Материалдар / Ашық сабақ "Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалдан әр оқытушы өзіне қажет деп санаған сабақтың 1 элементін ала алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2020
2645
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Жыр пырағы – Мағжан туралы деректер беру, өмірі мен поэзия жанрындағы еңбектерінен мағлұмат беру.
ә) дамытушылығы: Ақын шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным - біліктерін шыңдау
, ой-өрісін арттыру, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, сұраққа жауап беру, ойлау, шеберлігін дамыту.
б) тәрбиелілігі:
М.Жұмабаев шығармашылығын үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, сұлулыққа, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап,іздендіру, екі жақты күнделік, топтастыру
Көрнекі құралдар: Ақын кітаптары, кітап көрмесі, ақын суреті, тірек-сызба.
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасып, сабаққа дайынықтарын байқау, журналды толтыру.Балаларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

2. Өткен сабақтарды қайталап, еске түсіру.

С.Торайғыровтың «Туған еліме» өлеңін жатқа айту.
3. Жаңа сабақ / Хронологиялық кесте бойынша ақын өмірі, шығармашылығы туралы айту/

Сабақтың барысы:
- Алдымызда, ұлттық мейрамымыз наурыз мерекесі келе жатыр, балалар! Осыған орай тобымыздың қатар отырған студенттер бір-біріне жылы лебіз, жақсы тілегімізді айтудан бастасақ...
-Ал, енді оқушылар, бүгінгі сабағымызға назар аударалық.
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?-
- Бұл өлең жолдарының авторы кім, қане, есімізге түсірелік.
- Мағжан Жұмабаев.
- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Мағжан Жұмабаев өмірі, шығармашылығы. Дәптерімізді ашып, күннің жады мен тақырыпты жазайық.

Бүгінгі сабақтың эпигрфы :М.Әуезовтің «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі»

Толығырақ есімізге түсіру мақсатында бейнетаспаға назар аудару, одан соң өмірдерек кестесі.

Өмірдерек кестесі (Дәптерге жазу)
Тарихи күн Болған оқиғалар
1893ж. 25. 06. Мағжан Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл басында туған.
1909 ж. Мағжан Абайдың Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, содан сусындайды.
1910 - 1913жж. Уфада Ғалия медресесінде оқиды.
1913 - 1917жж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны алтын медальмен тәмамдайды.
1917 - 1923жж. "Бостандық туы", "Ақжол","Шолпан" газет - журналдарында жұмыс жасай жүріп, халық ағарту ісіне белсене араласады.
1923 - 1926жж. Мәскеуде көркем - әдебиет институтында оқиды.
1927 - 1929жж. Бурабайда, одан соң Петропавлда оқытушылық қызмет атқарады.
1912ж. Қазан қаласында алғашқы "Шолпан" атты өлеңдер жинағы басылды.
1922ж. Келесі өлеңдер жинағы Қазанда, Ташкенде басылады. Атақты "Батыр Баян" дастаны дүниеге келеді.
1922 - 1923жж. "Педагогика"
1925 ж. "Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жайы" еңбектері жарияланады.
1927 ж. Қызылжар педагогикалық техникумы мен совет партия мектебінде сабақ беріп жүреді.
1929 ж. Москвадағы Бутырка түрмесіне қамалады. Содан 10 жылға сотталып, Карелияда 10 жыл айдауда болады.
1935 ж. М. Горькийге хат жазып, ұлы жазушының көмегімен абақтыдан босайды.
1937ж. 18. 03 С. Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға келеді. Бірақ
1937ж. 30. 12. қайтадан тұтқынға түседі. Сөйтіп аяулы ақын сталинизмнің құрбаны болады.
Мағжанның әкесі Бекен мен анасы Гүлсімнен тараған 7 ұл мен 2 қыз да қуғын – сүргінге ұшырайды. Олардың айыбы біреу ғана – олар Мағжанның іні - қарындастары болғандары үшін.
Қазіргі заманда Мағжаннан басқасының бәрінің де арттарында қалған ұрпақтары бар. Ал Мағжан жасында мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін, Қызылжар қаласында тұратын Шоқан Тастеміров деген кісінің қызымен ( Зейнеп ) қосылады. Бірақ 1 - 2 жылдан соң Зейнеп қайтыс болады. Азамат соғысы заманына қатысты атын Граждан деп қойған кішкентай нәрестесі де келесі жылы көз жұмады. Сол жылдары ақын қаламынан жары мен ұлына арналған талай мұң мен зарға толы өлеңдері дүниеге келеді.
- Мағжан Шығыс поэзиясы, Батыс, орыс әдебиеті және фольклор (халық ауыз әдебиеті) арқылы сусындап, мол тәлім алды.

