Материалдар / Ашық сабақ "Дүниежүзілік мұхит" 7 сынып (БМЖ)

Ашық сабақ "Дүниежүзілік мұхит" 7 сынып (БМЖ)

Материал туралы қысқаша түсінік
"Дүниежүзілік мұхит" тақырыбындағы сабақ білім мазмұны жаңартылған 7 сыныпқа арналған. Ашық сабақ материалы география пәні мұғалімініе арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
806
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 15

Екібастұз қаласындағы

25 қазақ қыздар гимназиясы

Жангурова Айнур Буркутбаевна

география пәні мұғалімі






Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 3 Мектеп: №25 қазақ қыздар гимназиясы

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: А.Б. Жангурова

Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК МҰХИТ

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына

сəйкес)

Мұхит және оның құрамдас бөліктерін жоспар бойынша сипаттайды


Сабақтың мақсаты

7.3.3.4. Дүниежүзілік мұхиттың құрамын және географиялық жағдайын анықтау

Бағалау критерийі

-Дүниежүзілік мұхит дегенді біледі;

- Дүниежүзілік мұхиттың құрамдас бөліктерін біледі;

- Дүниежүзілік мұхит түбінің құрылымын анықтайды;

- Дүниежүзі мұхиттарымен теңіздерді үлгі жоспар бойынша сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

мұхит, арал, түбек, теңіз, шығанақ, бұғаз, қайран- сөздерініңмағынасын түсініп айту, қолдану дағдыларын дамыту арқылы пәндік «академиялық тілді» қалыптастыру

Құндылықтарға баулу

«Мəңгілік Ел» ұлттық идеясыныңқұндылығы

4 ) Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Дүниежүзілік мұхиттың адам өміріндегі маңыздылығына баға беру.

Пəнаралық байланыс

Жаратылыстану 5,6 сынып «Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері», Биология «Биогеоценоз», «Биосфера», «Биогеографиялық аймақтар»

Алдыңғы білім

«Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері» 5, 6 сынып;

7 сынып «Гидросфераның құрамдас бөліктері», «Литосфералық тақталардың қозғалысы»

Сабақтың жоспарлан

ған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы

1 мин











2 мин












Білу

2 мин

«Сәлеметсің бе!» әдісі арқылы амандасып, жағымды психологиялық жағдай туғызу.

Жұп болып орындайды. Оң қолындағы саусақтарын көршісінің саусақтарына тигізеді

  • Барлық істе- бас бармақтарың тигізеді,

  • Үлкен-«балан үйрек» саусақтарын тигізеді

  • Жетістікке жетуді-«ортан терек» саусақтарын тигізеді

  • Тілеймін- «сылдыр шүмек» саусақтарын

  • Сәлеметсіңбе!- Алақандарын тигізеді.

Үй жұмысын тексеру: «Шеңбер ішінде және сыртында» әдісі. Оқушылар әдіс бойынша үлкен шеңбердегі оқушылар сағат тілімен жылжып сұрақ қояды, кіші шеңбердегі оқушылар жауап береді содан соң ауысады.

Оқушылар «Пазл» әдісі арқылы топқа бөлінді.

Теңіз, Бұғаз, Шығанақ.


Тақырыпқа шығу:«Визуалды айғақтар» әдісі. Тақтадағы суреттерде не бейнеленген? Оларды не байланыстырады? Жаңа сабақтың тақырыбы?

Оқу мақсаттары оқушылармен бірге анықталып, тақтада көрсетіледі.






Интернет-

Ресурс:

worldofteacher.com/4100-strategi



http://mediaurok.ucoz.net/








Интернет-

Ресурс:

https://www.metod-kopilka.ru/

Сабақтың ортасы

Түсіну

5 мин




















Қолдану

5 мин



























Талдау

6 мин




























1 мин


Жинақтау

7 минут















1 мин

(ЖЖ)Тапсырма №1 Физикалық картаны пайдаланып ұсынылған теңіздерді топтастырыңыз.

а) Қызыл; б) Кар; в) Арабия;  г) Жерорта; д) Охот, е) Қара.


Теңіздер







Ішкі:                                     Сыртқы:

1.__________________                         1._____________________

2.___________________                       2.____________________

3. __________________                       3.______________________

Бағалау критерий

дескриптор

ұпай

- теңіздерді үлгі жоспар бойынша сипаттайды.

-Теңіздердің түрлерін

анықтайды, салыстырады

1



«Дәптермен алмасу» әдісі арқылы өзара тексеру

ТЖ Тапсырма №2: Оқулықтағы 101 беттегі « Дүниежүзілік мұхит түбінің құрылысы» суреті бойынша «Литосфералық плиталардың қозғалысы» тақырыбында алған білімдерін қолданып, Дүние жүзілік мұхит түбінің құрылысын құрлықтағы жер бедерімен салыстырмалы түрде сипаттайды.


