Материалдар / Ашық сабақ Экология және тұрақты даму 10-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Экология және тұрақты даму 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ 10-сынып жаңартылған білім бағдарламасы негізінде құрылған. 10-сыныпқа сабақ беретін мұғалімге көп пайдасы тиеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2020
3033
9 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма

Мектеп: Ғ. Махамбетов атындағы ОЖББМ КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қалиева Гүлназ Әділбекқызы

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Экология және тұрақты даму.

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;

10.3.5.1 әр түрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме) ұсына білу;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтіндердегі терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды тауып, шығармашылық жұмыс жаза алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды талдап, мәтін мазмұны аясында құрылымын сақтай отырып шығармашылық жұмыс ұсына алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Шығармашылық жұмыс жазуда терминдер мен тілдік оралымдарды таңдап, саралап қолдану арқылы өз ойларын білдіреді.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды.

  • Тақырып бойынша құрылымын сақтай отырып шығармашылық жұмыс жазады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Оқушылар шығармашылық жұмыс орындайды. Хат, эссе, әңгіме жазады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Экологиялық сауаттылық, ғаламдық проблема, индустриялық қоғам, биосфера, демографиялық жарылыс, радиация, парнигті эффект, озон қабаты

Талқылауға арналған сұрақтар: Мұхит суының ластануының алдын алу үшін не істер едің?

Құндылықтарға баулу

Ұлттық қауіпсіздік және әлемдік, аймақтық мәселелерді шешуге бүкіл елге араласу, қатысу. Азаматтық жауапкершілік.

Пəнаралық байланыс

География

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Еліміздегі экологиялық мәселелер мен өз өлкелерінің экологиясы туралы біледі. Шығармашылық жұмыстар орындай алады.




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ширату. «Экология шеңбері»

Шеңбер жасап тұрады ортада.

Қолдарына ақ бет қағаз алады.

Оған өз бойларындағы жаман қасиеттерін жазады. Енді одан арылу үшін умаждайды және лақтырады.

Сұрақ: оқушылар біз не істедік?

- Бойымыздағы жаман қасиеттерден арылдық.

- Жақсы. жаман қасиеттерден арылғанымызбен, тұрған жерімізді, айналамызды ластадық.

Міне осындай кішкене ғана мәселеден ғаламдық проблема шығатынын есімізден шығармайық.


Оқушылардың қолдарына су, ауа, топырақ суреттері салынған жетондар таратылып беріледі.

Сол бойынша топқа бөлінеді.




Screenshot_20191025-083343.jpg Screenshot_20191025-083858.jpg 2019-10-25-08-35-08.jpg



Жетондар





Сабақтың ортасы


3 мин





















7 минут































10 минут
































7 минут



























































3 минут

Тыңдалым алдындағы тапсырма

ТЖ: «1 минуттық әңгіме» әдісі

1-тапсырма. Жұмыс түрі: Алдарыңызға ұсынылған суреттер арқылы өз білетіндеріңізді ортаға салыңыз.


Оқушылардың қолдарына берілген жетондарына қоса А4 парақшасына

  • Қоқысқа толы әлем

  • Мұхиттың ластануы

  • Ауа бүлінуі суреттер беріледі.


Дескриптор:

- берілген суреттер бойынша өздерінің білетіндерін ортаға салады.

ҚБ: «Жарайсың»

«Тамаша»

«Керемет жауап»


Осы кезде сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады.



Тыңдалым кезіндегі тапсырма

ЖЖ, ТЖ:

« Журналистік үштік» әдісі

«Табиғаттың ластануы – ғаламдық мәселе» тақырыбында бейнеролик көрсетіледі.


2-тапсырма Осы көрсетілген бейнероликтегі материалдарды пайдалана отырып, кестені толтыр.


Дерек

тер


Терминдер мен тілдік оралымдар

Қолданылу мақсаты





Дескриптор:

  1. Мәтінді мұқият тыңдайды

  2. Кестеге сәйкес ақпараттарды толтырады

  3. Тапсырманы жұппен орындайды;

  4. Топта ортақ шешім шығарады;


Саралау. «Көршіңнен сұра» әдісі арқылы оқушылар тапсырма орындау барысында қолдау көрсетеді.

