Материалдар / Ашық сабақ "Графикалар және диаграммалар тұрғызу"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Графикалар және диаграммалар тұрғызу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ұстаздарға электронды кестеде диаграмма құру жайлы қысқаша мәлімет береді. сондай-ақ оқушыларға да диаграмма жайлы реферат жазу керек болса, керек ақпарат.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2018
727
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҚарағанды облысының білім басқармасыҚарағанды көлік-технологиялық колледжі





КЕЛІСІЛДІӘдіскер

_____________Б.А. Мусатаева «___» ___________________ 2017 ж.

БЕКІТЕМІНОқу ісі жөніндегі директордың орынбасары__________________ Г.М. Рысбекова «___» ___________________ 2017 ж.














АШЫҚ САБАҚ ҚҰРАСТЫРМАСЫ«Информатика» пәні

Тақырбы: Графика және диаграмма тұрғызу























Қарағанды 2017

Құрастырған: ________________Э.Е. Бекбаулова



ЖМП ЦӘК төрайымы_________ М.М.Кантарбекова

«___»________________2017ж.











































































Күні: 07.02.2017жУақыты: 11.00-12.20Топ: 9ТОРА-16-1қМамандығы: 1201000 «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» Пәні: ИнформатикаМұғалімнің аты-жөні: Бекбаулова Эльвира Ермахановна

Сабақтың тақырыбы: Графика және диаграмма тұрғызу. Мақсаты: Excel-дің графикалық мүмкіндіктерін көрсету, мәліметтерді пайдаланып диаграмма құра білу, диаграмма параметрлерімен жұмыс істей білу.Міндеттері:а) білімділік - Exсel-дің графикалық мүмкіндіктері, диаграммамен жұмыс істеу, графикалық объектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;ә) дамытушылық - Студенттердің есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру; б) тәрбиелік - Деректермен жұмыс істеуге үйрету. Алған білімін өмірде қолдана білуге, ұқыптылыққа, жұмыс жолдарын түсіне білуге тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар таратуСабақтың түрі: АраласСабақтың әдісі: көрнекілікті (демонстрациялық) баяндау

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі-3 минII. Үй тапсырмасын тексеру-15 минIII. Жаңа материалды түсіндіру -20 минІV. Практикалық жұмыс-25 минV. Сабақты бекіту-10 минVI. Бағалау-5 минVIІ. Үйге тапсырма-2мин  

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сабаққа қатысуын түгендеу. Оқушылардың үй тапсырмасын орындауын тексеру.ІІ. Өткен материалдарды игеруін тексеру мақсатында төмендегідей сұрақтарды қою:
  • Exсel – дің жұмыс кітабы дегеніміз не?
  • Exсel – де жаңа құжатты қалай құрады
  • Exсel бағдарламасының форматтық сақталу типі қандай?
  • Кестедегі жұмыс парағы неше бағаннан және жолдардан тұрады?
  • батырмасы қандай қызмет атқарады?
  • Салыстырмалы сілтеменің атқаратын қызметі?
  • Абсалютті сілтеменің атқаратын қызметі?
  • Ұяшықтар форматы
  • Негізгі формулалар қалай орындалады
  • Кез келген электронды кестенің ұяшығына қандай ақпарат енгізуге болады?
  • Exсel – де кез келген формуланы енгізу қандай белгіден басталады?
  • =СУММ (А3:Е3) формуласы нені білдіреді?
  • Exсel бағдарламасын кімдер жүзеге асырды?
  • Бағдарламадағы бағандар немен өрнектелген?
  • Microsoft Excel бағдаламасы қандай бағдарламалар тобына жатады?
  • Exсel – де А1 ұяшығында 9 саны, ал В1 ұяшығында 12 саны жазылған болсын. Егер С1 ұяшығында =А1+В1формуласы жазылған болса, оның мәні нешеге тең болады?
ІІІ. Жаңа сабақ.Графикалар мен диаграммалар тұрғызу.Жоспар 1 Диаграмма туралы түсінік2 Диаграмма типтері3 Форматтау және диаграмманы өзгерту4 Диаграмма тұрғызудың негізгі параметрлері

