×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Ең үздік ашық сабақ байқауы басталды
Алтын күз байқауы басталды
Сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Ашық сабақ lдүниетану пәнінен 2 сынып

Автор:Спанова Гульжамила Қаныбекқызы
Бағыты: Бастауыш сынып
Бөлімі: Сабақ жоспары
Сыныбы: 1 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-07-06

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Бастауыш сынып дүниетану пәнінен мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді жоспар.

Спанова Гульжамила Канибековна
Ықшам сабақ жоспары. Дүниетану пәні
Сабақ тақырыбы:
Қазақстанда жасалған.
Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназия

Күні :

Мұғалімнің есімі: Спанова Г

СЫНЫП: 1-сынып
Қатысқандар саны: 35
Қатыспағандар саны:0

Оқу мақсаты:
1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру
1.1.1.5. Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін, өндіру көзін анықтау

Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
Ақшаға сатып алатын заттарды атап, сұрақтарға жауап бере алады;
Ақшаны таниды, айырмашылығын біледі, берілген ақшаға қандай заттарды сатып алуға іздене алады;
Оқушылардың басым бөлігі: өсімдік және мал өнімдерінің түрлерін ажырата алады;
Кейбір оқушылар:
Картаға қарап Қазақстанның аймақтарында өндірілетін өнімдерді анықтай алады. Мәтіннің мазмұнына сәйкес әжесі мен немересінің әңгімесін аяқтай алады;

Тілдік мақсат
Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.
Лексика мен терминология:
Оған кіретіндер:
өндіріс – производство – production; өнім – продукция – product;
құрам – состав – ingrediens.
картиналар; ұқсастық, ұлтжандылық, патриотизм.
Диалог арқылы сөйлеу дағдыларын дамытады:
Т талқыланатын мәселелер:
,, - Әңгімеде қандай мәліметтер бар?
- - неліктен екендігін айта аласыздар ма?
қазақтың өнімдерінің болуы не үшін маңызды?
сіздер ҚР мемлекетінің өнімдерін білесіздер ме?

АКТ қолдану дағдылары
Қазақстанда жасалған тақырыбы бойынша таныстырылым, аудиожазба

Бағалау крийтерилері
Білім алушы( Тауар-ақша қатынасы туралы әңгімелейді.( Тауар-ақша қатынасының қарапайымтүрлерін атайды.
Оқушылардың тұтыну заттары туралы әңгімелейді, қажетті тұтыну заттарын анықтап, атауларын , алыну көздерін біледі.

Құндылықтарды дамыту
жауапкершілік, белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің дамуына үлесін қосу;

Пәнаралық байланыс
Математика, сауат ашу, жаратылыстану

Бастапқы білім
"Дәмді әрі пайдалы тағамдар" тақырыбына сұрақ жауап арқылы білімді қайталау

Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин








Қызығушылығын ояту:
Сәлеметсіңдерме балалар!
Қайырлы таң балалар!Қайырлы таң апайлар!Біз ерекше баламыз,Айтқан тілді аламыз.
Күнделікті алатын
5-тік болсын бағамыз.
Өткенді еске түсіру
Билет алу арқылы "Тізбектелген вагон" әдісі
(кір жаятын жіпке вагондарды тіркеу
- Тағамдарға не жатады? 1 вагон
- Қандай сусындарды жақсы көресіңдер? 2 вагон
- Пайдалы тағамдарға не жатады? 3 вагон
- Пайдасыз тағамдарға не жатады? 4 вагон
Ұйымдастыру кезеңі




Қызыл билет
Сары билет
Жасыл билет
Көк билет

Сабақтың ортасы


35 мин
Мұғалімнің қосымша жаңа ақпараты
Отандық өнімдер
Қазақстанның тамақ өнеркәсібі 1000-ға жуық тамақ өнімдерінің түрлерін шығарады. Еліміздегі ет, сүт, нан өнімдері, дәнді дақылдар сапасы мен бағасы жөнінен әлемдік бәсекеге түсе алады. Дастарханымыз тәттісіз болмайды. Оның барлығы кондитерлік өнімдер. Кондитерлік өнімдер өндіретін Алматы қаласында Рахат АҚ, Қарағанды қаласында Қарағанды конфеттері АҚ және сондай-ақ, ішкі нарықта танымал Қостанай қаласының Баян сұлу ААҚ, тағы сондай Алматы қаласында шай өндіретін Алматы шайы ЖШС, қант өндіретін Қант ААҚ елдегі ең белгілі фирмалар болып табылады.
Ең дамыған сала – ет өнеркәсібі. Еттен әртүрлі тағам өнімдерін шығаратын зауыттың бірі 1930-жылдары салынған Солтүстік Қазақстан облысында Семей ет консерві зауыты. Тағы сондай осы облыста егін шаруашылығыда жақсы дамыған. Бұл жерде бидай өсіріп, нан өнімдері жақсы сұраныста. Солтүстік Қазақстанның Петропавл қаласында СұлтанАҚ макарон зауыты бар.
Барлық ірі қалаларда май, ірімшік жасайтын, басқа да сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жеткілікті. Сондай-ақ, өзіміздің Үштөбе қаламызда Айдын ЖШС-да сүт өнімдерін дайындайды. Бұлардың негізгі шикізат көзі ауыл болып саналады.
Батыс Қазақстан облысында Каспий теңізі бар. Бұл теңізден балық өндіріп, консерві дайындайды.
Шығыс Қазақстанда аралардан бал өнімін алады. Бұл өңірдеде ет консерві зауыты бар.
Оңтүстік Қазақстанда қант өндіреді, жеміс-жидек өнеркәсібі жақсы дамыған. Өзіміздің Алматы қаласында әлемге танымал апорт алмасы өседі.Апорт – бұл алманың бірегей сұрыбы.
