«Диалог және қолдау көрсету»



ҚБ. «Театрдағы әрекет»


ТЖ. 3-тапсырма. «РАФТ» әдісі

Жұмыс түрі:

Тыңдалым мәтіні бойынша рөл мен форма таңдай отырып, үндеу, хабарлама, баяндама әзірлеңіз.

Р – рөл (эколог, мұғалім, саясаткер)

А – аудитория (оқушылар, студенттер,табиғат қорғаушылары, халықаралық)

Ф - форма (үндеу, хабарлама, баяндама)

Т - тақырып (Ғаламдық экологиялық проблемаларды бірге шешейік)


Дескриптор:

  1. Рөл мен аудитория, ұсыну формасын таңдайды

  2. Ұсыну формасының құрылымын сақтайды

  3. Мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен тілдік оралымдарды қолданады.

  4. Тақырып аясында әңгімелеседі


Саралау. Саралау топ мүшелері арасында жүреді. Саралаудың қорытынды тәсілі. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.


ҚБ. «+», «-», «қызықты» әдісімен оқушылар топ аралық бақылау жүргізеді.


Ж. 4-тапсырма. Шығармашылық жұмыс

Оқушыларға «Мұхит суларының ластануы – жаһандық проблема» тақырыбында бейнематериалдан үзінді көрсетіледі.

Жұмыс түрі: Бейнематериалдағы деректердің негізгі идеясын анықтап, терминдер мен тілдік оралымдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс жазыңыз.


«Егер мен ақын болсам...» Өлең

«Егер мұхитқа тіл бітсе» Хат

«Табиғатпен сырласу » Әңгіме жазады.


«Егер мен ақын болсам...» Өлең ұйқастары мен өлшемі ұсынылады

  • --------------------- қорғайық

  • --------------------- қолдайық

  • --------------------- бәрінен

  • --------------------- болайық.

  • --------------------- Жер ана

  • --------------------- сен ғана

  • --------------------- мәңгілік

  • --------------------- кең дала


«Егер мұхитқа тіл бітсе...» Хат жазу үлгісі мен құрылымы және өлшемі беріледі


  • Хат құрылымын сақтау

  • 30 сөзден тұруы қажет

  • Хат мұнай компаниясының басшысына немесе экологияны қорғау департаментіне арналып жазылады.



«Табиғатпен сырласу » Әңгіме жазуға терминдер мен тілдік оралымдар ұсынылады, өлшемі беріледі.

  • 50 сөзден тұру керек

  • Әңгіме құрылымының сақталуы

  • Оқиға желісі болу керек

  • Шығармашылық жұмыс жазуға тірек болатын сөздер: экология, табиғат ана, адам өмірі, балықтар тіршілігі, қауіп, мұхит, мұнай қалдығы.


Бағалау критерийлері:

  1. Шығармашылық жұмыстың түрін анықтау

  2. Тақырыпқа сәйкес жұмыс жазу

  3. Берілген тілдік оралымдар мен үлгілерді, өлшемдерді орынды таңдап, саралап қолдану.



Саралау. «Ұшақ қанатындағы сөздер» әдісі

Саралаудың тапсырма тәсілі: оқушылардың қажеттіліктеріне қарай түрлі кестелердегі немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жжасау. Шығармашылық жұмыс жазуда үлгілер мен тілдік оралымдар беріледі.


ҚБ. Сағат тілімен бір-бірін тексеріп «2 жұлдыз 1 тілек» жазады.


5-тапсырма.

Ж. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

«Автор орындығы» әдісі арқылы әр топ үздік бір өлең, бір хат, бір әңгіме оқиды.


Дескриптор:

  1. Орындалған шығармашылық жұмыстарды іріктейді.

  2. Талапқа сай жазылған бір оқушының жұмысы ұсынылады.

  3. «Автор орындығына» отырып оқиды.


ҚБ. «Үлдірген критерийлер»

«Сізбен топта бірге жұмыс жасаған оқушылардың арманы болмас»

«Сіздің талантыңыз ерекше»

«Мен сізді мақтан етемін» деген карточкалар арқылы бағалаймын.



Топтарға арналған фотосуреттер









https://www.youtube.com/watch?v=QVhoJKfwwg8














































578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!