Графикалар мен диаграммалар тұрғызу.Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Excel-де диаграмманы 14 түрлі түрінде құруға мүмкіндік береді. Оларға түсініктеме мәтін, тақырыптар және тағы басқа қосуға болады. Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі, диаграмма негізгі және қосымша параметрлермен сипатталады.Негізгі параметрлер:
  • Диаграмманың типі;
  • Диаграмманың тақырыбы;
  • Рамка;
  • Координаталық сетка;
Қосымша параметрлер:
  • Қатардың орналасуы;
  • Түсіндірме (легенда);
  • Осьтегі жазбалар;
Диаграмма типтері: сызықтық, гистограмма, дөңгелекті, график, сақиналы.Диаграмма құру үшін:
  • Берілгендер диапазонын белгілеу
  • Вставка – ДИАГРАММЫ
  • Диаграмма типін таңдау
  • Негізгіжәне қосымша параметрлі тағайындау
Диаграмма кестесі бар параққа қойылады, онда ол «кірістірілген» деп аталады, немесе жеке «Диаграммы» деп автоматты түрде құрылатын параққа қойылады.Диаграмма блогының оң жақ төменгі бұрышында Создать диаграмму батырмасы арқылы Вставка диаграммы терезесін ашуға болады. Онда диаграмманың типтері, түрлері, шаблондары орналасқан.Диаграмма құрылғаннан кейін Конструктор, Макет, Формат деп аталатын ішкі парақтары бар Работа с диаграммамами лентасы пайда болады.Конструктор - диаграмма типін, бағандар мен қатардың орнын ауыстыруға, берілгендерді қосуға және жоюға, макетті және стильді өзгертуге, диаграмманың орналасуын өзгертуге мүмкіндік береді.



Макет – диаграмма элементтерін қосуға және жоюға қажетті командалар жиынтығынан тұрады.



Формат – диаграмма элементтерінің форматтау командаларының жиынтығы.



Форматтау және диаграмманы өзгертуДиаграмманың типін өзгерту үшін Конструктор - Тип – Изменить тип диаграммы.Егер диаграмма берілгендері дұрыс орналаспаса баған мен қатарды ауыстыру керек. Строка столбец – Данные – Конструктор.Қажетті макет пен стильді таңдау үшін Конструктор – Макеты диаграммы және Стили диаграмм.олардың құрамындағы Дополнительные переметры батырмасы арқылы орындалатын амалдар тізімі шығады.Диаграмма элементтері:
  • Диаграмма аймағы – диаграмма компоненттері орналасқан негізгі терезе.
  • Диаграмманы құру аймағы - вертикаль және горизонталь осьтер берілгендер қатары, негізгі және қосымша торкөз сызықтары.
  • Берілгенднр қатары – графикалық түрде кескінделген берілгендер.
  • Мәндер және категория осьтері – вертикаль және горизонталь сызықтарда орналасқан сандық параметрлер.
  • Түсіндірме (легенда) – қатар мәндерінің түсіндірмесі.