Жаңа сабақ тақырыбы "Қазақстанда жасалған"
Балалар, енді барлығымыз тақтаға қарап мына заттың не екенін айтайықшы? /Мұғалім тұсбағдардың суретін көрсетеді/
-Бұл не? /Тұсбағдар/
Тұсбағдардан не көреміз? /тұстарды көреміз/
Картанын суретін көрсету.
-Бұл не? Картадан Қазақстанның төрт тұсын анықтап шығайық...(Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан).

Мұғалім:
- Бүгінгі сабақта Қазақстан мемлекетінің жерін картамен аралап қай өңірде қандай өнімдер өндірілетіні жайлы айтамыз.
Елімізде қандай өнірлер бар екенін білетін боламыз, қандай өнімдер өндірілетінін білетін боласыңдар.
1 - станция
Ұжымдық жұмыс: Ойлан тапсырмасы "Кезбе тілші" әдісі
Ақшаға сатып алынатын заттарды ата.
Олар сенің үйіңе қайдан келеді?
Нені тегін алуға болады?


-Сендердің ата- аналарың жұмыс істей ма? Олар жұмыс істеу арқылы ақша табады, солай ма ? Олар ақшаға нені сатып алады ?
-тамақ, азық түлік .
- Дұрыс, балалар ол ақшаға түрлі өнімдер сатып алады. ақша еңбекпен табылады. Оны табуүшін ата-аналарың өте көп жұмыс істейді. сондықтан оны қажетті заттарға жұмсау керек деп о"лайсыңдар ма?
(Оқушылар өз ойларын айтады)
-Ал өнім дегеніміз не ?
Оны білу үшін мына тақтадағы суретке қарайық
"Суреттер сөйлейді" әдісі "Полиглот"
Сурет арқыл өнім сөзінің мағынасын шығару
Оған кіретіндер:
өндіріс – производство – production;
өнім – продукция – product;
құрам – состав – ingrediens.

2 - станция
Топтық жұмыс "Дүкенге саяхат" әдісі

Берілген тиындар арқылы дүкеннен нені сатып алуга болаты туралы топтық жұмыс
( 100 теңгелік, 50 теңгелік ақшаларды пайдалана отырып дүкеннен нені сатып алуға болатыны туралы айтады) сатып алатын заттарды айтып құрастырады

3 - станция
Жұптық жұмыс Оқылым
"Жұптас, ойлан, талқыла" әдісі
"Дастархандағы ас" әңгімесін екі оқушы жұпта оқып тақылайды. әр топтан екі жұп шығып тақтаға шығып айтады
- Әже, бұл тағамдар дастарқанға қайдан келеді ?
- Бұл тағамдар дастарқанға келу үшін көп адам еңбек етеді.
Балалардың жауабы
Ас дастарқанға қалай келеді?
– Әже, ас дастарқанға қайдан келеді?
– Балам, ас дастарқанға оңайлықпен келмейді. Бұл – халықтың еңбегі. Әжесі мен немересі арасындағы әңгіме қалай аяқталды деп ойлайсың?

Жол серіктің тапсырмасы
(балалар қалай ойлайсыңдар мына мақалда қандай ой түйінделген)
Мақал-мәтел:
Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады деген мақалдың мағынасын қалай түсінесің?

4 - станция
Сергіту "Бейне ролик", "Қыдырып қайтайық"

5 - станция
"Шындық па , жалған ба?" әдісі жеке жұмыс. Жазылым Дәптермен жұмыс
55 беттегі 53 жұмыс парағы
Ботаның жіберген қатесін тауып, суретті бояу.
Өсімдік өнімдері Мал өнімдері
Картоп ірімшік
Жұмыртқа ет
Алма йогурт
Күріш қияр
Бірін-бірі тексеру; Интер белсенді тақтадан жұпта тексеру

6- станция
Жаңа ақпарат : Тыңдалым.
Сен білесің бе ? "Радио жәшік" әдісі
("Қазақстанда жасалған" тақырып бойынша жаңа ақпаратты поезд басшысы жолаушыға хабарлайды)

ТЖ Топтық жұмыс: "Конверт" әдісі
конверттегі берілген тапсырманы постерге орындау
Әр топқа Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Батыс атаулары бойынша еліміздің бөліктеріне зерттеу саяхатын жасау арқылы конверттен шыққан суреттерді дұрыс орналастырады. Оқушылар қай өңірде қандай тағам өндірілетінін анықтауы керек. Нәтижесін постерге түсіреді. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар конверттегі суреттерді өз постерлеріне жабыстырады.
Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ өз жұмыстарымен таныстырады. Оқушылардан жұмыстардың нәтижесіне қарай өз ойларын
білдіруін сұрау.

