Материалдар / Ашық сабақ «Кәсіпкерлік қызметтегі команданың рөлі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ «Кәсіпкерлік қызметтегі команданың рөлі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімалушыларға бизнес үшін командының маңызын, оның түрлері мен команда да үйлесімді және ұйымшыл әрекет етуі жайлы тиянақты білім беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2020
3349
7 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың жоспары


Пәні: «Кәсіпкерлік қызмет негіздері»

Мамандығы : 1504000 «Фермер шаруашылығы» 1504092 «Электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электр монтері»

Тобы: ЭМ - 02

Сабақтың тақырыбы: «Кәсіпкерлік қызметтегі команданың рөлі»

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың өтілу түрі: Білімалушылармен өзіндік жұмыс, іскерлік ойын

Оқыту әдісі: Сын – тұрғысынан ойлау технологиясы, топтық жұмыс, кейс әдісі, геймификация әдісі

Мақсаты:

  1. Білімділік: Білімалушыларға бизнес үшін командының маңызын, оның түрлері мен команда да үйлесімді және ұйымшыл әрекет етуі жайлы тиянақты білім беру.

  2. Дағды машығын ұйымдастыру: Білімалушылардың бойындағы іскерлік, әдеп, ұйымдастырушылық қабілетін, командамен жұмыс дағдыларын қалыптастыру, кәсіпкерлік туралы түсініктерін, ой - өрісін арттыру.

  3. Тәрбиелік: Кәсіпкерлік еңбекке баулу, маңызды шешім қабылдай алатын, жетістікке жететін, өз ойын ортаға сала алатын, өзгелердің пікірін тыңдай білетін, белсенді, тапқыр, ізденіп шешім қабылдай алатын азамат тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, психология

Сабақтың жабдықталуы,үлестіріліп берілетін материалдар: интерактивті тақта, маркерлер, А3, А4 парақтары, көрнекілік суреттер

Әдебиеттер (негізгі, қосымша): Дональд Куратко, «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика», Ұлттық аударма орталығы, Астана – 2018 жыл;

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы/ ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген

https://massaget.kz/men_kasipkermin/kasipker/52362

Atameken.co онлайн – платформасының материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, білімалушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу

2

2

Үй тапсырмасын, өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру

  1. Кәсіпкер дегеніміз кім?

  2. Кәсіпкерлік ойлау?

  3. Кәсіпкерлік дегеніміз қандай қызмет?

  4. Мемлекеттің дамуына кәсіпкерлердің маңызы қандай?

Бойыңыздағы кәсіпкерлерге тән «бар», «жоқ» қасиеттер:

Бар

Жоқ




10

3

Мақсат қою кезеңі

Оқытушының кіріспе сөзі, жаңа сабақтың мақсаты мен жоспарын айту. Білімалушылардың оқу – таным қызметін жүйелеу. Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыра отырып түсінік беру.

Сабақтың жоспары:

  1. Бизнес үшін команданың мәні

  2. Командада кім болу керек?

  3. Бизнесті дамыту кезеңдері

  4. Ағынды күй

3

4

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Сабақты бастамас бұрын, бизнес үшін команданың маңызын түсіндіріп, талқылай келе «Дұрыс команда – бұл...» білімалушылардан ары қарай жалғастыруын сұрау.

«Дұрыс команда» деген мағынада адам саны емес, кәсіпқойлардың сапасы астарланған. Командада тек бірнеше адам болуы мүмкін, бірақ олар 10 және одан да көп қатысушы басқа командаға қарағанда өнімді жұмыс істей алады. Тек дұрыс команда жинау арқылы қазіргі бизнес әлемінде маңызды нәтижелерге қол жеткізуге болады. Егер бизнесті механизм ретінде елестетсек, онда оның жұмыс тиімділігі үшін оның құрамдастары өздерінің жеке міндеттерін жақсы орындауға міндетті. Осы қағидат бойынша бизнес-команда құрылуы тиіс. Мысалы: Екі Стивтен: Стив Возняк пен Стив Джобстан тұратын Apple командасы дәл осы принцип бойынша жұмыс істеді. Возняк сауданы емес, компьютерді жақсы меңгерді. Саудасаттықпен Джобс айналысты. Возняктың техникалық білімі Джобстың бизнес-көзқарасымен бірге әлемді өзгертті. (слайд)

Команда үйлесімді және ұйымшыл әрекет етуі керек – бұл бизнес табысының құрамдас бөлігі. Оның әрбір мүшесі белгілі бір міндеттерді орындауға және басқаларды толықтыруға міндетті. Ең қиыны - осы рөлдерді анықтау. Қазір біз PAEI моделін қарастырамыз, ол дәл осыған арналған. (Қосымша 1)

10

5

Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі

PAEI моделі бойынша білімалушылар тест тапсырмаларын орындайды. (Қосымша 2). Нәтижесі бойынша, командаға бөлініп, аттарын қояды. Командаға бөлінген соң, білімалушылар Кейс әдісін орындайды.

