Материалдар / Ашық сабақ Кері итеруші күш. Архимед заңы, №14 практикалық жұмыс “Архимед күшіне есептер шығару” 7 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Кері итеруші күш. Архимед заңы, №14 практикалық жұмыс “Архимед күшіне есептер шығару” 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
1667
17 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім:

7.3В Қатты заттардағы, сұйықтардағы және газдардағы қысым

Педагогтың аты-жөні :

Жидекешов Е.А.

Күні: ______

Қатысушы саны: _______ Қатыспағандар саны: ______

Сыныбы:

7 “А”

Сабақтың тақырыбы:

Кері итеруші күш. Архимед заңы, №14 практикалық жұмыс “Архимед күшіне есептер шығару”

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.12 - сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;

7.3.1.13 - кері итеруші күшті анықтау.


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Сұйықтар мен газдардың ішінде кері итеруші күштің болатынын білу, оның табиғатын түсіну;

Архимед заңын білу, Архимед заңын есептер шығаруда қолдана білу:

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту. (7 мин.)

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастыры-ның пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

  1. Сұйықтардағы және газдардағы қысым деген не ?

  2. Газ және сұйықтардағы қысымды қалай анықтауға болады ?

  3. Газ және сұйықтардағы қысымды қалай өзгертуге болады ?

  4. Біз қалай тыныс аламыз ? (Түсіндірме жаса)

  5. Атмосфералық қысым деген не ? Ол жер бетінен биіктікке қалай тәуелді ? (Неге деп ойлайсыз )

  6. Ұшақтың қандай биіктікте ұшып бара жатқанын қалай есептеуге болады ?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

(26 мин.)

1-тапсырма:

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.

Тірек сөздерді дәптерлеріне жазып алады.

Сиракуз қаласында болған оқиға туралы бейнебаян көрсетіледі. Бейнематериалды талдап, оқушы ойымен бөліседі. Сиракуз қаласын картадан көрсетеді. Ежелгі және қазіргі картадағы бейнесі.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

-Суретпен жұмыс жасайды;

-Тапсырманы түсіндіреді.

Мультфилм-нен үзінді (40 сек)

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b5259-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/4_17.swf


2-тапсырма:

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Мәнерлеп сырғанау”

- Архимед заңы туралы мәлімет беру;

- Архимед заңы формулаларын байланыстыра білу;

- Архимедтің ашқан жаңалығына қарапайым тәжірибе айту;

- Денелердің сұйықта жүзу шартын сипаттау.

Дескриптор: Жалпы – 4 балл.

-тапсырмаларды сипаттайды және ерекшеліктерін ажыратады.

-мысалдар келтіреді және талдайды;

7-сынып оқулығы, жұмыс дәптері




3-тапсырма:

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Физикалық тренажор

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- суретпен жұмыс жасайды;

- бағандарға анықтап түсіндірме жазады.

Оқулықпен жұмыс

4-тапсырма:

Оқулықта берілген жаттығу есептерін шығару:

Трамплиннен секіру.

  1. Суға көлемі 100 см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы 1000 кг/м3.

  2. Алюминийден жасалған бұйымның ауадағы салмағы - 15 Н, ал суға батырылғандағы салмағы - 9,5 Н. алюминийдің тығыздығын анықтаңдар ?

  3. Мұздың кесегі бензинде, керосинде, глицеринде жүзіп жүре ала ма ?

Оқулықпен және дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

(7 мин.)


«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі.

1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!