Материалдар / Ашық сабақ: Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары. Жазық айналар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары. Жазық айналар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары. Жазық айналар 8 сынып. - 8.5.1.2 – эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау; - 8.5.1.3 – айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру; - 8.5.1.4 – жазық айнада дененің кескінін алу және оны сипаттау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2022
652
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТАҚЫРЫБЫ: «: ЖАРЫҚТЫҢ ШАҒЫЛУЫ, ШАҒЫЛУ ЗАҢДАРЫ. ЖАЗЫҚ АЙНАЛАР»


Қожабай А.М.

физика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы

Алматы қаласы Махатма Ганди атындағы

92 мамандандырылған лицей







Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі

Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі

Қысқамерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары. Жазық айналар

Бөлім:

7. Жарық құбылыстары

Педагогтің аты-жөні:

Қожабай Абай Мырзабекұлы

Күні:

07.04.2022

Сыныбы: 8 2-топ

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары. Жазық айналар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

  • 8.5.1.2 – эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау;

  • 8.5.1.3 – айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру;

  • 8.5.1.4 – жазық айнада дененің кескінін алу және оны сипаттау


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Эксперимент арқылы жарықтың түсу бұрышы шағылу бұрышына тең екенін анықтайды.

Көпшілік оқушылар үшін:

айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіріп, сипаттайды

Кейбір оқушылар үшін:

жазық айнада дененің кескінін алады және оны сипаттайды

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

6 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Тапсырма №1.Кестеде берілген ережелерді сәйкестендіріңіз

1

Жарқыраған денелерден шығатын ұсақ, жылдам ұшатын бөлшектердің ағыны


A. Жарық көздері

2

Вакумдағы жарық жылдамдығы

B. Кез-келген денені жоғары температураға дейін қыздырғанда жарық шығарады

3

Көрінетін жарықты шығаратын денелерді қалай атаймыз

C. Жарықтың түзу сызықты таралуы, тәуелсіз жарық сәулесінің таралу заңы, жарықтың шағылуы, жарықтың сынуы

4

Жылулық жарық көздері

D. 3*108 м/с

5

Е. Суық жарық көздері

6

Бөлме температурасына жуық температурада жарқырайтын денелер

F. Табиғи

7

Геометриялық оптиканың негізгі заңдары

G. Жарық

8

H. Жасанды жарық көзі



Дескриптор:

- Берілген ережелерді дұрыс тұжырымдамасымен сәйкестендіріңіздер [3]



-Жасанды және табиғи жарық көзін ажыратыңдар [1]





































Таратпа қағаздар, Интерактивті тақта

Жаңа сабаққа кіріспе





(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін түсіндіру

Эксперимент арқылы жарықтың шағылуын түсіндіру

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.



Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

16 мин.

















5 мин





Сабақ одан әрі түсінікті болу үшін талқылау есептерін шығару.

Мұғалім түсіндіруі (тақтамен жұмыс)



Жеке жұмыс:

Жарықтың шағылу заңдарына және геометрия пәнінен алған білімдерін қолданып, сызбаны сызып өз дәптерлеріне жазып алады. (Бұл тапсырма оқушылардың айтылым және тыңдалым дағдыларының қалыптасуына көмектеседі)





Тапсырма №2.

Оқушылардың жеке жұмысы: Жазық беттен шағылған сәуле төмендегі суретте түсірілген. Дұрыс, дұрыс емес суретті анықтаңыз. Берілген дененің жазық айнадағы кескінін алыңыздар



























Дескриптор:

- Жазық беттен шағылған сәуле төмендегі суретте түсірілген. Дұрыс, дұрыс емес суретті анықтайды. [1]

Берілген дененің жазық айнадағы кескінін алады. [2]

Тақырып бойынша жеке тапсырма.



5 мин

«Физикалық диктант» (Бұл тапсырма арқылы оқушыларда оқу мақсатына сәйкес жарықтың шағылу заңдары туралы білімдері және жазылым дағдысы қалыптасады)



Тапсырма №3. Жеке жұмыс.

Физикалық диктант

-Келесі сөйлемдерді дәптерге жазып толықтырыңдар:

1. __________ екі түрлі ортаның шекарасына түскен кезде жарық сәулесінің таралу бағытының өзгеру құбылысы. [1]

2. Түсу бұрышы __________бұрышына тең. [1]

3. Түскен сәуле, __________ шағылған және сәуленің түсу нүктесінде шағылдырушы бетке перпендикуляр бір жазықтықта жатады. [1]

4. Жазық айна формуласы ____= f [1]

5. Жылтыр тегістелген шағылдырғыш қабатпен қапталған, қисықтық радиусы шексіздікке ұмтылатын бет __________айна деп аталады. [1]


Дескриптор:

-жасырылған сөздерді мәтіннен қателеспей тауып жазады;[5]

Талдау.

Интерактивті тақта экранынан дұрыс жауабы көрсетіліп, оқушылар өз дұрыс жауаптарын «+» таңбасын қойып тексереді.

ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

10 мин

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. «Өздік жұмыс» (тапсырманы орындау арқылы, оқушының түсу және шағылу бұрышына қатысты заңдылықтарды қолдану қалыптасады. Жазық айна формуласын қолданып есептер шығарады.)



Тапсырма №5.Тақтамен жұмыс .

Есептер шығару

1. Қарындаш жазық айнадан 25 см қашықтықта тұр. Егер қарындашты айнадан 10 см-ге әрі жылжытып қойса, қарындаш пен оның кескінінің арақашықтығы қандай болады?

2. Сәуленің түсу бұрышы 600. Түскен сәуле мен шағылған сәуленің арасындағы бұрыш

3. Егер екі жазық айнаның арасындағы екі жақты бұрыш 450, 300 болса, қанша кескін алуға болады?

4. Айналық бетке түскен және шағылған сәуленің арасындағы бұрыштың 2/3 бөлігі 1000-қа тең. Сәуленің түсу бұрышы.

5. Бойы 1,79 м адам ұзындығы 12 м ағаштан 5 м қашықтықта тұр. Адам қандай қашықтыққа жазық айнаны қойған кезде ағаштың үстіңгі нүктесі көрінеді?

Дескрипторлар:

-есептің суретін салып дене мен кескін арақашықтығын анықтайды [1]

- Түскен сәуле мен шағылған сәуленің арасындағы бұрышты анықтайды [2]

- Екі жазық айнаның арасындағы бұрышты табады[1]

- Сәуленің түсу бұрышын анықтайды. [2]

Геометрия сабағындағы білімдерін қолданып шығарады.

Бағалау. «Көршіңізді бағалаңыз»

ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

3 мин.



Оқушыларға рефлексия

«Тазалық» ойыны

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!