«Тарихи» кейс

Мақсаты:

  • тарихи кәсіпкерліктің ерекшеліктері туралы білу;

  • заманауи және тарихи кәсіпкерлікті салыстыру.

Picture 4

  1. Саудагерлер қандай елдермен және немен сауда жасауы мүмкін

  2. Далада табысты сауда жүргізу үшін керуенбасының қандай тәжірибесі мен білімі болуы керек

  3. XXI ғасыр бизнесін жүргізу ерекшеліктері

20

6

Бекіту кезеңі

«Ағынды күй» жаттығуы

Геймификация әдісі бойынша «MARSHMALLOW CHALLENGE» ойыны

Picture 2

Мақсаты: ұйымшылдық, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту және команда қатысушыларының күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және уақытты көңілді өткізуге көмектеседі. ("Marshmallow Challenge" ойынының авторы-Microsoft Компаниясының интернет бойынша бас менеджері Питер Скиллман)

Picture 4 Picture 6

  1. Тапсырманы орындай алдыңыздарма?

  2. Жұмысты орындауға не жәрдем берді?

  3. Не кедергі болды?

13

7

Үй тапсырма беру, білім алушылар білімін бағалау кезеңі

Дональд Куратко, «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика», 13 бет, «Тинейджер на миллиард» фильмін қарау. (Өмірде болған оқиғаға негізделген фильм. Оқиғаның тәрбиелік маңызы — кез келген күрделі жағдайдан шығатын жол іздесең, міндетті түрде табысқа қол жеткізесің )


2


Қосымша 1

Ицхак Адизес, менеджмент жөніндегі сарапшы, 1970-ші жылдардың бірінші жартысында PAEI моделін әзірледі. Содан бері оны бүкіл әлем бойынша мыңдаған түрлі компаниялар, соның ішінде Қазақстан қолданады, оның жарқын мысалдарының бірі - BI Group.

PAEI - бұл акроним және табысты болу үшін кез келген ұйымға қажетті менеджменттің төрт түрін (рөлін) сипаттайды.

Бұл рөлдер: продюсер (P), әкімші (A), кәсіпкер (E) және интегратор (I).

Бірде-бір адам барлық төрт рөлді өз бетінше орындай алмайды. Бірақ табысты командада олардың бәрі болуы керек. Бастапқы әдіснамада компанияның даму сатысына байланысты команда құрамына екпін беріледі. Сондай-ақ, PAEI моделін күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін пайдалануға болады. Іс жүзінде әр адамның білімінде белгілі бір олқылықтар болады және бұл модель олардың орнын толтыруға көмектеседі.

Продюсер. Тұлғаның осындай түріне жататын адамдар - тамаша орындаушылар. Олар тапсырмалар мен міндеттердің нақты қойылуын қалайды және оларды мүлтіксіз орындайды. Инновациялар енгізбейді және бастама көтермейді. Қанағаттанарлық нәтижеге қол жеткізу - осы психотиптің мақсаты. Компанияның қысқа мерзімді перспективадағы жұмысының тиімділігі өндірушіге байланысты. Табысты жұмыс істеу үшін мұндай адамға алдын ала болжанатын жұмыс атмосферасы және сол немесе басқа да міндеттерді нәтижелі орындау мүмкіндігі қажет. Мұндай психотиптің адамдарына хатшы, сату, тасымалдау жөніндегі маман, сатушы, call-орталықтың операторы және т. б. лауазымы өте қолайлы болады.

Әкімші. Мұндай қызметкерлер тапсырмаларды орындауға бағытталған. Өндірушіден айырмашылығы, олар нәтижеге емес, оны алу жолына бағытталған. Мәселенің егжейтегжейіне мұқият болады. Барлық ережелерді мүлтіксіз орындайды, компанияның ішкі регламентін ұстанады және басқалардан осыны талап етеді. Ұйымшылдықпен және асқан дәлдікпен ерекшеленеді. Әкімші деректерді болжай және талдай алады. Әкімшілер - мінсіз заңгерлер, экономистер, бухгалтерлер.

Кәсіпкер. Мұндай типтегі адамдар өзгерістерді жақсы көреді және оларға дайын болады. Олар үшін мақсатқа жету маңызды. Бұл ретте оларға әдістер маңызды емес. Кәсіпкер-ұзақ мерзімді перспективада жұмыс істейтін адам. Командада жақсы жұмыс істейді, бастамашыл, мақсатшыл және харизмалық қызметкерлер. Бас директор, маркетолог, жарнама жөніндегі маман және т. б. лауазымдарда өздерін жақсы сезінеді.