Бағалау критерий

дескриптор

ұпай

Дүниежүзілік мұхит түбінің құрылымын анықтайды

-Дүниежүзілік мұхит түбін жер бедерімен салыстырады, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратады

1





ТЖ Тапсырма №3191-195 беттегі мәтінді және физикалық картаны пайдаланып, алгоритм бойынша салыстыру. ЖИГСО әдісі

1-Топ «Арал» мен «Бұғаз» салыстыру


Арал

Бұғаз

Анықтамасы



Көлемі



Пішіні



Орналасу ерекшелігі



2- Топ «Шығанақ» пен «Түбекті» салыстыру


Шығанақ

Түбек

Анықтамасы



Көлемі



Пішіні



Орналасу ерекшелігі



3-топ «Теңіз» бен «Мұхит»


Теңіз

Мұхит

Анықтамасы



Көлемі



Тереңдігі




Әр топ тапсырманы орындап сыныпқа ұсынады.

Қорытындылау үшін сұрақтар қойылады.

  1. Дүниежүзілік мұхитта қандай бөліктері бар?

  2. Құрлыққа еніп жатқан судың бөлігі?

  3. Архипелаг деген не?

  4. Суға еніп жатқан құрлық бөлігі қалай аталады?


Бағалау критерий

дескриптор

ұпай

-Дүниежүзілік мұхиттың құрамдас бөліктерін біледі

-Ұғымдардың анықтамасын береді;

-құрамдас бөліктерді анықтайды, салыстырады, айырмашылықтарымен ұқсастықтарын ажыратады

1


1


«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды

ТЖ Тапсырма №4

1топ. Мұхиттарды сипаттау үшін алгоритм құрастыру

2 топ. Мұхиттарды сипаттау үшін кесте құрастыру

3 топ. Мұхиттарды сипаттау үшін 3 жоғары дәрежелі сұрақ, 3 төмен дәрежелі сұрақ құрастыру.

Жасалған жұмыстарды сағат тілі арқылы басқа топқа ұсыну.

Топтар алған тапсырмалар бойынша 4 мұхитқа сипаттама береді.

Жұмыстың нәтижесі бойынша қорытындылау.

-Алаңы бойынша ең үлкен мұхит?

-Ауданы бойынша ең кіші?

-Ең терең мұхит?

-Аустралия жағалауын шаймайтын мұхиттар?

Бағалау критерий

дескриптор

ұпай

Дүниежүзі мұхиттарын үлгі жоспар бойынша сипаттайды.

-Мұхиттарды

анықтайды, салыстырады, айырмашылықтарымен ұқсастықтарын ажыратады

1



«Сэндвич» әдісі арқылы бағалау

Физикалық география Атлас 7 сынып,





















Физикалық география Атлас 7 сынып,

Оқулық

























Физикалық география Атлас 7 сынып,

Оқулық


























Интернет ресурс:

www.tarbie.kz


Физикалық география Атлас 7 сынып,

Оқулық

Сабақтың соңы

Бағалау

4 мин














5 мин




1 мин

Тапсырма № 5: «Сызықтық» диктант «+», «-»


Shape1

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

  1. Ауданы бойынша ең үлкен мұхит- Тынық

  2. Ауданы бойынша ең кіші материк- Еуразия

  3. Солтүстік мұзды мұхит орналасқан- оңтүстік жарты шарлықта

  4. Ауданы бойынша ең үлкен арал- Гренландия

  5. Ауданы бойынша ең үлкен түбек- Таймыр

  6. Атлант мұхитының бөлігі- Бенгал шығанағы

  7. Жерорта теңізі-ішкі теңіз

  8. Түбек-құрлықтың барлық жағын су қоршап жатқан ірі бөлігі

  9. Гавай аралдары- топаралдарға жатады

  10. Материктердің шетінде орналасқан теңіздер-ішкі теңіздер

Тапсырма №6: «5 минуттық эссе» әдісі. «Дүниежүзілік мұхиттың адам өміріндегі маңыздылығына баға беріңіз».

Көмек қажет ететін оқушыларға сөз-тіркестер беріледі:

-Табиғат ресурстары, демалыс орындар, көлік қатынасы

Үй жұмысы: Түсініксіз жерлерді оқып келу. 2 жуан және 3 жіңішке сұрақ құрастыру.

















http://sabaq.kz/




Қосымша Сабаққа флипчарт дайындалып берілген.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