Материалдар / Ашық сабақ "Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйесі" 9-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйесі" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйесін ажрату, оларды құру және олардың шешімін табу жолдары. 9-сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2021
322
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.1.А.Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері

Мектеп:

Күні: 11.09

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.1

екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді ажырату


Сабақ мақсаттары

- екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулердің анықтамасын біледі, дәрежесі бойынша ажыратады;

  • - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулердің шешімін тауып, графигінің түрін анықтау арқылы салады;

  • - график бойынша екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу құрастыра алады.

Бағалау критерийлері

  • - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулерді тауып, дәрежесін анықтайды;

  • - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің шешімін тауып, графигін салады;

  • - график бойынша екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

  • - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу;

  • - айнымалылар;

  • - теңдеудің дәрежесі;

  • - теңдеудің шешімі;

  • - теңдеудің графигі.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

- екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу дегеніміз...

- екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің дәрежесі дегеніміз ...

- екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеуді шешу деп ...

- теңдеудің графигін салу үшін ...

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылықтарының негізінде оқушыларды бір-бірін сыйлауға, бір – бірінің пікірін тындауға, өзара мәдениеттілікке және жұппен біріккен түрде жұмыс жасай білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сызу, информатика

Алдыңғы білім

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу, шешімін табу, теңдеудің графигін салу, мәндес теңдеулердің қасиеттері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


0 – 2 мин










2 – 4 мин


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.


Саралау тәсілі: диалог және қолдау көрсету

Белсенді оқу әдісі: «Тілек шоғы»

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, қолдарынан ұстайды. Көршісінің көзіне қарап тұрып оларға жақсы сөз айтып, мақтау керек. Оны қабылдаған адам басын изеп: «Рақмет, мен өте ризамын!»-деп айтады. Кейін ол өз көршісіне қошемет сыйлайды. Жаттығу шеңбер бойымен жүреді.

ҚБ: «Қошемет» әдісі арқылы бір-біріне қошемет көрсетеді.


Топқа бөлу.

Саралау тәсілі: жіктеу (аралас - гендерлік топ)

Белсенді оқу әдісі: «Сиқырлы сандықша»

Оқушылар мұғалім алдында тұрған сандықша ішінен қағаз қиындыларын алады, қағаздағы теңдеуге байланысты график түрін анықтайды, сол бойынша 3 топ құрылады.


І топ:

«Парабола»

ІІ топ: «Гипербола»

ІІІ топ:

«Шеңбер»


у = х2-4х +3


х22=16


у = -3х2+2х +5


(х+3)2+(у-1)2=9


у = 2х2-4х +5


х22=36


у = -х2+7х -12



(х+1)2+(у-3)2=4

ҚБ: Мұғалім мадақтауы «Керемет!», «Жарайсыздар!», «Өте тамаша!»,т.с.с.























кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы

4– 7 мин







































7– 10 мин






































10– 20 мин































20– 22 мин



















22– 27 мин




















































27– 37 мин

Жеке жұмыс

Бағалау критерийі:

  • - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулерді тауып, дәрежесін анықтайды

Ойлау деңгейлерінің дағдылары: білу, түсіну.

Саралау тәсілі: диалог және қолдау көрсету

Белсенді оқу әдісі: «Допты лақтыру»

Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушылар бір-біріне допты лақтыру арқылы бірнеше сұрақ қояды.Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса , допты басқа оқушыға береді.

1.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу дегеніміз?

Жауабы: Екі айнымалысы бар теңдеуде айнымалылардың дәреже көрсеткіші немесе бір қосылғыштағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы 1-ден артық болса, олар екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу деп аталады.

2. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің дәрежесі дегеніміз?

Жауабы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудегі бірмүшелердің ең жоғарғы дәреже көрсеткіші осы теңдеудің дәрежесі болып табылады.

3. х(х+y2)=х+1 теңдеуінің дәрежесі?

Жауабы: үшінші

4.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің шешімі дегеніміз?

Жауабы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді дұрыс теңдікке айналдыратын айнымалы мәндерінің реттелген жұптарының жиыны.

5. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің графигі дегеніміз?

Жауабы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің графигі деп координаталары осы теңдеудің шешімдері болатын нүктелер жиыны аталады.

6. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің графигі (шешімі) Жауабы: қисық сызық


ҚБ: Смайликтер арқылы өзін-өзі бағалау (өте жақсы, жақсы, орташа)


Үй тапсырмасын тексеру

Ойлау деңгейлерінің дағдылары: қолдану

Саралау тәсілі: тапсырма

Белсенді оқу әдісі: «Өзара тексеріс»

Оқушылар дәптерлерін сағат тілі бағытымен алмастырып, интербелсенді тақтада көрсетілген жауап арқылы тексереді.

33

а) х = 0; у = 2;

ә) х = – 1; у = 1;

б) х = 1; у = 0 сандар жұбы 4х3 – у2 + 4 = 0 теңдеуінің шешімі бола ма?

Жауабы:

а) х = 0; у = 2;

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!