Материалдар

Сайт бөлімдері
×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Ашық сабақ Көліктер мектепалды даярлық тобы

Автор:Сагингалиева Гулфия Тлеккабуловна
Бағыты: Мектепалды даярлық
Бөлімі: Ашық сабақ
Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-07-11

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Ашық сабағымды әріптестерме таратып,тәжірибе алмасу

Тақырыбы: Көлік түрлері
Мектеп: М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі.


Күні: 15. 12.
Тәрбиешінің аты – жөні: Сагингалиева.Г.Т


Сынып: МАД
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты
Көлік түрлерімен танысып, қозғалыс ортасы мен қолданылуы бойынша көлік түрлерін ажырату және сипаттау.


Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер:
Өздеріне таныс көлік түрлерін салыстырады,ажыратады.Көлік түрлерінің пайдасын біледі.



Көпшілік тәрбиеленушілер:
Көліктердің адам өміріне қаншалықты қажеттілігін біледі.



Кейбір тәрбиеленушілер:
Көлік түрлерін ажыратады және сипаттайды.
Өзі тұрған жерінде жүретін көліктердің түрлерін біледі.


Тілдік мақсат
Тәрбиеленушілер: Талдауға қатынаса алады,диалогке белсенді қатынаса алады,өз таңдауын жасай алады,жалпы белгілеріне қарай топтастыра алады,өзінің тұрған жерінің көліктері туралы әңгіме құрастырады.
Көптілділік:
Трамвай-трамвай-tram, ұшақ-самолёт-aircraft
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.
Пойыз, трамвай, троллейбус
Жерде,әуеде,суда
Пікір алмасу сұрақтары. Барлық көліктің түрлері бірдейме?
Олардың бір-бірінен қандай ерекшеліктері бар?
Қандай ұқсастығы бар?
Сіз тұратын қалад қандай көліктерді кездестіруге болады?
Ата-бабаларымыз қандай көліктермен қатынас жасады және бір-бірлерімен қалай байланысты?
Өзің мектепке қандай көлікпен келесің?
Қазіргі заманда көлік адамдарғақандай көмегін тигізеді?
Сұрақ-жауап, әңгімелесу,түсіндіру.
Көлік түрлерін айтып беру.
Көлікке қалай отыру ,қозғалыс кезінде жолдан абай болу.
Көлік ішінде ереже сақтау.


Өткен ҰОҚ-дан алған білімі
Көлік туралы түсінік.


Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстары

1.Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 мин
Шаттық шеңбері
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлембердік біз.


2.Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам. 3-5 мин
Балалардың әртүрлі көлік қозғалысы туралы білімдерін толықтыру.
Сурет бойынша қойылған сұрақтарғатолық жауап алу
Көлік түрлерін сипаттап және ажыратып беру.
-Балалар көліктер мен байланыс құралдары жоқ болса , онда
не болады?
-Бір жерден екінші жерге бару қиын болады.Жолаушылар баратын жеріне бара алмайды.
-Телефон, электронды пошта болмаса, бірден хабар ала алмай қаламыз.
-Ылғи телефонмен хабарласып отырмаймыз. Алыстағы жақындарымызды көруіміз керек.
-Онда не істейміз?
-Қалай барамыз?
-Балалар бәріміз экраннан Көлік атты мультфильмды көреміз.
-Көрген мультфильмнен не көргендерін айтады.
Көлік түрлерінің суреттері.










Интерактивтік тақта.

Көлік атты мультфильм

ҰОҚ-ның ортасы.
Тақырып бойынша жұмыс.6- 28 мин
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын тауып ,қандай көлік түрлері екенін табасыңдар.
Жұмбақ шешу.
Аспанда жүзеді,
Қанатын қақпайды.
Жерде де жүреді,
Бауырлап жатпайды. ( Ұшақ)

Бір-біріне қарап үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп. ( Пойыз)

Сымға асылып, жүр асығып,
Дыз-дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді,
Ол не , ал кім біледі? ( Троллейбус)
-Балалар көліктердің түрлері жүк, қоғамдық,арнайы әуе,су, жердегі көліктер болып бөлінеді екен. Қоғамдық көліктерге ұшақ, автобус,трамвай, пойыз, кеме,троллейбус т.б жатады.
- Қоғамдық көліктің ортақ атауы ?
- Жолаушылар көлігі
-Жолаушылар көлігі не үшін қажет?
- Адамдарды бір жерден екінші жерге жеткізеді.
Жүк көліктерге камаз ,самосвал, фургон, цистерна т.б.
-Жүк көліктерді құрылыста қолданады.
Жердегі көліктерге жеңіл машиналар, темір жолға пойыз, Әуе көлігіне ұшақ,тікұшақ әуеде ұшады.
Суда жүзетін көліктер кеме,теплоход , катер
-Алыс жерлерге кеме, ұшақ, пойызбен барамыз.
.Арнайы көліктерге жедел жәрдем, өрт сөндіруші ,милиция, такси.
-Арнайы көліктер адамдарға көмек жасайды екен.

