Материалдар / Ашық сабақ Дос болуды үйренеміз. Жаман жолдас Ы. Алтынсарин
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Дос болуды үйренеміз. Жаман жолдас Ы. Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
«Дос», «достық» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2020
2244
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Алматы облысы Алакөл ауданы Төңкеріс негізгі орта мектебі

Сынып:2

Пәні: Өзін өзі тану

Мұғалім: Кудайбергенова Фариза Бейбиткызы

Тақырыбы:Дос болуды үйренеміз. Жаман жолдас Ы. Алтынсарин

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер:адалдық, жауапкершілік, қамқорлық

Сабақ мақсаты: «дос», «достық» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • «Дос», «достық» ұғыдарының мәнін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру.

  • Адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін дамыту.

  • Айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адалдыққа, сенімділікке, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі, әдебиеттік оқу

Әдіс тәсілдер: сұрақ –жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сын тұрғысынан ойлау


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

- Салеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Көңіл-күйлерің қалай?

Олай болса жақсы көңіл- күймен сабағымызды бастаймыз.

Тыныштық сәті









Топқа бірігу.



1 топ Достық

2 топ Татулық



5 Т ереже

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

2.Миға шабуыл

«Дос» сөздерінің мағынасын ашу

дос







3.Үй тапсырмасын тексеру

«Өткел» әңгімесіне бойынша сұрақтар.

Сұрақ-жауап:

-Мәтін кімдер туралы?

-Олар қандай әрекет жасады?

-Әңгіме неге өткел деп аталған?

--Кешіруге бірінші болып кім қадам жасады?

-Олар бір бірін кешіре алды ма?

Рахмет, балалар !Жарайсыңдар!

4. Жұптық жұмыс (Гриша мен Дима туралы жазу)

Кім?

Қандай?

Не істеді?

Сөйлем

Мәндес сөздер

5. Жаңа сабақ

Мұғалім:

Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Дос болуды үйренеміз»деп аталады


«Достықты достық шақырады» Абай Құнанбаев

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Жаман жолдас Ыбырай Алтынсарин

  • Аю неліктен әлсіз, ауру адамға тимеді?

  • Шындығында аю оған сондай ақыл атты ма?

  • Ауру адамға ақылды сөзді не айтқызып тұр?

  • Осындай қиын жағдайларда өздерің қалай әрекет етер едіңдер?






file:///C:/Users/53/Downloads/Тыныштық_сәті.WEBM




Таңдаған жүрекше арқылы топқа бөлу











Топтастыру















5 жолды өлең







Дәйексөз

Оқушылар хормен айтады




Тыңдалым

6. Шығармашылық тапсырма.

1-тапсырма. Достық тобы:

Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастырыңдар. Таңдауларыңды түсіндіріңдер.

Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: адалдық, ортақ көз қараста болу, жауапкершілік, қамқорлық, сүйіспеншілік, есептесу, санасу, кешірімділік, қиянат жасамау, ақша, мақтау.

2-тапсырма. Татулық тобы: 

Көп нүктенің орнына тиісті сөдерді қойып, дос туралы мақал-мәтелдерді құрастырыңдар

Адам – адамға ..., жолдас, ... .

Дос жақсының, ... де жақсы.

Көп ақшаң болғанша, көп ... болсын.

Дос – досқа ... .

Тиісті сөздер: дос, айна, бауыр, өзі, досың.

Жазылым

Топтық жұмысты жазып орындайды.


7. Сергіту сәті

Ойын: Достық неден басталады, достыққа не жарасады?

Шарты: Дұрыс жауапқа «иә», дұрыс емес жауапқа «жоқ» деп жауап бересіңдер.

1. Достық танысудан басталады.

2. Достыққа қамқорлық жарасады ма?

3.Достық төбелестен басталады.

4.Достыққа мейірімділік жараса ма?

5.Достық ренжісуден бастала ма?

6.Достыққа адалдық жараса ма?

7.Достық ұжымшылдықтан бастала ма?

8.Достық бірліктен бастала ма?


Ойын




Құндылық

тарды дарыту

Адалдық құндылығын дұрыс қалыптастыру


8. Мұғалім сыйы

«Екі достың айырмашылығы»

Балалар осы видеодан не түсіндік? Не алдық?


Видео

file:///C:/Users/53/Downloads/Жақсы_дос_пен_Жаман_достың_айырмашылығы_2019_друг.WEBM

9.Топпен ән айту

«Дос болайық бәріміз!»



  1. Сабақты қорыту

Досыңның қандай болуын қалайсың?


Стикер жабыстыру

  1. Үй тапсырмасы

Мәтінді оқу

Достық ережесін құрастыру
























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!