Берілгендерді консолидациялауКонсолидациялау амалы бір жұмыс парағының әртүрлі диапазонында немесе бірнеше жұмыс парағының әртүрлі диапазондарында орналасқан берілгендерді тандалған функцияның көмегімен біріктіру, «Данные», «Работа с данными», «Консолидация».Консолидация сұхбат терезесінде «Функция» шашырап шығатан тізімнен барлық диапазондарға қолданылытын қажетті фнкцияны таңдау керек. «Ссылка» өрісінің пиктограммасы арқылы диапазондарды белгілеп біртіндеп енгіземіз. «Добавить» енгізілген диапозондарды «Список диапазонов» өрісіне кірістіреді.Берілгендерді сұрыптауКестеге енгізілген берілгендерді қайта реттеп орналастыру жиі қажет болады. Мысалы тізімді алфавиттік ретімен немесе сандарды өсу (не кему) ретімен орналастыру. Сқрыптау осы мақсатта қолданылады.
  • Кестенің сұрыптау орындау қажет болатын бөлігін еркешелейміз
  • Данные сотрировка командасын береміз.
  • Пайда болған сұхбат терезеде сұрыптауға қажетті бағанды (яғни деректері сқрыпталатын бағаны) таңдаймыз
  • Бұдан соң сұрыптау нұсқасын (өсу не кему бойынша) таңдаймыз
  • ОК батырмасын шертсек – кесте қайта реттеліп шығады.
Берілгендерді сүзгулеу.Сүзу (Фильтрация) – мәліметтреді тез тауып, олармен және тізім бойынша жұмыс істеу әдісі. Сүзгілеу кезінде көрсету қажет емес жолдар уақытша жасырылады. Еxcel-де сүзгілеу кезінде іріктеліп алынған жолдарды олардын ретін өзгерпей және орындарын ауыстырмай өңдеуге,пішімдеуге, оларға негізделіп диаграммалар жасауға, басып шығаруға болады.Тізімді автосүзгі көмегімен сүзу үшін, сүзгіден өткізетін тізімдегі ұяшықты белгілеп Данные – Фильтр – Автофильтр. Сүзуді қажетті ететін мәліметтері бар қатардың батырмасын басып, қажет мәнді тандау керек. Мысалы:
  • Перыве 10... – тізімін алғашқы 10 қатары қалады
  • Шарт (условие) – пайдаланушының автосүзгісі диалогтық терезесі шығады.
  • Пайда болған сұхбаттық терезеде тізімінің бір немесе екі шартқа байланысты сүзуі орындалады.
  • Автосүзгіні қолдану үшін тізім қатарының тақырыбы болуы шарт.
  • Бірінші шартты орындау үшін салыстыру операторын таңдау қажет.
  • Екінші шартты шартты орындау үшін аустырғышты «ЖӘНЕ» не «НЕМЕСЕ» қалпына қойып салыстыру операторы және салыстыру мазмұны таңдалады.
Жазу (надпись) құруExcel 2010 бағдарламасының құрамында графиканың негізгі типтерімен жұмыс істеуге арналған құралдар бар. Графикалық объектілер – жазулар (надписи), фигуралар, диаграммалар, блок схемалар, Word Art, Smart Art. Жазу құру үшін Вставка –Текст – Надпись. Қажетті аймақта тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, жазу рамкасының қажетті мөлшерін белгілейміз. Мәтін енгізілетін тіктөтрбұрыш пайда болады. Жазу тіктөотбұрышты аймақан және мәтін енгізілетін ішкі өрістен тұрады. Рамканың типін, түсін өзгертіп, бояуға болады.

IV. Практикалық жұмыс:Тапсырма №1Қазақстанның әр облысындағы автокөлік санын дөңгелек диаграмма түрінде көрсет. Тапсырма№2Автокөлік жасау зауытының жұмыскерлерінің үш жылдық айлығын гистограмма түрінде көрсет.Тапсырма№3Автокөлік сату дүкеніндегі жылдық пайдасын есептеуде биржалық диаграмма түрінде көрсет.

V. Сабақты бекіту
  • Диаграмма дегеніміз не?
  • Диаграмманың қандай түрлері бар?
  • Горизонталь және вертикаль осьтер не үшін берілген?
  • Диаграмма қандай элементтерден тұрады?
  • Аңыз дегеніміз не?
  • Диаграмма тұрғызу қандай жолдармен жүзеге асырылады?
  • Кестелік процессорға графиктік объектілер қою үшін қандай әрекеттер орындаймыз?


VI. Бағалау.Рефлексия.БілемінБілгім келедіБілдім(Диаграмма түрінде)

Студенттерді бағалау.

VIІ. Үйге тапсырма  Өз топтарыңның бірінші және екінші жарты жылдықтарыңның сабақ үлгерімдеріңнің диаграммасын жасаңдар. Диаграмма үш түрлі болу керек.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!