×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512

Хабарландыру
Байқаулар басталды Сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Ашық сабақ "Д дыбысы мен әрпі"

Автор:Бортай Айымгүл Сәндібайқызы
Бағыты: Мектепалды даярлық
Бөлімі: Ашық сабақ
Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-12-03

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

МАД тәрбиеленушілеріне ашық сабақ өткізілді

Қысқа мерзімді жоспарлау
САУАТ АШУ
ТАҚЫРЫБЫ: Достық көмек. Д дыбысы мен əрпі.
Сынып: мектепалды даярлық
Тәрбиеленушілер саны: 11
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Тәрбиешінің аты-жөні: Бортай А

Мақсаты:
0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.
0.1.3.1. Сұрақтарға жауап беріп берілген сурет бойынша əңгіме құрастыру.
0.2.1.2. Берілген суреттерден мəліметті тауып, аттарын атау.
0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.
0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.
0.3.2.1. Сөйлемдердің түрін анықтайды.

Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер:
Сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады. Д дыбысы – дауыссыз дыбыс, д дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі д дыбысының орнын ажыратады. Д əрпінің жазбаша түрін жазады.


Көпшілік тәрбиеленушілер:
Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.
Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.
Д дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.
Д əрпінің баспа түрін таниды, жаза алады.

Тілдік мақсат
Тəрбиеленушілер:
Балалар шағын əңгіме құрстырады, берілген сұраққа толық жауап береді. Сөйлемдегі сөздердің санын анықтап, сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөйлем түрлерін анықтайды.
Негізгі терминдермен сөз тіркестері:
Бадминтон, домино,бассейн.
Негізгі терминдермен сөз тіркестері:
ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын
тіл:
Пікір алмасу сұрақтары:
Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?
Балалар қайда оқиды?
Балалар немен ойнайды?
Доптың пішіні қандай?
Бассейнде Д əрпіне ұқсап отырған бала қайсысы?

Өткен тақырып бойынша алған білімі
Сөз, сөйлем құрайды.
Əріптердің баспа түрін жаза алады.
Сұрақтарға толық жауап береді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл-күй орнату.
0-2 мин.


ІІ. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.
Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады. Достық туралы əңгімелеп, балалардың қолына гүл шоқтарын ұсынып, бір-бірлеріне жақсы тілек айтқызады.


Педагог балаларға Екі дос ертегісін дауыстап оқып береді. Екі достың ормандағы іс-əрекетін талқылайды. Балаларға ертегі бойынша сұрақ қояды. Балалар сұраққа жауап беріп, ертегіні мазмұндайды.













ҰОҚ-ның ортасы
III. Тақырып бойынша жұмыс
6 – 27мин.





Əліппе-дəптермен жұмыс.
1-тапсырма
Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?
Сурет бойынша балалар сұраққа жауап беріп, əңгіме құрайды.
Балалар қайда ойнады?
Сызба бойынша үш сөзден тұратын сөйлем құрайды.
Балалар немен ойнады?
Сызба бойынша үш сөзден сұратын сөйлем құрайды.
Доптың пішіні қандай?
Сызбаға қарап екі сөзден тұратын сөйлем құрайды.
Сұраққа жауап беру кезінде Д дыбысы естілетін сөздерді ажыратады.
2-тапсырма. Суреттегі ойын құралдарын аттарын айтады.
Дартс, доп, домино.
Сөздік жұмысы
Дартс – спорттық ойын түрі. Қабырғаға дөңгелек нысана ілінеді. Қандай да бір қашықтықтан нысанаға садақшаларды лақтырады.
Ойын құралдарының атауын түсіндіріп, ойынның қалай ойналатынын қысқаша көрсетеді. Ойын құралдарының атауын буынға бөледі.
3-тапсырма. Д əрпін бейнелейміз.
Педагог балаларға түрлі пішіндер қимасын таратып береді.
Балалар түрлі пішіндерден Д əрпінің баспа түріне қарап отырып, əріпті бейнелейді.
Түрлі түсті моншақтарды жіпке тізіп, Д əрпін бейнелейді.
Д – ұяң дауыссыз дыбыс. Д дыбысын айтқанда тілдің ұшы төмен түседі жəне астыңғы тістерге барып тіреледі, дауыс желбезектері дірілдейді.
Сергіту сəті
Қолды жоғары көтеріп,
Демалып бір алайық.
Доп сияқты домалап,
Секіріп, секіріп алайық.
Денемізді бос ұстап,
Шынығып бір алайық.
Балалар өлең жолдарын қимылмен айтады.
4-тапсырма. Педагог тапсырмада берілген сөздерді оқып береді. Балалар қимылды білдіретін сөздерді суретпен сəйкестендіріп, бірнеше сөйлем құрастырады.
Мысалы: Айгүл келді. Сəкен жүзді. Асан мен Досан жарысты. Айман дірілдеді. Досжан секірді.
Бассейнде Д əрпіне қай бала ұқсайды? сұрағына жауап алады. Д əрпіне отырған бала ұқсайды.
Демалыс күні өлеңін оқып береді. Дір-дір етті сөзін қимылмен көрсетуге тапсырма береді.
Д əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады.


Əліппе-дəптер.



Сөйлем сызбасы жазылған плакат.



Доптың суреті, слайд.

Сызба.




Əліппе-дəптер.











Моншақтар, қағаздар.




Үнтаспадан музыка тыңдату.





Əліппе-дəптер.

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.
Педагог балалардың белсенділігін, үлгерім деңгейін бақылап, оқу қызметін қорытындылайды.
Рефлексия. Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер.



50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Олимпиада бітуіне қалды: