Материалдар / Ашық сабақ Жаратылыстану 3 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Жаратылыстану 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Климат дегеніміз – белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы аумақтағы ауа райы жағдайының жүйелі түрде қайталанып отыруы. Жергілікті жердің климаты теңіздер мен мұхиттардың жақындығына, жер бедерінің пішініне, полюстер мен экватордан қандай қашықтықта орналасуына байланысты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2022
322
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дүниетану ашық сабақ

3-сынып


Мектеп:

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Осипов бастауыш мектебі» КММ

Мұғалімнің аты- жөні:

Әлімова Гүлназ Нұрбекқызы

Бөлімше:

Пән: Дүниетану №1 сабақ

Ортақ тақырып: 1. Жанды табиғат Бөлімше: 2.2 Климат және ауа райы

2.3 Табиғат жағдайлары және олардың әсері

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Жер бетіндегі климат неге тәуелді?

Оқыту мақсаты

3.2.2.1 жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтайды;

3.2.3.1 адамдардың табиғи жағдайларға байланысты (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) орналасуын талдау.

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін

нәтижелер)

Барлық оқушылар климаттың не екенін біледі.

Көптеген оқушылар климаттың негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтайды.

Кейбір оқушылар табиғат жағдайларына байланысты адамдардың қоныстануына талдау жасайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданады.

Пәндік лексика мен терминология:

Климат, климаттық белдеу.

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Климат дегеніміз – белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы аумақтағы ауа райы жағдайының жүйелі түрде қайталанып отыруы.

Жергілікті жердің климаты теңіздер мен мұхиттардың жақындығына, жер бедерінің пішініне, полюстер мен экватордан қандай қашықтықта орналасуына байланысты.

Талқыланатын мәселелер:

Климаттың негізгі түрлерінің сипаттамалары қандай?

Климат пен табиғаттың ерекшеліктері адамдардың қоныстануына қалай әсер етеді?




Алдыңғы

білімдер

Ауа райы туралы білімдері. Жер бетіндегі ыстық және суық жерлер. Оқушылардың өмірлік тәжірибелері.

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау 1 мин

Уәждеме. Стартер.

Мұғалім:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Неге солтүстікте пальмалар өспейді? Неліктен бізде қар да, жаңбыр да жауады, ал оңтүстікте тек қана жаңбыр жауады? Осы және өзге де қызықты сұрақтардың жауабын біз осы сабақта алатын боламыз. Бүгінгі сабағымызда біз Жер

бедерінің белдеулерімен танысамыз, олардың атауларын есте сақтаймыз. Әр белдеудегі ауа райының ерекшеліктері, ондағы өсімдіктер мен жануарлар әлемі жайында сөйлесетін

боламыз.


Жаңа сабақ 35 мин

1. (К) Білімді өзекті қылу. Мұғалім-оқушы диалогі

Бүгін біз жаңа бөлімді оқуды бастаймыз. Бөлім қалай аталады, оқыңдар: «Жанды табиғат»





«Қиыр солтүстік»

«Тропиктер» иллюстрациялары






Оқулық




Электронды қосымша Қағаз, сабақтың


бөліміндегі қосар бетті қарап шығыңдар, осы бөлімде не туралы айтылады?


Екінші сыныпта біз сендермен ауа райының не екенін білдік. Анықтамасын естеріңе


түсіріңдер.


Ауа райы дегеніміз – белгілі бір уақыттағы, белгілі бір жердегі ауаның жай-күйі.


Ауа райы үнемі бір қалыпты болып тұра ма? Мысалдар келтіріңдер.


Барлық жерде ауа райы бірдей ме? Неліктен? Мысалдар келтіріңдер.


2. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі.


Сендердің тұратын аймақтарыңда жазда қандай ауа райы болады? Күзде ше? Қыста ше?


Көктемде ше? Сипаттап беріңдер.


Неліктен Қиыр Солтүстіктегі және Тропиктегі ауа райы бірдей емес?


Күн сәулесі ғаламшар бетін біркелкі жылытпайды, сол себептен де Жер бетінің әр


жеріндегі ауа райы да әртүрлі. Оқулықтағы мәтіннен жылдың қай мезгілінде бірдей ауа


райының қалыптасатынын білетін боламыз.


3. (Ө) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Оқудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.


Мәтіннің бірінші бөлімін оқыңдар (Сұрақтарға және тапсырмаларға дейін).


(Ж) Сөйлеудің, тыңдаудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Shape2 Shape1










Екі-екіден отырып, климат дегеніміз не? Жердің белдеулері қалай аталады? деген сұрақтар бойынша сөйлесіңдер. Картадан шартты климаттық белдеулерді көрсетіңдер.


4. (Т) Оқудың, сөйлеудің, тыңдаудың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Модельдеу

  • Топта жұмыс істеудің ережелерін еске түсіріңдер.

  • Топта жұмыс істей отырып, мына тапсырмаларды орындаңдар: полярлық, қоңыржай, тропиктік және экваторлық белдеулердің ерекшеліктерін оқып біліңдер. Әр белдеудің

өсімдік, жануарлар әлемі, жер бедерінің пішіні жайында, сонымен қатар, онда өмір сүретін адамдар жайында постер құрастырыңдар. Оқулықтағы материалдарды (мәтіннің 2-бөлімі), қосымша әдебиеттерді қолданыңдар, электронды презентацияны көріңдер.


Бағалау критерийлері Дескрипторлар

Климаттық белдеулерге тән ерекшеліктер 1. Климаттық белдеудегі ауа райының туралы постер (жұмыс) құрастырылды. ерекшеліктеріне сипаттама берілген

(температура, жауын-шашын).

    1. Климаттық белдеудегі өсімдіктер әлемінің 1-2 түріне сипаттама берілген.

    2. Климаттық белдеудегі жануарлар әлемінің 1-2 түріне сипаттама берілген.

    3. Климаттық белдеудегі жер бедеріне сипаттама берілген.

    4. Адамдардың өмір сүру жағдайларына сипаттама берілген.

Орындалған жұмыстарды көрсету. Өзара бағалау.


5. Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып, Тез шынығып шығамыз.

«Климат» тақырыбын ары қарай жалғастырамыз.

тақырыбына қатысты суреттер

Желім

Маркерлер, қайшы Оқулық



Дәптер


Электронды қосымша





6. (Ө) Алған білімді нығайту бойынша өз алдына жұмыс жасау. Тапсырманы орындау.


Рефлексия 3 мин

  • Бүгін қандай тақырып бойынша жұмыс істедік?

  • Жердегі климат неге тәуелді екен?

  • Қорытындыны оқыңдар. Дәлелдер келтіріңдер.

Сабақтағы атқарған жұмысыңа баға бер және жауаптарыңды түсіндір.

  1. Мен сабақта жұмыс істедім, өйткені

  2. Мен сабақтағы жұмысыма

  3. Сабақтың тақырыбы болып шықты.

  4. Мен жайында тағы қосымша мәліметтер білгім келеді.


Үй тапсырмасы

1 мин

«Адамдардың қоныстануына климат қалай әсер етті?» Сұрақтың жауабын табыңдар.

Дәптер


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!