Материалдар / Ашық сабақ. "Дауысты дыбыстар"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ. "Дауысты дыбыстар"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2020
1875
10 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға  дыбыстардың жіктелуі, дауысты

дыбыстар олардың түрлері, жасалу жолдары туралы

толық мағлұмат беру;
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, ойын, талдау


Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту


Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар,суреттер, видео.


Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта.


Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы.


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

  • Сәлеметсіз бе?

  • Үлкенге де сіз, 
    Кішіге де сіз, 
    Сәлем бердік сіздерге, 
    Сынып іші тып-тыныш 
    Жалқаулықты тастаймыз, 
    Сабақты біз бастаймыз.
     

ІІ. Психологиялық дайындық.

(Оқушылардың ынта-зейіндерін сабаққа аудару.)
- Балалар, қазір бізде
сауат ашу сабағы.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Дыбыс дегеніміз не?

  • Қазақ тілінде қанша әріп бар?

  • Қандай әріптерді білеміз?


ІІІ. Өткен сабақты бекіту.


  • Оқушылар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

  • Ойын ойнауға дайынбыз ба?

  • Иә, иә.

  • « Ұшты, Ұшты » деп аталады бүгінгі ойынымыз.


Ойынның мақсаты: Оқушыларды зеректікке тәрбиелей отырып ойлау

дағдысын күшейту мақсатында жылдамдыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Ұшатын және ұшпайтын заттарды атау арқылы қол көтеріп, кері байланыс береміз.


IV. Жаңа сабақ.

  • Оқушылар, тақтадаға қарайықшы, не көріп тұрмыз?

  • Әріптерді.

  • Біз барлық әріптерді жатқа білеміз бе?

  • Иә.

  • Жарайсыңдар, бүгін біз дыбыстардың түрлерімен танысатын боламыз.

  • Оқушылар, тақтада ненің суретін көріп тұрмыз?

  • Алманың, әтештің, етіктің.

  • Бұл сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?

  • Қане, айтып қарайықшы.

  • Оқушылар, өкпеден еркін шығып, созылып айтылатын дабыстарды – дауысты дыбыс дейміз.

Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейтін едік?

  • Қызыл текшемен белгілейміз.


Y. Жаңа сабақты бекіту.

«Кім тауып оқи алады»

  • Берілген әріптерден дауысты дыбыстарды тауып бөлек жинайды құрастыру: / партаның үстіне әріптерді шашып қоямын./

  – Балалар, сендер бөлек жинаған дауысты дыбыстарды атап бере аласыңдар ма??

  • Кәне атап көрейікші

  • А,Ә, Е,И, О,Ө,Ұ,Ү, І,

Мұғалім атай алмаған дауысты дыбыстарды атауға көмектеседі.

 V. Дәптермен жұмыс.

Өздері тауып бөлек жинаған дауысты ыбыстарды даптерге жазады.

ҮІ.Қорытынды

  • Біз бүгінгі сабағымызда не білдік?

  • Қандай дыбыстармен таныстық?


   VII. Үй тапсырмасы.

-  Ұшақ, алма сөздеріне  дыбыстық талдау жасау.


ҮІІ. Бағалау

Сабаққа толық, жақсы қатыса білген оқушыларға әріптердің суреттерін таратып беру ,бағалау.








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!