Материалдар / Ашық сабақ Жаратылыстану пәні
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Жаратылыстану пәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 2 сынып "Магнит не үшін керек?" Магниттің магниттерді қолдану аясын сипаттау; эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2022
340
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

kairshanz@mail.ru

Бөлім:

Табиғат физикасы

Мұғалімнің аты-жөні

Сарсемалиева А.Т.

Күні: 12.05.2022ж.

Жаратылыстану

Сынып: 2 В

Қатысушылар саны: 21

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Магнит не үшін керек?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.5.6.1 - магниттерді қолдану аясын сипаттау;

2.1.2.7 - эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: магниттерді қолдану аясын сипаттай алады.

Көптеген оқушылар: магниттік қасиеттері бар заттарды анықтай алады.

Кейбір оқушылар: қарапайым магнит пен электрлі магниттердің ерекшелігін айта алады.

Бағалау критерийлері

- магниттерді қолдану аясын сипаттайды;

-магниттік қасиеттері бар заттарды анықтайды.

      Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық дайындық

«Көңіл- күй сыйлау» Алақанын жайып бүгінгі менің көңіл-күйімді сендерге сыйлаймын.сендер бір-бірлеріңе сыйлаңдар.

Алдыңғы білім:

Біздің оқып отырған бөлімнің атауы саяхат болғандықтан, саяхатқа шығу үшін мініп баратын көлік түрлерін білеміз. Ендеше тақтада тұрған көлік түрлерін таңдаймыз және артындағы тапсырманы орынддаймыз.көліктегі әріптерден сөз құрау:

1.Температураны қандай құралмен өлшейді? (термометр)

2. Температура нені білдіреді?( Дененің қаншалықты қызғанын)

3.Мұз қанша градуста қатады? (00 С)

4.Адам денесінің қалыпты қызуы қандай? (36,6 0С)

5. Су неше градуста қызады? (100 0 С)

6. Температура өлшеу не үшін керек? (Адамның қызуын білу үшін)

Дескриптор:

1.Оқушылар сұрақтарға толық жауап бере алады.

2.Көлік түрлерін атап, сөз құрайды.

«МАГНИТ»

-Магнит деген не? Қандай құрал?

-Магнит не үшін қолданылады?

-Қандай заттардың магниттік қасиеті болады?

-Үйде қандай түрлері бар?

-Ендеше бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?

  1. Оқушылар алақандарын жайып тұрады, мұғалім сыйлаған көңіл-күйді бір-біріне таратады.көлік түрлерін таңдайды,сұрақтарға жауап береді. Тақырыпты шығарады.


ҚББ:

Жарайсың

дар мадақтау



















ҚББ:

шапалақтау



Көліктер суреті

Сабақтың ортасы

30 мин

Тыңдалым:















Зертте:






























































Сергіту сәті:













Аңыз тыңдау:

Ертеде Крит аралында Магнес есімді шопан өмір сүріпті. Күндегі әдетінше қой бағып келе жатса аяқ киімінің темір қадалған жеріне ұсақ тастар жабысып қалады. Оны елемей күнде қойын бағып жүре береді. Бірақ күнде сол ұсақ тастардың жабысуы қайталана береді. Оны зерттей келе бұл тас заттарды өзіне тартатын қасиетке ие екенін анықтады. Содан бері сол ерекше тасты «Магнес тасы» немесе «Магнит» деп атаған екен.(Суретін көрсету)

Бейнефильм көрсету

Зерттеу

А) Қандай магнит күштірек: үлкен магнит пе, кіші магнит пе? Зертте.

-Магнитті күнделікті өмірде тағы қандай жағдайда пайдаланар едің?

Дескриптор:

- Магниттерді салыстырады, өз пікірін айтады.

1- тапсырма «Зерттеу» әдісі арқылы жүзеге асады

1-қатар

«Темір кілтті табындар!».

