Материалдар / Ашық сабақ: Жер біздің ортақ үйіміз
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: Жер біздің ортақ үйіміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Мамыр 2020
1509
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мектебі: №6 КММ Мерзімі: .2020ж Мұғалімі: Кабакова Ж.А.

Сынып:4 Оқушы саны: Сабақ №29

Тақырыбы: Жер – ортақ үйіміз Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: қамқорлық, жерді қадірлеу, жауапкершілік.


Сабақтың мақсаты: оқушыларға жердің адамзат үшін маңыздылығын түсіндіру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік: оқушыларға жердің адам өміріндегі алатын орнын қамқорлық қасиеті арқылы түсіндіру.

2. Дамытушылық: : оқушыларды жерді қадірлеуге, қамқорлық жасауға кеңпейілділік қасиеті арқылы баулу.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

https://www.youtube.com/watch?v=UTPLeDadbPQ&t=55s

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басталуын хабарлау.Сабаққа қатысушы оқушыларды түгендеу.


2. Үй тапсырмасы.

31 – сабақ, Жақсылық Кенжалиевтің «Бесік» әңгімесін оқу.

Сұрақтар:

    • Жер ғаламшары несімен ерекше?

    • «Жер – жайлы мекен» деп неліктен айтады?

    • «Жер – жамылғы» дегенді қалай түсінесіңдер?

    • Жер мен адамның қандай байланысы бар?

    • Өзің жерді не үшін қадірлейсің?


3. Сабақтың дәйексөзі.

«Мықты болсаң, жердей бол»

Халық мақалы

Дәйексөзді қайталап, жаттап алуға тырысыңыздар.

Дәйексөзден қандай ой түюге болады?

Оқушылардың жауаптары негізінде қорытынды жасау.


4. Мұғалім сыйы (Бейнефильм)

  • Ерте кездегі Жер анамыздың көркем әрі таза болуының сыры неде еді?

  • Адам баласының табиғат аясынан сырт шығу себебі?

  • Ортақ үйімізге қалай қамқорлық жасай аламыз?

  • Өзің Жер анамызды сауықытуды неден бастар едің?


Бейнефильм

https://www.youtube.com/watch?v=UTPLeDadbPQ&t=55s

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

3-тапсырма. Жерді қорғау туралы ережес құрастырып жазыңдар.


  1. Топпен ән айту.

Туған жер

Сөзін жазған Тұманбай Молдағалиев

Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев

Туған жердің бөбегіміз

Туған жердің өлеңіміз

Өмірге еркелеп көңілді өлкеде

Қараймыз келер күнге туған ел


Қайырмасы

Отанның ұланы біз жігіттер

Жолымыз тұр әні нұр қиямен

Өзіңді жырлаймыз туған ел


Біз бақыттың тілегіміз

Біз уақыттың жүрегіміз

Гүлдей боп жайнаймыз

Бұлбұл боп сайраймыз

Өлкенің бұлағындай ойнаймыз


7. Үй тапсырмасы.

1. №31 – сабақ. 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №32, Қаржаубай Омаровтың «Күн Айды

іздеп жүр» ертегісін оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!