Материалдар / ашық сабақ азақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жалпыəскери жарғылары. 10 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ашық сабақ азақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жалпыəскери жарғылары. 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ : Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жалпыəскери жарғылары. 10 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2022
339
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









Мамандық: 09120100- «Емдеу ісі»

Біліктілік: 4S09120101- «Фельдшер»

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: теория

Курс:І

Топ: 1 емдеу ісі «Е»


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жалпыəскери жарғылары

Сабақтың мақсаты:

оқушыларды ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларының негізгі ережелерімен таныстыру;

әскери атақтар мен айырым белгілер туралы түсініктерін дамыту;

әскери қызметшілердің міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздерін және ҚР-ның  әскери доктринасы мен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет шешетін міндеттерді ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз пікірін еркін жеткізу, сараптау, қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, жауапкершілікке дәріптеу

Тақырыптың өзектілігі: әскери қызметті өтеу тәртібін белгілейтін және соғыс жағдайында әскери құрамалар мен әскери бөлімдердің бір-бірімен өзара іс-қимылдарын үйлестіру ретін анықтайтын ережелердің жиынтығы. Әскери жарғы әскери қызметшілер үшін бұлжытпай орындауға тиіс заң болып табылады. Арнаулы мақсатына қарай жауынгерлік (соғыстық) әскери жарғы және жалпыәскерлік әскери жарғы. (ішкі қызметтік, тәртіптік, саптық, горнизондық және қарауылдық әскери жарғылар) болып бөлінеді. Жалпыәскерлік әскери жарғылар Қарулы Күштер түрлерінің бәріне ортақ ережелерді әскери қызметті өтеу тәртібін, әскери қызметшілердің міндеттері мен құқығын анықтайды

Сабақтың жабдықтары: ҚР ҚК Жалпыәскери жарғысы, тақырыпқа байланысты презентация

Сабақтың өтетін орны: Zoom қосымшасы

Теориялық сабақтың кезеңдерін құрастырудың

Технологиялық картасы:

1. Ұйымдастыру кезеңі– 2 мин

2. Оқытушының кіріспе сөзі– 3 мин

3. Білімнің негізін өзектілеу(негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру– 15мин

4. Тексеруді қорытындылау- 5 мин

5. Жаңа тақырыпты түсіндіру– 50 мин

6. Жаңа тақырыпты қорытындылау және бекіту– 10 мин

7. БаСабақты қорытындылау – 3 мин

8. Үй тапсырмасы–2 мин




Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі– Оқытушы білім алушылармен сәлемдесіп. Оқу бөлмесінің дайындығын тексеру. Білім алушыларды түгендеп, жоқ оқушылардың себебін анықтап белгілеу. Жұмыс дәптерлерін, білім алушылардың формаларын тексеру.

2. Оқытушының кіріспе сөзі.

Білім алушылар, бүгін бізде ерекше сабақ. Сабағымызға жан-жақтан қоақтар қатысып отыр. Сондықтан тақырып бойыншабілімдеріңді ортаға салып, белсене қатысып отырыңдар. Сәттілік тілеймін!

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жалпыəскери жарғылары. ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларының негізгі ережелерімен танысамыз.

ІІІ. Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру


«Кім жылдам» ойыны арқылы сұралады.

1 бөлімшеге қойылатын сұрақтар:

1. Экстремистік қызметің субьектісі кім болып табылады?

2 . Экстремизм дегеніміз не?

3. Діни экстремизм дегенді қалай түсінесің?

4. Экологиялық экстремизм дегеніміз не?

5) Терроризмнің пайда болу себептері

6) Сендерге экстремизмнің қандай бағыттары белгілі?

7) Саяси экстремизм дегеніміз не?

8) Экономикалық экстремизм дегеніміз не?

9) Экстремизм, терроризм, олардың өзіндік сипатты белгілерін атаңдар

10) Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс*қимыл туралы» Заңы Экстремизм түсінігіне қандай анықтама береді?


ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жоспары:

1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлерімен əскери құралымдарының жалпыəскери жарғылары, олардың əскери ұжым қызметі мен тұрмыс-тіршілігіндегі маңызы.

2. Əскери қызметшілердің жалпы міндеттері.

3. Əскери атақтар жəне айырым белгілері.


