Материалдар / Ашық сабақ Жаратылыстану 3-сынып Топырақтың қандай қасиеті бар?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Жаратылыстану 3-сынып Топырақтың қандай қасиеті бар?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандар мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Тамыз 2019
8544
17 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: жаратылыстану

Күні: 17.01.2019ж

Сынып: 3 «Б»

Мұғалім: К.Умарова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Заттар мен олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары

Сабақ тақырыбы

Топырақтың қандай қасиеті бар?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.4.3 Топырақтың негізгі қасиеттерін анықтау.

3.1.2.3 Экспериментті жоспарлау және жүргізу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: топырақтардың түсі неліктен әртүрлі екенін зерттеу жүргізу арқылы анықтайды.

Көпшілік оқушылар: борпылдақтық, су өткізігіштік, құнарлылық-топырақтың қасиеттері екенін дәлелдейді.

Кейбір оқушылар: эксперимент нәтижелерін құрылған жоспарға сәйкес кесте түрінде көрсетеді, қорытынды жасайды.

Бағалау

критерийлері

Білім алушы:

  • топырақтың негізгі қасиеттерін атайды;

  • құрамы бойынша құнарлы топырақты анықтайды.


Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика және терминология :

  • құнарлылық

  • борпылдақ

Диалогке/жазуға арналған сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Тірі ағзалар үшін топырақтың рөлі қандай?

Топырақтың құрамында нелер бар?

Топырақтың қасиеттерін ата.

Топырақтың құнарлылығы неге байланысты?

Топырақтың түсі неге байланысты болады?

Қандай топырақтың құрамында ауа көп болады?

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыс жасауда ынтымақтастыққа баулу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі

Бастапқы білім

Оқушылар топырақты мекен ететін тірі ағзаларды, топырақта тіршілік ететін тірі ағзалардың топыраққа тигізетін әсерін, топырақтың тірі ағзалар үшін тіршілік ортасы екенін, адам өміріндегі рөлін, топырақтың құрамын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылардың зейінін шоғырландыру. (Жерді бейнелеп беріңдер)

Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын анықтау.

Оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау.

Жедел жауап бер.

-Топырақ деген не? (жердің үстіңгі қабаты)

-Топырақта тіршілік ететін жануарларды ата. (шұбалшын, өрмекші, құмырсқа, қоңыз, көртышған, сарышұнақ, т.б.)

-Жануарлар топырақты не үшін пайдаланады? (кейбір жануарлар сонда тіршілік етеді, кейбірі қыстайды, ыстықтан, жауыннан қорғанады, кейбірі жұмыртқа салады)

-Топырақ өсімдікке не үшін керек? (өсімдік тамырларын қоректік заттармен қамтамасыз етеді, олардың өсуіне жағдай жасайды)

-Адамға топырақ не үшін керек? (азық-түлікті топырақтың арқасында алады)








Сабақтың ортасы

(Т, Ж) Оқушыларды топқа бөлу. Әр топқа топырақтың әр түрінен қара топырақ, сазды топырақ, құмайт топырақ салынған ыдыстар тарату. Топырақтардың түсі неліктен әртүрлі екенін зерттеу жүргізу арқылы анықтату.

Қорытынды:

Құмайт топырақтың құрамында құм көп байқалады. Сондықтан оның түсі қоңыр.

Сазды топырақтың құрамында саз көп байқалады, сондықтан оның түсі сарғыш.

Ал қара топырақтың құрамында жануарлар мен өсімдіктердің қалдығы (шірінділер) көбірек.

Оқушылар салыстыру нәтижесін кестеге жазып отырады.

(қ) Топырақтың түсі оның құрамына байланысты.

(Ж) -Жер астындағы жануарлар ауаны қайдан алады?

(қ) Оқушылар: опырақтың құрамында ауа бар.

(Т) -Сазды топырақ пен қара топырақ салынған ыдысты алып салыстырыңдар. Қай топырақта ауа көп деп ойлайсыңдар?

(З) Оқушылардың бір қолына қара топырақ, екінші қолына саз балшық беріп, қысуға тапсырма беремін.

Олардың алақандарын ашқанда нені байқағандарын сұраймын.

Оқушылар: -Қара топырақтың көлемі өзгерді, ал саз балшық өзгермеді. Осыдан қандай қорытынды жасауға болады?

(қ) Тұжырым: - Қара топырақта ауа көбірек, ал сазды топырақта ауа аз.

Борпылдақтық -бұл топырақтың қасиеті.

(Т, З) «Зертте» Оқушыларға түбінде кішкентай тесік болатындай етіп қағаздан жасалынған үшбұрышты үш қапшық жасауды ұсынамын. Әр қапшыққа қара топырақ, құмайт топырақ және сазды топырақ салады. Қапшықтарға бірдей су құйып, бақылайды. Топырақтың қай түрі суды тез өткізетінін, қайсысы аз өткізіп бойына сіңіріп қалғанын және қайсысы мүлдем өткізбегенін бақылап, қорытынды жасайды. Нәтижесін жазады.

Су өткізігіштік-топырақтың қасиеті.

(қ) Құмайт топырақ суды өте тез өткізетінін, сазды топырақ суды өткізбейтінін, ал қара топырақ суды аз өткізіп, бойына жақсы сіңіретінін түсінеді.

Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырмалар орындату.

Топырақ түрлері салынған пластикалық стақандар
























Қағаз қалташа, топырақ түрлері











Жұмыс парағы


Сабақтың соңы

Рефлексия:- Бүгінгі сабақтан нені білдің? Нені үйрендің?


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Көмек қажет еткен оқушыға зерттеу кезінде қабілеті жоғары оқушының көмек ұйымдастыруына мүмкіндік беремін.

Оқу дағдысы қалыптасқан 8 оқушыға мәтінді оқытамын.

Өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топты бағалау, мадақтау.

Партада дұрыс отыру.

Оқулық пен дәптерді парта үстіне дұрыс орналастыру.

Қалам, қарындашты қолға дұрыс ұстау.

Зерттеу жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған. Себебі, білім алушылар топырақтардың түсі неліктен әртүрлі екенін зерттеу жүргізу арқылы анықтады, борпылдақтық, су өткізігіштік, құнарлылық-топырақтың қасиеттері екенін дәлелдеді,

эксперимент нәтижелерін құрылған жоспарға сәйкес кесте түрінде көрсетіп, қорытынды жасады.

Сабақта саралау жұмыстары дұрыс жүргізілді. Себебі, көмекті көбірек қажет ететін білім алушылар Ибрагим Тамирлан, Мухит Нурлыбектерге қосымша педагогикалық күш жұмсалды. Сабақтың өн бойында олардың ана тілінде ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеу дағдыларын назарда ұстап, жұмыстарын бағаладым. Қабілеті жоғары білім алушылар топқа берілген тапсырмаларды орындауда көшбасшылық қабілеттерін байқатып, топтың нәтижелі жұмыс істеуіне өз үлестерін қосып отырды.

Сабақта уақыттан ауытқу болмады. Сабақ кезеңдеріне бөлінген әрбір минут тиімді пайдаланылды.

Сабақ жоспарға сәйкес өтті.

Жалпы баға

Оқу әрекетін жеке, топтық, жұптық формада ұйымдастыру, тәжірибе жасау, білім алушылардың сабақтағы белсенділігі, ойларын еркін жеткізуі сабақтың жақсы өтуіне ықпал етті.

Келесі сабақтарда көмекті көбірек қажет ететін білім алушылардың топтық жұмыс орындауда белсенділік танытуына көңіл бөлу қажеттігін түсіндім.


Тексерілді:



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!