Балалар қарандаршы қандай көп кілттер, осының ішінен бізге қажетті кілтті қалай табамыз?

Қане тағыда жүргізіп көрейікші, мүмкін сендер дұрыс жүргізбей жатқан шығарсындар.

-Ал басқа кілттер қандай материалдардан жасалған?

Сонымен бізде не болды?

2-қатар:

«Қолдарынды суға батырмай скрепканы қалай алып шығуға болады?»

-Балалар скрепканы қолымызды су қылмай қалай алып шығуға болады?

Балалар ал мен бір қызық тәсілді еске түсіріп отырмын: магнитті стақан бойымен жүргізгенде скрепка магнитке тартылып, магнитпен бірге көтеріледі.

-Скрепканы судан шығарғыларын келе ме?

Магнит күші өте көп, ол стақаннан және судан өтеді.

Жарайсындар!

3-қатар:

«Құмда не жасырылған!».

Магнитті алып, құмның үстінен жүргізіндер, қандай затты тапқандарынды айтындар.

Жарайсындар, енді жұмысқа кірісуге болады.

-Жасырынған заттарды бәрінде таптындарма?

-Менде ... болды.

-Ал сендерде не?

Дескриптор:

1.Әр қатар тәжірибе жасайды.

2. Бір оқушы шығып қорытынды жасайды.


Сергіту сәтінде сергіту жаттығуларын жасайды.

Магнит жабысатын заттардың суретін көрсетемін.Егер магнит жабасатын зат болса қолымызды жоғары көтереміз.орнымыздан тұрамыз.

Ал егер магнит жабыспайтын зат болса, онда орнымызға отырамыз.

Дескриптор:

  1. Оқушылар магнит жабысатын заттарды ажырата алады.

  2. Оқушылар орындарынан тұрып отырып жаттығады.


«Тартылатын зат».

Мақсаты: темір заттарды басқа заттардан ажырата алуды үйрету. Магниттің қасиеттерін біліп, қолдана алу. Балалардың зейінің дамыту.

Оқулықпен жұмыс:

А) Мәтінді оқып таныс.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қой.

Қойылған сұрақтарға жауап бер.

Дескриптор:

- Мәтінді оқып танысады.

- Сұрақтарға жауап береді.

Бәріміз бірге:

«Лабиринт бойымен шегені жүргізу».

Қараңдар бізде шеге бар. Берілген тапсырманы орындау үшін біз мына қағазды ұстап тұрып, магнитпен шегені лабиринттің соңына дейін жүргізу керек.

-Сендер қиын лабиринтті өте алдындар ма?

Дәптермен жұмыс:

Кестемен жұмыс:

Магнит дегеніміз не?

Магнит жабысатын заттарды жаз

Магнит жабыспайтын заттарды жаз

Магниттің тартылатын жақтарын жаз:





Дескриптор:

  1. Кестені оқып танысады, толтырып жазады

2.Оқып талдайды.

Қорытынды:

Есіңе түсір:

Дескриптор:

1.Бүгін өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

2.Қосымша тапсырмаға жауап береді.

Аңызды тыңдайды

- Магниттерді салыстырады, өз пікірін айтады.













Магнит туралы бейнефильм көреді.













Әр қатар тапсырманы жасайды, қорытынды жасайды













Әр қатар тапсырманы жасайды, қорытынды жасайды













Әр қатар тапсырманы жасайды, қорытынды жасайды













Жаттығу жасайды.


Мұғалім айтқан заттарды мұқият тыңдайды.



Оқушылар бір отырып ,қол көтеріп 4-5 рет жаттығады



















- Мәтінді оқып танысады.

- Сұрақтарға жауап береді.

















Кестені өз беттерімен толтырады.








Аудиомен жұмыс:

Оқушылар сұраққа жауап береді, нақтылайды.








ҚБ: 1-10 балдық жүйе.




















ҚБ: 1-10 балдық жүйе.


















































578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!