Интегратор. Жылы шырайлы, харизмамен ерекшеленетін көшбасшы қызметкерлер. Олар құрмет көрсете алады, сенім арта алады, алғыс айта біледі. Бұл адамдар ұжымда үйлесімді тұлғааралық қарым-қатынасты құруға жәрдемдеседі, әділ және әрдайым көмек көрсетуге дайын тұрады. Мұндай психотип үшін қолайлы лауазым: PR-менеджер, қызметкерлерді іріктеу жөніндегі менеджер, жарнама бөлімінің басшысы және т. б.




Қосымша 2

Адизес сынағы. Егер "иә" деп жауап берсеңіз жауаптар бағанына 1 санын жазыңыз, ал "жоқ" деп жауап берсеңіз, 0 санын жазыңыз.

Сұрақтар

Жауап

1

Мен өзімнің іс – әрекетімді клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнімдер мен қызметтерді жасауға бағыттаймын


2

Мен өзімнің іс – әрекетімді рәсімдерді, ережелерді, стандартты енгізуге және басқада жасауға бағыттаймын


3

Мен тың идеялармен жаңа жобалар немесе міндеттер жасауды ұнатамын


4

Мен тәуекелге дайынмын және белгісіз бизнес жобаларға қатысуға құштармын


5

Мен әріптестерімді бақылаймын және тәртіп пен ережелерді сақтауы үшін уайымдаймын


6

Мен өзімнің қолымнан келетін жаңа жұмысты қабылдаймын немесе іздеймін


7

Мен әріптестерімнің арасындағы қарым – қатынасты қадағалаймын және үйлестіремін


8

Мен әріптестерімнің жұмысын оларға күрделігі орташа міндеттерді ұсына отырып теңдей бөлуге тырысамын


9

Менің назарым қазір не істеп жатқаныма немесе ағымдағы тапсырманы орындауға бағытталады


10

Менің назарым «Жұмыстар мен міндеттер қалай орындалуда» дегенге бағытталады


11

Менің назарым «Бір нәрселерді неге жасау керек» немесе «Бір нәрселер қашан жасалады» дегенге бағытталады


12

Мені болашақ немесе болашақта туындауы мүмкін міндеттер қызықтырады


13

Мен «Кім не жасай алады» немесе «Мұны кім істей алады» дегенге назар аударамын


14

Менің тың идеяларым, жаңа міндеттер немесе жаңа жобаларым таң қалдырған әріптестерімді қолдаймын


15

Мен ағымдағы мәселелерге қызығушылық танытатын және оларды шешуге дайын екенін көрсететін әріптестерімді қолдаймын


16

Мен менің талаптарымды қолдайтын және менімен келісетін әріптестерімді қолдаймын


17

Мен ұйымда болып жатқан ақпараттармен хабардар ететін әріптестерімді қолдаймын


18

Мен өз жұмысымды орындаудан басқа жеткілікті уақыт қалмайтынына шағымданамын


19

Мен әріптестерімнің тапсырманы қалай орындағанына шағымданамын


20

Мен әріптестерім дұрыс емес істерді жасайды деп шағымданамын


21

Мен әріптестерімнің оларға айтқанымды дұрыс түсінбейтініне шағымданамын


22

Мен баяу ойлаймын және баяу жұмыс істеймін, бірақ тапсырма аяқталғанда, бәрі жақсы жасалғанына сенімдімін


23

Мен тез ойлаймын және тез жұмыс істеймін


24

Мен жағдайларға және проблемаларға тар шеңберде және біржақты қараймын


25

Мен жағдайларға және проблемаларға кең және ауқымды қараймын


26

Мен өз жұмысымда процесті маңызды деп санаймын


27

Өз жұмысымда мен нәтижені маңызды деп санаймын


28

Мен белгісіз міндеттерді және оларды орындау тәсілдерін ұнатамын


29

Мен құрылымдық міндеттерді қалаймын


30

Мені арандатқан кезде немесе ашуланған кезде, мен кішкентай диктатор болып кетемін.


31

Мен жанжал туындаған жағдайда, бір қадам артқа кетемін.


32

Мен жанжалды жағдайда болғанда, шабуылдаймын


33

Жанжалды жағдайда мен мінез-құлқымды басым адамның мінез-құлқына бейімдеймін


34

Мені қазір не болып жатқанын қызықтырады


35

Мен бұрын жасалғандарға, өткенге көз тіккішпін.


36

Өткен, қазіргі немесе болашақтағы назарым пікірталас мәніне байланысты


37

Мен өз қиындықтарымды дереу шешуге бейіммін.


38

Қиындық туындағанда, мен "бұл туралы ертең ойлаймын» деп айтамын.


39

Мен аздап ренжулімін, се

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!