Қарулы Күштерінің, басқа да əскерл ер і мен əскери құралымдарының жалпыəскери жарғылары, олар- дың əскери ұжым қызметі мен тұрмыс-тіршілігіндегі маңызы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары əскери қызмет заңдарын, жеке құрамды оқыту жəне тəрбиелеу негіздерін қамтиды. Ішкі қызмет жарғысында əскери қызметшілердің жалпы жəне ла- уа зымдық міндеттері, олардың арасындағы қарым-қатынас, ə

Гарнизондық жəне қарауылдық жарғыда бөлімдер мен бөлімшелердің ішкі тəртібіне байланысты ережелер, тəуліктік нарядқа тиісті мəселелер айқындалған қызмет жарғыларында гарнизондық жəне қарауылдық қызметтерді ұйымдаст ыру жəне өткеру, гарнизонда əскерлердің қатысуымен өткізілетін іс-шаралар тəртібі айқындалған.

Саптық жарғыда сапта қарумен жəне қарусыз орындалатын тəсілдер мен қозғалыстар; əскери бөлімдер мен бөлімшелердің жаяу тəртіптегі жəне ма ши на лардағы сапталуы; əскери сəлемдесуді орындау, саптық тексеруді өткізу тəртібі; əскери бөлімнің Жауынгерлік Туының саптағы жағдайы, оны шығару жəне əкету тəртібі; əскери қыз метшілердің саптағы жəне сапталу алдындағы міндеттері, олардың сап- тық жаттығуларына қойыл а тын талаптар, сонымен қатар əскери қыз- метшілердің ұрыс алаңын дағы қозғалысы жəне олардың жау кенеттен шабуыл жасаған кездегі əре кеттері айқындалған.

Тəртіптік жарғыда əскери тəртіп түсінігі, оның мəні, оны ұстану бойынша əскери қызметшілердің міндеттері, көтермелеу түрлері, теріс қылықтар жəне тəртіптік жазалар, оларды қол да ну бойынша ко ман- дирлердің (бастықтардың) құқықтары, қызметт ік із дес тіруді жүр гі зу тəртібі, əскери тəртіпті бұзғандығы үшін əскери қыз метшілерді жауапқа тарту тəртібі айқындалған. Жарғылар əскерлердің тұрмыс-тіршілігінің барлық жақтарын, күнделікті өмірін қатаң жəне анық реттейді, əскери тəртіпті сақтауды, жинақылықты, реттілікті қолдау мəселелері бойынша түбе гейлі нұс қаулар береді. Олар – идеялық сенімге, ерлікке, батыл дыққа, жол дастыққа, табандылыққа, бастамашылдыққа, жауынгерлік-мораль дық қа сиеттерге тəрбиелеудің басты құралы. Ол тəртіптілікті, ат қа ру шы лық ты, бастамашылдықты, əскери борышты орындау үшін қа жетті бас қа да қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді.

Əскери қызметшілердің жалпы міндеттері

Əскери қызметші – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар қатарындағы Қа зақстан Республикасы азамат- тары. Олар Отан қорғаушыла ры деген ұлы атаққа адал болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери қызметшісі қыз мет барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы жəне заң- дарын басшылыққа алуы тиіс жəне ол:

белгіленген тəртіппен əскери ант қабылдауға, оған адал болуға, өз халқына шексіз қызмет етуге, Қазақстан Республикасын батыл, шебер қорғауға, əскери борышын өтеуге жəне əскери қызметтің қиындықтарын та бан дылықпен көтеруге;

–– адал, тəртіпті, ержүрек болуға, əскери борышын өтеу кезінде дұ- рыс бастамалар танытуға; – командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарын дəл жəне мерзі- мінде орындауға, оларға мүлтіксіз бағыну, оларды жəне əскери бөлімнің Жауынгерлік Туын ұрыста қорғауға;

–– жауынгерлік жолдастықты қадірлеуге, əскери қызметшілерді қауіптен құтқаруға, оларға сөзбен жəне ісімен көмектесуге, əрқайсы- сының ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, өзіне жəне бас қаларға қатысты дөрекілік пен қорлауға жол бермеуге жəне өзгелерді лайықсыз қылықтар жасаудан сақтандыруға;

