+7 (771) 234-55-99

Жұмыс күндері: Дс-Жм, 09:00 - 18:00



Ашық сабақ. Елін сүйген-Елбасы.

Материал туралы қысқаша түсінік

Балабақша тәрбиешілеріне. Тұңғыш президент күніне орай.

Кемал Айнамкөз Аманкелдіқызы

16 Қырқүйек 2020

22

0

Материалдың толық нұсқасы

Білім беру саласыКоммуникация.

Ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетіСөйлеуді дамыту.

Тәрбиеші: А.Кемал

Тақырыбы: «Елін сүйген -  Елбасы»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының елбасы Н. Ә. Назарбаев атамыз туралы мағлұмат беру.

Білімділік мәніПрезидент күні туралы ұғымдарын қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Дамытушылық мәніРәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымы мен өмір жолын үлгі етіп, балалардың ой – өрісін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмысТу, елтаңба, әнұран.

Жеке жұмыс: Перизатқа рәміздер туралы түсінік беру.

Керекті құралдар: Суреттер, елтаңба, ту, слайд-шоу.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мотивациялық  қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздену - ұйымдастырушы

 

Шаттық шеңбері:

- Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер?  

- Күнді, күннің жарқыраған нұрын көреміз.

- Күннің нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар?              

- Алақай! деп қолымызды шапалақтап қуанамыз.

- Далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз, төменнен не көреміз?

- Жоғарыдан аспан, күнді, бұлтты.

- Төменнен жерді, шөптерді, гүлдерді, суды көреміз.

- Ендеше біз де аспанға, жерге, күнге және сабағымызға келген қонақтарға сәлем берейік.

Шеңберге тұрады:

- Сәлем саған Алтын күн!
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған достарым!
Сендерді көрсем қуанамын.
Сәлеметсіздер ме қонақтар
!

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы: «Елін бастаған – Елбасы» 

- Балалар, барлығымыз бірге әнұранды орындаймыз.

- Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Иә, біз ірі жер көлемі бар мемлекетте тұрамыз. Дүние жүзінде 9-шы орында. 

- Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

- Біздің елбасымыз кім?

- Ия, балалар, біздің бүгінгі сабағымызда Нұрсұлтан атамызға арналмақ. Себебі 1-ші желтоқсан ең бірінші тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан атамызды сайлаған күн.  

Ал Нұрсұлтан атамыз қандай болған?

Оны білу үшін теледидарға назар аударайық. (Теледидардан Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау сөзі қойылады).

Саяхат. Нұрсұлтан атамыз туралы көбірек білу үшін балалар, жұмыс жасаған қалаларға саяхат жасайық. Қане барлығымыз ұшаққа отырамыз.

- Алғашқы жұмыс қадамын Нұрсұлтан атамыз Қарағанды қаласында бастаған.

Осы Қарағандыда не бар?

Кенші атаның ескерткіші орналасқан бұл қала көмірге бай.

- Қазір балалар Елбасымыз қай қалада тұрады?

- Бұл қала біздің елордамыз.

- Ал Астанада не бар? 

- Ия, байтерек, ақорда, т.б. бар.

- Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз тәуелсіздік, еркіндік үшін күресіп Отанымыздың болашағы, балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге күш салып, қаншама еңбек етті. ҚР Мемлекеттік туы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді. Авторы: Шәкен Ниязбеков. ҚР Мемлекеттік елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді. Авторлары: Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов. ҚР Мемлекеттік әнұраны сөзін жазған Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. – Жарайсыңдар балалар, шаршап қалған болармыз. Сергіту сәтімен бірге сергіп алайық. 

Сергіту сәті: 

Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз

Балалар елбасымыз, Отан туралы кім тақпақ айтып береді?

Арай

.                                                     

Асылым:   

Құдірет:

Наргиза:

Азиз:

Әди:

Айзере:

Айдар:

 Жарайсыңдар балалар.

Әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Біздің Қазақстан өте үлкен, көп ұлтты мемлекет. Бәріміз бір үлкен жанұямыз, бір-бірімізді сыйлап, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Сондықтан біз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, қорғауға тиістіміз.

 

 

 

 

Балалар шеңберге тұрып, бір–біріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әнұранды орындайды.

 

- Қазақстан Республикасында

 

- Елтаңба, Көк ту, Әнұран. 

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол президент.

 

 

 

 

 

- Көмір

 

 

- Астанада

 

- Бәйтерек

Күтілетін  нәтиже:

Білуі  керек: ҚР Мемлекеттік рәміздерін, президентін, оларға сипаттама беруді  біледі.

Игерді: Еліміздің рәміздерін құрметтеуді, сұрақтарға жауап беруді біледі.

Меңгерді: Патриоттық сезім болуы керек.



Сертификатты жүктеу

Сертификатты “Менің материалдарым” бөлімінде де жүктей аласыз

http://ust.kz/word/asyq_sabaq_elin_suigen_elbasy-218383.html

Ұқсас сабақ жоспарлары


Сабақ жоспары 2 сынып Өзін-өзі тану қмж

Өзін-өзі тану пәнінен 2 сынып бойынша ұстаздарға арналған сабақ жоспарлары қамтылған. Файлды сатып алу арқылы сіз Өзін-өзі тану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарларын және сыйлыққа дидактикалық материалдарды аласыз

Өзін-өзі тану

2-сынып

156

-10% жеңілдік

Бағасы: 1000 тг

900 тг

Сатып алу

Үлгіні көру
Сабақ жоспары 9 сынып Биология қмж ктп бжб тжб

Биология пәнінен 9 сынып бойынша ұстаздарға арналған сабақ жоспарлары қамтылған. Файлды сатып алу арқылы сіз Физика пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарларын және сыйлыққа дидактикалық материалдарды аласыз

Биология

9-сынып

268

Бағасы:

1000 тг

Сатып алу

Үлгіні көру
Сабақ жоспары 8 сынып Дене шынықтыру ҚМЖ

Алматыкітап баспасы бойынша Дене шынықтыру пәнінен 8 сынып бойынша ұстаздарға арналған сабақ жоспарлары қамтылған. Файлды сатып алу арқылы сіз Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарларын және сыйлыққа дидактикалық материалдарды аласыз

Физика

8-сынып

165

-10% жеңілдік

Бағасы: 1000 тг

900 тг

Сатып алу

Үлгіні көру