, қазақ үшін әкенің балаға деген тәрбиесі – адамзат болып қалыптасу
жолындағы алтын діңгек іспеттес. Ата дәстүрінен аттамаған Құнанбай да баласының адам
болып, жалындаған жас болғанын қалағандықтан тәрбиесіне ерекше назар аудара білген.
Бұны неде болса тұлғалық даралық деп атағанымыз жөн.
№12 Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек басынан өткен жайлар
бүкіл халықтық трагедияның көрінісі екенін дәлелдеп жазыңыз.
Қазақ жазушыларының арасында елеулі орын алатын Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан
небір кереметтей дүниелер туған. Соның бірі де бірегейі, өзіңді баурап алатын оқиға
көркемдігінің бәрі де өмірден алынған туындысы – «Ақбілек» романы.
«Ақбілек» романы – қазақ аулындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен
тұрмысын, жекелеген адамдардың іс – әрекеті мен қарым – қатынасын, әсіресе, негізгі
кейіпкер – Ақбілектей батыр қыздың қуанышынан қасіреті мол өмір жолы жайында мұң мен
шер, толғанысы мол сыр да толғайтын туынды. Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры
негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеріске ұшыраған кезін
суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі десе болады. Сонымен қатар халқымыздың
өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысып, ел мен жер, келешек
күндерге деген үміті мен сенімі серпінмен шабытты, көркем кестеленген. Кейіпкерлердің
мінезі мен келбеті, іс әрекеттері нанымды жеткізілген. Ал осы қазақ ауылының басынан
өткен жайлар Ақбілек басынан өткен жайлармен қандай байланысы бар? Бұл бүкіл
халықтық трагедияның көрінісі бола ала ма? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір тірлігі, ақ гвардияшылар әрекеті кең
көрініс береді. Негізінен романда көрсетілген басты мәселе қазақ қызының күрделі тағдыры
мен әйел теңсіздігі арқылы сол кездегі халық тағдырын айқын жеткізуде жатқандай.
Менің ойымша, Ақбілектің басынан өткен жайлардың барлығы да бүкіл халықьық
трагедияның бір ұшқынындай. Себебі, қызды ақ солдаттардың алып қашуы, оны қара мұрт
офицердің ойына келгенін жасауы бір қыздың ғана емес, бүкіл елдің ұлттық намысына
тиетін ауыртпалық. Қыздың бостандыққа ұмтылғанымен, кейін ел бетін көре алмай
қиналуы, туған әкесінің Ақбілектен жиіркенуі, атастырған әрі сүйген жігітінің айнып қалуы,
ел жұртының біртүрлі аяушылықпен қарауы бәрі де қызын алақанында аялап өсірген қазаққа
өлімнен де ауыр жаза. Оның үстіне орысты «кәпір» деп қарайтын ұғым бар. Сол «кәпірдің»
қолына түсіп, соған қатын болған деген сөз ауырлата түседі. «Кәпірмен» шатасу діннен безу,
арам әрі адал атқа сызат түсіретін нәрсе еді. Ал бұдан құтылатын тек бір жол бар, ол жаңа
заман өзгерістері легіне ілесіп, білім іздеп, оқу. Ақбілек осыны пайдаланып, қалаға барып,
адам болып, өткеннің қалдығын өткенге қалдырып, көзі ашылады, өзінің бақытын таба
алады.
Қорыта келе, бұл шығарма арқылы Жүсіпбек роман арқылы, бір қыздың тағдыры арқылы
сол кездеге халық тағдырын жеткізгендей. Қыз басына түскен ауыртпалықты қазақ басына
түскен қиыншылық ретінде суреттеп, содан құтылудың жолы жарық сәулеге ұмтылып, білім
алу деп бізге жеткізгендей.

13. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасына арқау болған тарихи оқиғаларды дәлелдер
келтіре талдап жазыңыз.
Қазақ әдебиетнде өзіндік орны бар тұлға Ілияс Жансүгіроатың жазушылық кемелденуінің
сапалық бір белгісі, шоқтығы биік шығармасы «Құлагер» поэмасы.
Бұл поэмада ақын қазақ халқының өмірін, өткен оқиғаларды бейнелегенде даму, өзгеріс
үдерістеріне тарихи тұрғыдан қарап, әлеуметтік қоғамдық мәселелерді Ақан өмірі арқылы
астарлап жеткізеді. «Тұсында сері болсын, пері болсын, Ұнайды өмірімен Ақан маған!» деп
Ақан сері мен оның өмірлік серігіне айналған тұлпары Құлагерді дәріптеп, елге танымал
үздік өнер иесінің қайғылы әрі серілік тағдырын дәл суреттейді.
Ілиястың «Құлагер» поэмасын оқи отырып, біз осы шығармаға арқау болған негізгі оқиға
Арқаның атақты әншісі Ақан серінің адал серігіне айн
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!