Материалдар / Ашық сабақ Байқоңыр ғарыш айлағы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Байқоңыр ғарыш айлағы

Материал туралы қысқаша түсінік
даярлық топ мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2018
1704
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Байқоңыр-ғарыш айлағы Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы түсініктерін кеңейту. Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Білімділігі: Аспан әлемі – ғарыш, Ғарыш айлағы Байқоңыр туралы білім беру Дамытушылығы: ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыруТәрбиелік: Экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру , нағыз достарды тани және бағалай білуге тәрбиелеу.Париоттық сезімге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Плакаттар, Глобус, лупа, буклет, ғарышкерлердің суреті, жер, ғаламдардың суреті Сабақтың барысы: 1.Шаттық шеңбері Саламатсыздар ма? Здраствуйте?Армысың шапағатты күн ана .Армысың қайырымды аспан ана.Армысың мейірімді жер ана.Амандықпен бар әлемді жарылқа .Здраствуй солнце золотое. Здраствуй небо голубое.Здраствуй ветер ветерок .Здраствуй мой дружок. Ой туғызу: Балалар бүгін сендер мерекедегідей әдемі болып кетіпсіңдер. Сендер «мереке» деген сөзді қалай түсінесіңдер? (Балалардың жауабы) Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді? -Наурыз айы -Дұрыс айтасыңдар балалар. Ал осы наурыз айында біз қандай мерекелерді тойладық? -8наурыз аналар мерекесі, 22 наурыз барша мұсылманның жаңа жылы -Ал балалар көктемнің осы айы қалай аталады? -Сәуір - Иә,бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар.Ол – ғарышкерлер мерекесі.Қандай мереке?- Ғарышкерлер мерекесі.Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.Аспан әлемінде де,көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламында өмір сүремізҚандай ғаламда өмір сүреміз?- Жер ғаламында өмір сүреміз.- Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?- Ұшақ,тікұшақ,зымыран.- Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық. Сурет арқылы әңгімелеу.Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Юрий Гагарин деген кісі. Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі. Ю. А. Гагариннен бұрын екі ит – Белка және Стрелка ұшырылған.Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышерлері - Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев Жақында ғарышқа ұшып келген ғарышкер Айдын Айымбетов деген ағаларымыз. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр, халық қаһармандары.Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін,білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.- Аспанда тағы нелер болады,балалар?- Күн,ай,бұлттар болады.-Олай болса балалар мына жұмбақтарды шешейік 1.Бір тілім болып туады,    Күннен күнге толады,     Дөп-дөңгелек болады.        (Ай)2.Көк жиекті көмкеріп,   Шатыр жайдым кең керіп.       (Аспан)3. Басшысы жалғыз,   Сақшысы сан жүз.      (Ай мен жұлдыз)4.Аспанда бір алып құс,Ызғып ұшып барады.Қарап тұрсаң ғажайып,Соңында із қалады.(Зымыран)- Дұрыс айтасыңдар, ал зымыран бізге не үшін қажет? Зымыранмен кімдер ұшады? Зымырандар ұшатын орынды не деп атаймыз? (Балалардың жауаптары тыңдалады).- Зымыранмен ғарышкерлер ұшады. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атаймыз. Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерде орналасқан. Байқоңыр ғарыш айлағы - Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады(суреті көрсетіледі)



Балалардың тақпақтары:
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!