Материалдар / Ашық сабақ "Байқоңыр ғарыш айлағы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Байқоңыр ғарыш айлағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
даярлық топ мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2018
431
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАДТәрбиеші:Уақыты:Кабинет:
Тақырыбы Қыс
Сабақтың мақсатыМақсаты: Білімділігі: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Сұраққа нақты жауап беріп, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету Дамытушылығы: Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілігі: Бір - біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу. Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, жұмбақ шешу, тапсырмалар орындау ән айту. 
КөрнекіліктерҚыс суреттері, аққала, қағаз, қарлар, ойын суреттері. Пәнаралық қатынас: Тіл дамыту, музыка. 

Іс-әрекет  кезендеріТәрбиеші  әрекетіБалалардың   іс — әрекеті
        Психологиялық ахуалды қалыптастыру   Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы: - Балалар бүгін бізде ерекше күн. Қане орнымыздан тұрып апайлармен амандасып алайық. Шаттық шеңбері: Арайлап атқан таңға сәлем!Шуағын шашқан күнге сәлем!Білім беріп тәрбиелеген,Апайларым сіздерге сәлем.

Кіріспе бөлім Тәрбиешінің тапсырмасы:- Аспанды сұр бұлт қаптап, жерді ақ ұлпа қар басты. Өзендерде мұз қатып, айнала ертегідегідей тыныштыққа бөленді. Күннің суығына қарамастан балалар шана, коньки теуіп, кар атысып ойнап жүр. Қай мезгіл туралы айтылды? (видеоролик) Педагог қыс мезгілінде болатын құбылыстарға тоқталады. Әр айдың ерекшелігін айта келе, қысқы ойындар туралы түсінік береді.

- Жылдың қай мезгілі?- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?- Балалар аяз жылдың қай мезгілінде болады?  - Қыс мезгілі қандай болады? - Салқын болады, беті - қолымыз тоңады. Қар жауады, боран болады. - Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз? - (Қолдарын көтеріп, гуілдейді). - Қатты аяз болып тоңғанда не істейміз? - (Қолдарын уқалайды.)- Ал, осындай суыққа қарамастан көңілкүйлерің қалай? ( керемет ) - Жарайсыңдар осындай тамаша көңіл күймен орманға барғыларың келе ме? - Иә, барғымыз келеді. - Қане, бәріміз көзімізді жұмайық. (Балалар көздерін жұмады, ашқан кезде орман көрінісі көрінеді.) (видеоролик) - Міне, балалар, біз орманға келдік. Орманнан нелерді көріп тұрмыз? -Қар басқан шыршалар, ағаштар, аққала, үйілген қарлар. -Қар туралы сендер не білесіңдер? - Аппақ, аппақ, қар аппақ Айналаның бәрі аппақ -Шыршаның түсі қандай? Бойлары бірдей ме? -Түсі жасыл. Бойлары биік және аласа. - Орманда тағы нелер бар екен? - Аңдар бар. - Аңдар туралы не білесіңдер? Кәусар: Түлкі қызғылт сары түсті, жыртқыш аң. Ол орманда өмір сүреді. Сабина: Қасқыр сұрғылт түсті жыртқыш аң. Ол ұсақ жануарлармен қоректенеді. - Мынау ақ болып тұрған не? - Ақ қарлар - Балалар, мына жерде біреу бар сияқты, кім болды екен? - Аю ғой. - Балалар, аю қыста ұйықтап жатады, шуласақ оянып кетеді. мынау қорапшаны біреу жоғалтып алған сияқты, өзімізбен бірге ала кетейік, сұраса берерміз. Ал, мынау не нәрсе? - Бұл аққала. - Иә, біздің алдымызда да балалар келіп, аққала жасап кеткен сияқты. Аққала неше бөліктен тұрады? - Аққала үш бөліктен тұрады. - Пішіндері қандай? - Пішіні дөңгелек. - Ал түсі қандай? - Түсі ақ. - Аққаланы неден жасайды? - Ақ қардан жасайды. - Балалар, біз тоңып қалдық. Қайтатын уақытымыз болды. Қанеки, көзімізді жұмайық. - Міне, балалар, сыныбымызға келдік. Қысқы орманнан нені көрдік? - Аңдарды, аққаланы, шыршаларды көрдік. - Балалар, орманнан тауып алған қорапшаны ашып көрейік. Міне, қызық. Қорапшаның ішінде тапсырмалар бар екен. Тапсырмаларды орындаймыз ба? 
Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.
Ұйымдастыру  іздестіру        Жаңа сабақ    



Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәтіУақытты мол бөлеміз Қыс қызығын көреміз Сары аязда шың алып, Шымыр болар денемізОқушылар ойын ойнайды
 Рефлексивтітүзетушілік 1- тапсырма: Қыс мезгілі туралы тақпақтар білесіңдер ме? Балалардың тақпақтары. 2- тапсырма: Дидактикалық ойын: " Киімдерді  топтау"  Қимылды ойын: «Қандай қимыл екенін тап». Ойын шарты: Балалар орнынан тұрады, әр бала кезекпен ортаға шығып, қоржыннан қысқы ойындардың суретін көріп, қимылды қозғалыс жасайды, қалған балалар шешуін табуы керек. Бірнеше (шаңғы, коньки тебу, шанамен сырғанау, т.б.) қимылдар көрсетіледі. Суреттерді тақтаға жапсырады. Сонан соң сурет бойынша қысқы ойын түрлері туралы әңгімелейді.3- тапсырма: Жұмбақ шешу: 1.Көзіңе көрінбейді, Тоңдырып қызартады. Күні - түні ерінбейді, Өзенге мұз артады. (Аяз)2.Қыста ғана болады,Ұстасаң қолың тоңады. ( Қар)

3.Суға салсаң батпайды,Отқа салсаң жанбайды. ( Мұз)

4- тапсырма: Шығармашылық жұмыс "Шыршаны безендіру" - Қыста қандай мерекені атап өтеміз?- Жаңа жылда нені безендіреміз?- Шыршаны безендіру сендерге ұнай ма? Ендеше, шыршаны безендіреміз.

5-тапсырма: Санақ айта білеміз бе? - Ой, қандай керемет! Енді бәріміз "Көңілді қыс" әнін орындайық. 
Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.
Күтілетін   нәтиже:
Білу Күтілетін нәтиже:  Қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажыратып, атай біледі 
Өзіне үйренгені Сурет бойынша әңгіме құрастырып айтуды, сұраққа толық жауап беруді үйренеді. 
Үйрену Бейнелі суреттерді құрастырып, қардың бейнесін саусақпен салады. 
















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!