Материалдар / Ашық сабақ Ежелгі адамдар. 1-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Ежелгі адамдар. 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ әріптестеріме көмек болады. Жаңа әдіс тәсілдермен жасалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2021
532
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Пән: дүниетану

3 А бөлім «Саяхат»

Тақырып: Ежелгі ата-бабаларымыз

Күні:20.01.2021ж




Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ

1 «А» сынып 3 тоқсан



Мұғалімнің аты-жөні: И.Аймаганбетова

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.3.1.1.Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу;

1.3.4.1 Дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімелеу;

1.3.2.1Көрнекі материалдардың негізінде сақтардың өмір салтын сипаттау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Ежелгі тайпа сақтар туралы біледі. Сабақта алған ақпараты негізінде сақтар қазақтардың ежелгі ата-бабалары болғаны туралы ойларын айтады. Олардың тұрмысы туралы түсінік алады.

Көпшілігі:

Уақыт ағынына байланысты қарапайым терминдерді қолдана отырып, өткен мен қазіргіні салыстырады.


Кейбір оқушылар:

Ежелгі және қазіргі адамдар тіршілігін салыстырады.


Алдыңғы сабақта

Дереккөздерге қарапайым сұрақтар қоя білу және оларға жауап беру арқылы Алғашқы адам? Алғашқы адамдар қандай болған? тақырыбында түсінік алды.

Тілдік мақсаты

көшпенді ел – кочевник – nomadic people; көлік – транспорт – transport; әскер – армия – army;

Жоспар

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер

Кіріспе бөлім

5 минут








































Негізгі бөлім

30 минут







































Қорытынды бөлім

5 минут

(Ұ,Ж) Оқушыларды орындарынан тұрғызып сыныпта көтеріңкі көңіл-күй ахуалын орнату мақсатында психологиялық дайындық өткізу.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнге

(Ұ) Оқушылар көңілді шеңберге жиналып сұрақтарға жауап береді.

- Ерте кезде халық немен көшті деп ойлайсың?

- Отбасыңмен саяхатқа немен барасың?

Оқушыларды топқа бөлу.

Ол үшін оқушыларға көлік түрлерінің атауы жазылған үлестірме парақшалар таратылады, мысалы, ұшақ, кеме, поезд, автомобиль. Оқушылар көлік аттары бойынша топтасады.

Ойын «Көшпенділер» Мақсаты: көшпенділер тіршілігінің ерекшелігін түсінуге мүмкіндік беру. Көшкен кезде өздерімен бірге қандай заттарын алып жүретінін сұралады. «Көш қозғалды» деген кезде заттарын алып, келесі топпен орын ауыстырып отырулары қажет. «Көш қоныстанды» деген сәтте қай орынға келіп тоқталды, сол орындарында қалулары тиіс.

Үй тапсырмасын әр топтан сұрау

Bilimland видео көрсетілім

(МК) Ой қозғау.

«Қолшатыр» әдісі бойынша қайталау.

Не білеміз?Алғашқы адамдар қайда пайда болды?

Сипатта. Алғашқы адамдар қандай болды?

Салыстыр. Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан айырмашылығы қандай болды?

Жаңалық.Отты қалай алды?

Тұрмысы. Олар қайда тұрды?

Азығы. Қандай азықпен тамақтанды?

Бүгінгі сабақта тарихқа саяхатымызды жалғастырып, ежелгі ата- бабаларымыз туралы білетін боласыңдар. Олар кімдер болған екен?

Оқушылар берілген мозайка бөліктері арқылы жұмыс жасайды.

1 топ - садақ, 2 топ - айбалта, 3 топ - қылыш.

Әр топтың суреттерінен алдынғы әріптерден сөз шығаруды тапсыру « Сақ» сөзі шығады.

Сақтар. Біздің ежелгі ата-бабаларымыз - сақтар .Олар көшпенді халық болған.Олар өмір үшін қолайлы, әрі мал үшін шөбі шүйгін жерлерге көшіп отырған. Жау келгенде, тіпті ,әйелдері де қорған бола білген. Олардың басшысы- Томирис ханшайым . Ол –ержүрек, ер мінезді , ақылдылығымен көзге түскен. Сол заманда Томирис ханшайымы еліне парсы патшасы Кир шапқанда , елін жаудан қорғап, парсы патшасын өлтіреді. Сол кезден бастап сақтар әйел адамға үлкен сыйластықпен қараған. Сақ қоғамы үшке бөлінген. Жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер.

Bilimland видео көрсетілім

Дәптермен жұмыс

33-бет Берілген суреттерді қолданып көшпінділер қонысының суретін салу

Топпен жұмыс bilimland парағы

І-топ Ежелгі адамдардың өмірі. Ежелгі адамдар пайдаланған саз ыдыстың жалғасын салып аяқта.

ІІ-топ Сақтардың тұрмысы. Киіз үйді безендіру

ІІІ-топ Ежелгі адам мен қазіргі адам ерекшілігін айтыңдар

Азия тарихындағы аса танымал әйелдердің бірі сақ ханшайымы Тұмар (Томирис) еді. Тұмар ханшайым есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы еш жеңілуді білмеген әйгілі парсы патшасы Кирдің әскерін жеңуіне тікелей байланысты. Аңызға сай Томирис керемет сұлулығымен, өжет мінезімен, ақыл- парасатымен ерекшеленеді.

Үйге тапсырма.

Томиристің суретін сал және сипатта.

Сөйлемдер + / -

Томиристің аты тарихта қалды.

Томирис Кир патшасын жеңген жоқ.

Томирис парсы елінің ханшайымы болған.

Томирис елін, жерін жаудан қорғаған.

Дескриптор:

- Томирис патшайым туралы берілген сөйлемдердің дұрыс/бұрыстығын белгілеп көрсетеді.

«дұрыс/бұрыс» жұбы бағалайды

Рефлексия.

https://www.youtube.

com/watch?v=

6IqCPLLv26E



















https://www.youtube.

com/watch?v=

MxVupCgCA8I


Bilimland






























Bilimland




I-Mektep










Қосымша ақпарат.

Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?



Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланысы



Топтық, жұптық, жеке жұмыстарды орындауы смайликтер, сыйлық суреттері түрінде бағаланып, қолдау көрсетіледі.

Қабілетті оқушылардың креативті идеялар айтуына жетекші сұрақтар қойылады.



АКТ-да оқушылар сақтардың ұстаған еңбек құралдары мен қару жарақтарын көреді. Сақтар туралы, Тұмар ханшайым туралы bilimland видеоларын көреді.

Өнер. Ойын барысында оқушылар бірқатар шығармашылық тапсырмаларды орындайды.

Ойын барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелері айтылады.

Сабақ барысында оқушылар өз халқының тарихын құрметтеуді түсінеді, сақтардың мәдениеті мен өмір салты туралы алғашқы түсініктер алады. Сақ ханшайымы Томиристің ерлігі туралы біледі.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!