Сөздік жұмысын жүргізу.
Көптілділік.
Трамвай-трамвай-tram, ұшақ-самолёт-aircraft
Суретпен жұмыс.
Суретте көлік түрлері бейнеленген. Осы көлік түрлеріне мұқият қарайық.Олардың ортақ белгілері не?
- Дөңгелектер
Ал оларға дөңгелектер не үшін қажет?
- Жүру үшін.
Ал автобус, машина,пойыз қайда жүреді?
-Жерде,рельс арқылы.
Тақтада жерде жүретін тағы қандай көлік түрлерін көріп тұрсыңдар?
-Трамвай, троллейбус
Олар енмен жүреді?
- Сыммен
Машинаны жүргізетін адамды кім деп айтуға болады?
- Жүргізуші
Жүргізуші ең бастысы нені білу керек?
- Жүргізуші жолда жүру ережелерін сақтау, үйрену арқылы
адамдардың,өзінің өмірін және денсаулығын сақтауға тиісті.
-Әртүрлі көлік түрлерін не үшін ойлап тапқан?
-Жердің әр түкпіріне,қалаларға,басқа елдерге жету үшін.
Мысалы : Қытай еліне бару үшін, біз ол жаққа қалай жетеміз? Ұшақ,пойыз, автобус
-Сонымен, балалар , бүгін біз көлік туралы қандай жаңалықтармен таныстық?
- Көліктер жерде,әуеде,суда

Әліппе-дәптермен жұмыс. 1 – тапсырма
- Қаладағы көлік түрлерін ата? Трамвай,троллейбус, автобус,метро т.б
- Ауылдағы көлік түрлерін ата? Атарба,мотцикл, машина.
- Айырмашылығы неде? Трамвай, троллейбус, метро ауылда жүрмейді.
- Атарба қалада жүрмейді.

2 - тапсырма. Өзің тұратын жерде қандай көлік түрлері жүреді? Ауадағыма,судағыма,жердегіме
- Жердегі көлік.

Өз үйіңді тап ойыны.

- Ұшақтар қайда қонады? Әуежай
- Міне,бұл біздің әуежай болады. Ойыншық ұшақ қою.
- Ал жолаушылар жағаға шығу үшін кемелер қайда жүзіп келеді? Кемежайға
- Бұл біздің кемежай болады. Ойыншық кеиені қою.
- Ал жерде жүретін көліктер жұмыстан кейін қайда келеді?
Гаражға
- Ал мына жер біздің гараж болсын. Ойыншық машина қою
Балалар көлік түрлері бейнеленген суреттерді аласыңдар. Мұқият қарап ойланып кім болатыныңдарыңды ұшқыш, капитан, жүргізуші.Барлықтарың жұмыстарыңа барып адамдарды,жүктерді тасымалдайсыңдар Мен сендерге белгі бергенде әр көлік өз орнына әкеліну керек.

Сергіту сәті: - Балалар бәріміз шаршаған болармыз қыдырып қайтайық.
- Қыдырып қайтайық әні
- Осы сергіту сәтінде қай қалалардың аты аталды?
-Астана,Шымқала,Анталия,Сарыарқа т.б

3 - тапсырма Мына көліктерді қайсысын арнайы көлік деп айтады? Белгіле. Себебін түсіндір.
Себебі: арнайы көліктер адамдарға қажет.
4 - тапсырма. Көлік түрлерін тиісті орынға жапсыр.
Жапсырмалар: өрт машинасы, пойыз,автобус.
5 - тапсырма. Қандай қоғамдық көлік түрлерін білесіңдер?
- Ұшақ, троллейбус, пойыз, автобус,кеме.

Ойын: Дауысынан таны
Шарты: Үнтаспадан көлік түрлерінің дауыстары тыңдатылады. Дыбыстар қай көліктің түрі екенін ажыратады.
- Өзі тұратын қаладағы қозғалыс ортасында және арнайы қызметтерге арналған қандай көлік түрлері бар екені туралы айтуын сұрау.
- Әр көлік түрлерінің атқаратын жұмыстарына және арнайы қызметіне қарай бөлінетін түрлерін анықтау.


















Көлік түрлерінің суреттері















Екі рет қайталайды.



























Әліппе-дәптермен жұмыс.

























Қимылмен жасайды.







Жапсырмалау




Көлік дыбысын айыру

ҰОҚ қорытындысы.
Рефлексиялық түзету. 28-30 мин
Рефлексияны бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту.
Балалардан машинаны кез келген түсті қарындашпен бояту.
-ештеңе түсінбедім-қызыл қарындашпен;
-түсіндім,бірақ түсіндіре алмаймын- сары қарындашпен;
-бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын-жасыл қарындашпен.
Әліппе-дәптер, түрлі-түсті қарындаштар.


50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.