Материалдар / Ашық сабақ Ж дыбысы мен әріпі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Ж дыбысы мен әріпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық әріпі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2020
378
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі.

Сынып: Мектепалды даярлық Б сыныбы

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім беру бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Ж дыбысына сөздер айтып талдау жасап үйрету,дыбыстық құрылымы әр түрлі үш және төрт дыбыстардан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасауды жетілдіру
Дамытушылығы: Оқушылардың тіл байлығын, ой – өрісін дамыту.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, достық қарыс – қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап,
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, парақша, суреттер, буындар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі

  • Қайырлы күн балалар! Бүгін бізде сауат ашу ұйымдастарылған іс-әрекеті. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр, сондықтан қысылмай сабаққа барынша белсене катысып өздеріңді көрсетіңдер, жақсы ма?

  • Жарайды .

  • Ендеше орнымыздан тұрып амандасамыз.
    Қайырлы күн, досым,
    Қайырлы күн болсын!
    Сәрсенбінің күні
    Сәттілікке толсын.
    Біздің алар бағамыз
    Кіл бестіктер болсын!

  • Балалар енді тақтаға назар аударайықшы нені көріп тұрсыңдар?

  • Суреттер

  • Қандай суреттер?

  • 1. Жапырақ 2.Жұлдыз 3.Көжек

  • Бұл сөздерде біз не байқап тұрмыз? Сұрақтарға жауап беру.

  • Бүгін біз Ж дыбысы және әрпімен таныс боламыз.

  • Енді қане ж дыбысын айтып көрейікші Ж-ж-ж Олай болса бұл қандай дыбыс?

  • Дауыссыз

  • Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

  • Айтылуында өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырайды

  • Жарайсыңдар! Ал келесі суретте не көріп тұрмыз?

  • Көбелекті.

  • Дұрыс айтасыңдар балалар, ал енді мұқият қарап көрейікші көбелек неге ұқсайды?

  • Ж әрпіне

  • Өте дұрыс ,

Ж-ның өзі жұмбақ,

Жартысы жартысына

Тұрғандай ғой ұқсап.

Ж әрпін жазып көрсету.

Тәрбиеші: Балалар енді мені мұқият тыңдаймыз.Ертеде жұмбақты үлкендер айтатын болған екен ал балалар оның шешімін табу керек, сондықтан біздің қазақта Жұмбақбай деген атамыз бар екен сол Жұмбақбай атай бізге өзінің жұмбақ сандықшасын беріп жіберіпті. Ал ол сандықшаны біз кейін толтырып жіберуіміз керек.

  • Ендеше балалар сандықты ашып көрейікші!

  • Балалар қарайды.

  • Балалар Жұмбақбай атаның сандығында сиқырлы қобдишалар бар екен! Кім ашып көреді?

Бірінші оқушы келіп сиқырлы қобдишаны ашып жүзімді көреді және оны сипаттайды, талдайды.

Екінші қобдишаны ашып әже суретін көреді және оны сипаттайды, талдайды.

Үшінші қобдишаны ашып жыланды көреді және оны сипаттайды, талдайды.

  • Дұрыс айтасыңдар балалар жарайсыңдар!

Сергіту сәті. (Қос қарлығаш)

Ал енді балалар дәптермен жұмыс жасаймыз, берілген Ж дыбысын бастырмас бұрын оны ауада салып көрейік.

Қорытынды рефлексия:Балалар сонымен бүгін біз не істедік? Қандай дыбыспен таныстық?

Дыбыс дегеніміз не? (естиміз, айтамыз)
- Әріп дегеніміз не? ( көреміз, жазамыз)
- Дыбыстар неше түрге бөлінеді? ( дауысты және дауыссыз дыбыстар)
- Дауысты дыбыс дегеніміз не?
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
- Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

  • Жарайсыңдар балалар сендер Жұмбақбай атаның жұмбақтарын шеше білдіңдер. Жұмбақбай атаға сыйлыққа не беріп жіберсек екен!

  • Жұмбақбай атаға шай ішуге тәтті кәмпиттер беріп жіберейік.

Ал сендерге мен мынадай жұлдыздар беремін!

Ал сендерге балалар бүгінгі іс-әрекетіміз ұнаса күлімдеген күлегешке ал түсінбей қалған болса ашулы күлегешке жапсырамыз.

Осымен біздің іс-әркетіміз аяқталд ,қоштасу өлеңі Сау болыңыздар!






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!