- Есімізге түсірелік, Мағжанды қандай қырларынан тануға болады ? Топтастыру стратегиясын қолдану
Мағжан:
Прозашы
Аудармашы
Ақын
Абайдың ізбасары
Лирик
Поэмашы
Бес арыстың бірі

Осы айтылған қырларының ішінде ерекше тоқталатынымыз: ақындығы, поэмашы.

Мағжанды бүгін ақындық қырынан танытатын өлеңдері:

«Жазғы таң», «Толқын», «Туған жер», «Сен сұлу», «Шолпы», «Мені де өлім, әлдиле» өлеңдері. Ал поэмашы қырынан «Қойлыбайдың қобызы» поэмасы


«Толқын» өлеңін мәнерлеп оқу. ( үнтаспадан оқылады, толқын тур бейнетаспа)

1.кітаппен жұмыс: 
а)Өлеңді  жеке оқып, танысу

ә)Толқынға жан бітірген жолдарын тауып оқу.

Қосымша мәлімет: Ақын қуғын-сүргінге ұшырарда кінә етіп тағылған өлеңдердің бірі.


«Туған жер» 1.кітаппен жұмыс: өлеңді мәнерлеп оқиды,мағынасын түсіндіреді.  ( мультимедиядан Сасықкөлдің табиғаты тур. бірнеше суреттер көрсетіледі)

2.тақтамен жұмыс: 
Өлеңді құрылысына қарай талдау. 
Жаратылдым топырағыңнан,сен-түбім, 4шумақ, 
Жалғаны жоқ,бәрі сенен жан-тәнім. 5тармақ, 
Сенен басқа жерде маған қараңғы 3бунаққа 
Жарық болар Шолпан,Айым,сен-Күнім
 

3.Сұрақтарға жауап беру.
а)Мағжан Жұмабаевтің өлеңінен туған жерге деген сүйіспеншілікті қайсы жолдардан көруге болады? 
ә) Туған жерге арнап жазылған өлеңі бар қандай жазушыны білесіздер? 


«Сен сұлу» Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.


Пысықтау сұрақтары.

1.Өлеңде не туралы айтылған? Сұлулық

2.Аспан, Гүл, Асқар тау, т.б қай жердің табиғаты суреттеледі? Сасықкөл-өзінің туып-өскен жері

3.«Сұлу» жырының сыры неде? Сұлу сөзінің қайталануында

4.Бірақ бәрінен де кім сұлу? Бәрінен де сүйген жары сұлу.

-Міне, балалар Мағжанның лирик ақын екендігіне көзіміз жетті.

Ш.Қалдаяқовтың «Сен сұлу» әнінің шығу тарихы жөнінде (видеофильм), «Сен сұлу» әнін тыңдай отырып («Орда» тобының орындауындағы), қосылып орындау.

Пікір алмасу сұрақтары.

1.«Сұлу -сұлу емес, сүйген сұлу» деген мақалдың мағынасын түсіндір.
2
. Адамның сұлулығы неден байқалады?

3. Сұлулық пен әдеміліктің символы нелер деп білесіңдер?

4. Ішкі және сыртқы сұлулық дегенді қалай түсінесіңдер?

5. Сұлулық жайлы қандай мақал- мәтел, нақыл сөздер білесіңдер?


«Шолпы» өлеңін мәнерлеп оқу. ( үнтаспадан оқылады,шолпы таққан қыз )

1.Шолпы деген не? ШОЛПЫ – қыздардың бұрымға тағатын әшекейі. Шолпыны екі үзбелі етіп, күмістен соғады. Қақталған күмістен үш бұрышты немесе сопақша пішінді етіп жасалады да, ортасына асыл тас орнатылады.