Қазақстан картасына қай өңірде, қандай тағам өндіретінін жазу тапсырылады. Бұл оқушылардың білімін саралау бойынша алынатын тапсырма.

Интереактивті тақтадан көрсету суреттер


Қазақстанның физикалық картасы














Презентацияны көрсету











Презентация Суреттер сөйлейді"


























































Қай өңірде не өндірілетінін жазу










Сабақтың соңы




















Қорытындылау
Оқушылар:
–– елімізде өндірілетін негізгі тағам түрлері туралы білді;
–– барлық тағам түрі ауыл еңбеккерлері мен кәсіпорын жұмысшыларының қажырлы еңбегімен келетінін түсінді.
Оқушылар:
–– мал өнімдері мен өсімдік өнімдерін ажыратуды үйренді;
–– Қазақстан картасынан еліміздің қай өңірінде не өндіретіндігін көрсете алады.
Қызықты, түсіндім
Сұрақтар пайда болды
қиын болды
Бағалау

Өзін бағалау парағы Дескриптор
Оқушының аты-жөні _____________
Күні _______


Бағалау критерий

1
Ақшаға сатып алатын заттарды атап, сұрақтарға жауап бере алады

2
Ақшаны таниды, айырмашылығын біледі, берілген ақшаға қандай заттарды сатып алуға іздене алады

3
Мәтіннің мазмұнына сәйкес әжесі мен немересінің әңгімесін аяқтай алады

4
Өнім түрлерін ажырата алады

5
Картаға қарап Қазақстанның аймақтарында өндірілетін өнімдерді анықтай алады













Саралау тәсілдері
“Ойлан” Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Берілген суреттер арқылы жаңа өнім сөзінің мағынасын аша алады
“Ізден, есепте” суретте берілген тиындардың суреттерінің айырмашылығы мен оларға не сатып алуға болатыны арқылы білімді шығармашылық тұрғыда қолдана біледі .
“Дастарқандағы ас” әңгімесі жұптаса отырып талқылау арқылы -қатынас дағдылары
“Өнім түрлері “ оқушылар Қазақстанда өнімдердің қандай түрлерінің өндірілетіні туралы постер жасай отырып жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті шыңдалады.
Барлық оқушылар:
Ақшаға сатып алатын заттарды атап, сұрақтарға жауап бере алады;
Ақшаны таниды, айырмашылығын біледі, берілген ақшаға қандай заттарды сатып алуға іздене алады;
Оқушылардың басым бөлігі: өсімдік және мал өнімдерінің түрлерін ажырата алады;
Кейбір оқушылар:
Картаға қарап Қазақстанның аймақтарында өндірілетін өнімдерді анықтай алады. Мәтіннің мазмұнына сәйкес әжесі мен немересінің әңгімесін аяқтай алады;
Бағалау
Басбармақ, түсті фишкалар, смайлик (күлегеш), рефлексия
Дескрипторлар
Ақшаға сатып алатын заттарды атап, сұрақтарға жауап бере алады.
Ақшаны таниды, айырмашылығын біледі, берілген ақшаға қандай заттарды сатып алуға іздене алады.
Мәтіннің мазмұнына сәйкес әжесі мен немересінің әңгімесін аяқтай алады
Өнім түрлерін ажырата алады Картаға қарап Қазақстанның аймақтарында өндірілетін өнімдерді анықтай алады
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Желіммен, қайшымен, сергіту сәттерінде жұмыс жүргізгенде


Жалпы баға
1. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі:
“Дүкенге саяхат” әдісі арқылы ізден, есепте тапсырмасы бойынша оқушылар топта талқылай отырып ақша ұғымының құндылығын анықтап, түсінеді. Сын тұрғысынан ойлау дағдысы қалыптыруға . Ал “Жұптас, ойлан, талқыла” әдісі арқылы оқушыларда айтылым дағдысын (диолог) дамытуға тиімді болды.
2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады :
Сабақта қолданылатын әрбір әдіс тәсілдер мен ресурстарды орнымен дұрыс қолдану ға болады. Әдіс-тәсілдер арқылы баланың ойлау қабілетіне ықпал жасадым.
3. Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Сабақтың өту барысында оқушылардың барлығын түгел қатысуын қадағалау арқылы уақытты тиімді пайдалануды ұйымдастыру.







50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Олимпиада бітуіне қалды: