Материалдар / Ашық сабақ: Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін анықтау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы ғылыми-әдістемелік тарапынан сүйемелдеу» тақырыбындағы қалалық семинар материалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
514
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


(«Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы ғылыми-әдістемелік тарапынан сүйемелдеу» тақырыбындағы қалалық семинар)


Карсыбаев Бексултан Тулегенович

М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі КММ


Күні:

08.11.2019 жыл.

Пәні:

Физика

Cынып:

7 «В»

Мұғалімнің есімі:

Карсыбаев Б.Т.

Қатысқандар саны:

13

Қатыспағандар

-

Сабақ тақырыбы:

Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

7.2.2.12 – әр түрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурканы) қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелерді ажырата алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Дұрыс пішінді денелердің көлемін арнайы формула арқылы есептей алады.

Кейбір оқушылар:

Өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшей алады.

Бағалау критерийлері

Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелерді ажырата алады.

Дұрыс пішінді денелердің көлемін арнайы формула арқылы есептей алады.

Өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшей алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

сабақты айтады, есептерді шығарады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

ұзындық, ені, биіктік, көлем, мензурка

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

өлшеу – измерение – measure; көлем – объем – volume; мензурка – мензурка – beaker; бөлік кұны – цена деления – value of division.

Талқылауға арналған тармақтар:

Дұрыс пішінді денелердің көлемін өлшеу.

Дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Негізгі ұғымдар мен анықтамаларды жазу.

Алдыңғы оқу

Масса және денелердің массасын өлшеу

Күтілетін нәтиже:

Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелерді ажырата алды.

Дұрыс пішінді денелердің көлемін арнайы формула арқылы есептей алды.

Өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшей алды.

Сабақтың типі:

Жаңа сабақ, төңкерілген сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:

Баяндау, сұрақ-жауап, есептер шығару, топтық жұмыс, практикалық жұмыс.

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Сабақтың көрнекілігі мен жабдықталуы:

Комьютер, перзентация, мензурка, әр түрлі денелер.

Пәнаралық байланыс:

Математика, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=U_XYsNgZyCw&list=PL1Us50cZo25nsoM_r05Jcx5VX5uKF1seU&index=55


Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың мазмұн

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі

2 минут


- сәлемдесу;

- келмеген оқушыларды анықтау;

- оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау;

- сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру;

- оқушыларды жаңа топқа топтастыру;

- топ ережесін бекіту.


презентация

Танысу

5 минут

Тапсырма:

«Тест жұмысы», «АКТ» қолдану

https://create.kahoot.it/details/9bfd40d4-a61b-4271-9161-e5b0514d3421

Дескриптор: оқушылар тест жұмысын орындайды.

Бұл кезеңдегі максимал ұпай – 6.


компьютер, проектор

Салыстыру 1

Салыстыру 2

10 минут

Салыстыру 1

Тапсырма: Дұрыс пішінді денелердің көлемін табу.

«Есептер шығару»

1-топ: Шардың радиусын өлшей отырып, арнайы формуласын қолданып көлемін анықтау.

2-топ: Тік бұрышты параллелепидетдің ұзындығын, енін, биіктігін өлшей отырып көлемін анықтау.

Дескриптор: Оқушылар арнайы формулаларды пайдаланып, дұрыс пішінді денелердің көлемін өлшейді.

Салыстыру 2

«Өзіңді тексер» әдісі

Тапсырма:

Алынған көлемнің мәнін мензурка арқылы тексеру.

Дескриптор: оқушылар есептелінген көлемнің мәнін мензурка арқылы тексереді.

Бұл кезеңдегі максимал ұпай – 6.


постер, мензурка

Зерттеу

10 минут


«Эксперименттік есептер шығару»

Тапсырма:

1-топ: Дұрыс емес пішінді дененің көлемін мензурканы пайдаланып анықтау, анықтау тәсілін баяндау.

Дескриптор: Оқушылар дұрыс емес пішінді дененің көлемін мензурка арқылы анықтайды.

Тапсырма:

2-топ: Бірнеше скрепканың көлемін мензуркамен өлшей отырып, бір скрепканың көлемін анықтау.

Дескриптор: Оқушылар бір скрепканың көлемін табады.

Бұл кезеңдегі максимал ұпай – 6.


постер, мензурка, дұрыс емес пішінді дене, скрепка.

Жалпылау

11 минут

Тапсырма: Практикалық жұмыс «Қарапайым мензурканы жасау»

Дескриптор: оқушылар қарапайым мензурканы жасайды.

Бұл кезеңдегі максимал ұпай – 7.


Мөлдір стакан, скотч, карандаш, шприц, қағаз, сызғыш, қайшы.

Үйге тапсырма 1 минут

Көлемді анықтаудың басқа жолдарын ұсыну.


Кері байланыс

1 минут

«Таңдау»



Қосымша ақпарат


Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді

қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?


Деңгейлік тапсырмаларды үлестіру арқылы


Бағалау-Оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Сабақтың барлық кезеңдерінде ауызша-жазбаша кері байланыс алу арқылы



Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Техника қауіпсіздік ережесін түсіндіру

Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы. Оқушылар сабақта дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеуді білді. Сыныптағы ахуал жағымды болды. Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды. Мен берілген уақыт ішінде үлгердім. Мен өз жоспарыма түзетулер енгізген жоқпын.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да ,оқуды да ескеріңіз)

1: Есеп нәтижесін теориялық және практикада тексеру.

2: Оқушылардың мензурканы өз қолымен жасауы.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да ,оқуды да ескеріңіз)

1: Оқушыларға өз бетімен ізденуге бағыт-бағдар беру.

2: Теория мен тәжірибені қатар алып жүруге дағдыландыру.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Әр оқушының жеке қабілетіне байланысты тапсырмалар беру.


Тексерілді: Тех карта № Метасызба №

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!