Материалдар / Ашық сабақ. Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіне пікір 8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ. Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіне пікір 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстадарға қосымша көмегін тигізеді. Жалпы, интернетте "Ұшқан ұяға" байланысты пікірлерді табу қиындық туғызады. Сол себептен де көмегі тиері сөзсіз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2020
3858
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сынып: 8 «Г»

Күні: 10.02.2020

Мұғалім: Абдиназарова Қ.

Қатысқандар:

Қатысрағандар:

Сабақ тақырыбы

Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіне пікір.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.3.4.1 - шығарма бойынша жазылған әдеби сын -пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.


Сабақтың

Мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: шығармада бойынша өзіндік пікір жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шығарма бойынша жазылған әдеби сын- пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік ойын дәлелдеп сыни пікір жазады.

Тілдік

Мақсат

Оқушылар орындай алады: Берілген тақырып бойынша берілген тіркестермен әр оқушы өз ойын жеткізе алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ұлттық құндылық, ұлттық мақтаныш, шығармада көтерілген мәселе қазақ халқы үшін құнды т.б.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: менің ойымша, ойымды қорыта келе... т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар: шығарма неліктен «Ұшқан ұя» деп аталды?

Құндылықтарды

Игерту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, дене шынықтыру.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, Kahoot.com.

Бағалау критерийі

  • шығарма бойынша жазылған әдеби сын -пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.

  • Өз көзқарасын білдіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Алдыңғы білім

Материалдық және рухани құндылықтарды өзара салыстырып баға берді.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы


8 мин


1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал. Сөздер арқылы отбасы жайлы қанатты сөздерді құрастырып, мәнін ашу және пікір біліру.

3. Үй тапсырмасы. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» тақырыбында авторға хат үлгісінде шағын ойтолғау жазу.

Қ.Б. Өзара бағалау.



Сабақтың ортасы






6 мин



























































10 мин











5 мин
























8 мин

Жаңа сабақ.

Тақырыпты болжау. (Қанатты сөздерге жазылған пікірлер арқылы сабақты болжау.)

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері, өзін-өзі бағалау парағы таныстырылады.


1 – тапсырма. Топтық жұмыс. Білу және түсіну.

Берілген әдеби сын-пікірлерді өзара талқылау және өз пікірін білдіру.

Мұхаметжан Қаратаев: «Бұл Бауыржанның балалық шағын баяндаған, өскен, тәрбие алған ортасын суреттеген өмірбаяндық шығармасы. «Ұшқан ұяда» Бауыржан Момышұлының өзіндік көркем суреттеуі көзге түседі. Бұл повесть жазушының өзіне тән суреткерлік бетін танытты. Шыншылдық, нақтылық, өмір материалын жетік білушілік – жазушыға көптен-көп қажет қасиеттер. Қалың халық ортасында, қарапайым семьяда туып өскен, жастай шешесі өліп, ақылды ана, қарт ана, үлкен шешесінің қолында тәрбиеленген Бауыржанның жасынан сезімтал, елгезек, ойшыл болып өскенін көреміз. Бала кезінен көрген-білгені, өмірден алған әсері жүрегіне жазыла берген тәрізді де, қар суындай бойына сіңе берген тәрізді, енді келіп сол жан түпкіріне іркілген қор есейген шағында, өмірдң ауыр кешуінен өткен шағында бұлақ суындай қайнап, бұрқылдап сыртқа шыққан тәрізді. «Ұшқан ұяны» қызығып оқисың, сүйсініп оқисың. Бауыржанның жастық шағын өз басыңнан өткергендей сезімге бөленесің»

Әлдихан Қалдыбаев: «Өзі де, сөзі де өткір, батыр Бауыржан «Ұшқан ұя» сынды қазақ халқының өмір тынысын кең, қапысыз қамтып, оймақтайдан сақталып ой түйіп, өн бойына өң шындық тұнған шығарма»

Жаңғара Дәдебаев: «Болашақ батырдың ең алғаш дүниетануына, характерінің жастай қалыптасып, адал, табанды, ержүрек боп өсуіне игі әсер еткен – осы әже. М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Зере сықылды Бауыржанның әжесі де қазақ халқының қашаннан өмір қазанында қорытылған ұзақ тәжірибеде шыңдалған даналық ұғымдарын, ізгі салт дәстүрлерін бойында сақтаған адам, өмірдің сұлулығын, еңбектің поэзиясын, достық пен бірліктің, адамгершілік пен адал семьяның қадірін, қажеттігін ұғынған жан және осы ұрпақтарды өз төңірегіне, әсіресе, сүйікті немересінің жүрегіне бала кезінен бастап еккен ана»

Есмұхан Жанизин: «Жастарға батаны өзге емес, өз бабалары беруі керек», - дегенді оқығаным бар еді. Оның дұрыс уәж екеніне осы повесті оқыған кезде көз жеткіздім. Бауыржанның шілдеханасында атасы Имаш ел қарияларынан бата сұрағанда, олар: «Немере өзіңдікі, батаның жөні де өзіңдікі», - деп батаны өзіне бергізеді. Атаның бата-тілегін Алла қабыл еткен екен. Кейін Бауыржан атасы армандағандай, елінің шырағы, батырлардың жалғасы болды.»

Дескриптор:

  1. Топ ішінде өзара талқылайды.

  2. Негізгі ойды анықтайды.

  3. Пікір білдіреді.

Қ.Б. Шапалақ.


2 – тапсырма. Жұптық жұмыс. Қолдану.

Берілген әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады. Пікірлерін саралау арқылы бір оқушы «Автор орындығына» келіп пікрін оқиды.


Дескриптор:

  1. Берілген сын-пікірлерге сүйенеді.

  2. Пікір жазады.

  3. Өз көзқарасын білдіреді.

Қ.Б. Өзара бағалау.


3 – тапсырма. Жеке жұмыс. Баға беру.

«Ұшқан ұя» повесіне баға беру.«Попс формуласы».

«Менің ойымша ... »
«Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»
«Оны мен мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын... »
«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...​

1 – топ. «Бауыржан туылғанда көпшіліктің, атасының батасы қабыл болды ма?

2 – топ. «Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек»

3 – топ. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген автор пікірімен келісесіздер ме?

4- топ. «Ұшқан ұя» шығармасында көрсетілген салт-дәстүрлерге көзқарасым.


Дескриптор:

  1. Пікір білдіреді.

  2. Пікірге дәлел келтереді.

  3. Пікірді мысалмен дәлелдейді.

  4. Қорытып, қайта ұсынады.


Қ.Б. Шапалақ.


4 – тапсырма. Топтық жұмыс. Жинақтау.

«Kahoot» ойыны.









































































8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы


























https://create.kahoot.it/details/3c503e51-4e4b-45d4-b461-8e57eb69c34a








Сабақтың соңы


3 мин

Кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек»




Қосымша ақпарат

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жопарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсідік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жопарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!