əскери қызмет міндеттерін орындау кезінде əскери əдептілік, мінез-құлық жəне əскери сəлемдесу қағидаларын ұстануға, əскери киім кию қағидаларын сақтай отырып, оны киіп жүруге, əрдайым жəне барлық жерде өзін лайықты жəне абыроймен ұстауға;

қырағы болу жəне мемлекеттік құпиялардың жария болуына жол бермеуге;

əскери қызмет туралы келісімшарттың талаптарын сақтауға;

Қарулы Күштердің əскери бөлімдері мен бөлімшелерінің, халық- аралық шарттарға сəйкес бірлескен (коалициялық) Қарулы Күштердің құрамында қарулы əскери жанжалдарға қатысуға;

дене шынықтырумен айналысуға, өкілетті органдардың басшы- лары бекіткен дене дайындығы бойынша нормативтердің талаптарын сақтауға жəне оларды орындауға міндетті. Қазақстан Республикасы заңдары негізінде əскери қызметшілерге өзге де міндеттер жүктелуі мүмкін.

Əскери атақтар жəне айырым белгілері





















Əскери атақ Қазақстан Республикасы Қа рулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының əскери қызметшілеріне, сон- дай-ақ запастағы əскери міндеттілерге беріледі. Əс кери атақ əскери қызметшінің қызметтік жағдайына сəйкес, əскери жəне арнайы дайындығы, еңбек өтілі, сонымен қатар Отан алдындағы қызметі ескеріле отырып жеке өзіне беріледі.


Гвардиялық əскери бөлімде, гвардиялық кемеде қызмет ететін əскери қызметшінің атағының алдына «гвардия» сөзі қосылады.

Заң, медициналық əскери мамандықтары бар офицер лер дің əскери атақтарына «əділет қызметінің», «медицина қыз метінің» тіркестері қосылады.

Əуе қорғанысындағы жоғары офицерлік құрам (əуе-инженерлік дайын дығы бар ұшқыштар, инженерлік құрам) атақтарының алдына «авиация» сөзі қосылады. Запастағы азаматтардың əскери атақтарының алдына тиісінше «за пастағы» деген сөз, ал отставкадағы қызметшілер үшін «отставкадағы» деген сөз қосылады.

Айырым белгілері – əскери киімге тағылатын, əскери қызметшілердің атақтарын, Қарулы Күштер түріне, əскер тектеріне, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілігін, ал курсанттар үшін қыз мет жылын білдір етін элементтер.

Оларға погондар жəне петлица, омыраулық жəне жеңдегі белгілер, бас киімдер, погондар жəне петлицалардағы белгілер, канттар жəне лампастар жатады.







V Жаңа тақырыпты бекіту.

Нақты сұрақ – ұтымды жауап ( Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді.)


1 “. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жалпыəскери жарғыларын атаңдар.

2. Әскери тәртіпті сақтау, әскери қызметті өткеруді ұйымдастыру, әскери қызметшілердің жалпы құқықтары мен міндеттерін айқындау үшін заңнамалық база болып табылады

3.. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери қызметшілері үшін бекітілген əскери атақтарды атаңдар

4.  Ішкі қызмет жарғысы нені қарастырады?

5. Погондарға сай әскери атақтарды атаңдар:

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1______________________________ 6 ______________________________ 2______________________________ 7______________________________ 3______________________________ 8 ______________________________ 4______________________________ 9 ______________________________ 5______________________________ 10 _____________________________ 10




VI Сабақты қорытындылау,рефлексия


1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жалпыəскери жарғы ларының негізгі мақсаты қандай?

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери қызметшілері үшін бекітілген əскери атақтарды атаңдар

3.. Дербес әскери атақтарды көрсететін әскери киімдегі айырым белгілер

4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі жалпыәскери жарғылардың саны қанша?

5. Төмендегі погондардың қайсысы үшінші сыныпты сержант әскери атағына тиесілія:



а) ә) б) в) г)


VІI. Баға қою.Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау, ескерту жасау.


VIII Үй тапсырмасы:Тақырып: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жалпыəскери жарғылары

Пайдаланатын оқулықтар: «Алғашқы әскери дайындық» - 10 - сыныпқа арналған оқулық - К.Р. Аманжолов, А.Б.Тасболатов, Д.К.Майхиев, Б.К.Аманжолов оқулығы.2019 жыл.

оқып, конспектілеу.
















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!