2.«Бұл сөздерге ән жазудың қажеті жоқ. Өзі- ән. Дүниенің бәрі сыңғырлап, есіңді алады»- деген, Ж.Аймауытовтың бұл пікірімен келісуге бола ма?

3.Бұл өлең 1919жылы жазылды, он жылдан соң әдебиеттен Мағжан үнін өшіргенде, шолпының да үні өшті. Кейін шолпының үнін қазақ құлағына қайта естірткен кім? Мұхтар Әуезов


«Мені де өлім, әлдиле» Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.«Мені де, өлім әлдиле» деген өлеңінде жалғыз жас қайың былқ-сылқ билеп тұрып құлайды, бұл күйге лирикалық кейіпкердің жаны балқиды, өзін өлім әлдилеуін тілейді. Ш. Елеукеновтың сөзіне сәйкес сурет

1.Өлең мазмұнымен танысу

2.Өлең мәтінінен әбден қиналған, тағдыр теперішін көріп қажыған, қапаланған адамның жан әлемін көруге бола ма?

Ия, өйткені әуелі сүйген жары Зейнеп, онан соң сүйікті ұлы Граждан мезгілсіз қайтыс болғаннан кейін жазылған.

3.«Өлім туралы толғану - Мағжанның өмір сүру формасы» дегенді қалай түсінесің? Бұл жеңілу, түңілу емес. Керісінше қайсарлық, батырлық деп түсінемін.


«Жазғы таң» өлеңін мәнерлеп оқу. ( үнтаспадан оқылады,«Сасықкөл жағасының таңы» суреті )


Сонымен біз танысқан өлеңдеріне топтама жасайық

Топтау стратегиясын қолдану

Енді жоғарда айтып кеткендей «Қойлыбайдың қобызы» поэмасына тоқталамыз.Поэманы оқытушы түсіндіріп өтеді.

Дәптермен жұмыс

Қалың Найман-Шығыс Қазақстандағы рудың аты

ығай-сығай, жақсы-жайсаң-елдің бетке ұстар азаматтары

аруақ-бұрынғы өткен ата-бабалар рухы

Содан кейін мына сауалдарды ұсынып, оларды дәптерге жазып отыруын ескертеміз.

1.Найман деген ел бар ма ?

2.Қойлыбай деген деген кім?

3.Бақсы деген сөзді қалай түсінесің ?

4.Ұлы дүбірге кімдер жиналған?

5. Бүгінгі күндердің өзінде табиғат, қоршаған орта әлемінің толық ашылмаған тұстары бар ма?



4. Қорытындылау

«Мағжан ілімі кімге бұйырады?» ойыны.
- Сіздерге ең бірінші сұрақ беріледі. Ол сұрақтың 3 түрлі жауабы бар. Оның біреуі ғана дұрыс. Сіз ойынның қатысушысыз. Сізге 3 жеңілдік бар. Бірі – менен сұрау. Екіншісі – қатысып отырған ұстаздардан сұрау. Үшіншісі – достарыңыздан сұрау.

1. Мағжан поэмасын атаңыз.
а) Манас батыр
ә)
Қойлыбайдың қобызы
б) Ержүрек Темірұл

2. Мағжанның махаббат тақырыбындағы жыры.
а) Қайың
ә
) Сен сұлу
б) Мені де өлім, әлдиле

3. Мағжанға баға берген кім?
а) Абай
ә)
М. Әуезов.
б) Ш. Құдайбердиев.

4. Мағжан қандай әдебиеттен сусындады?
а) Солтүстік, оңтүстік
ә)
Батыс, шығыс
б) Америка, Англия

5.
Бес арыстың бірін ата.
а) Ш. Уәлиханов.
ә) Ы. Алтынсарин.
б)
М. Дулатов.




6. Шолпының үнін қазақ құлағына қайта естірткен кім?
а) Сәкен Сейфуллин
ә) Мағжан Жұмабаев
б)
Мұхтар Әуезов

7. Мағжанның Абай өлеңдерімен сусындауы...
а) 1900 жыл
ә) 1902 жыл
б )
1909 жыл


5.Үйге тапсырма, бағалау.
- Ақын туралы мәнжазба дайындау.

- М. Жұмабаевтың өлеңдерін жаттап келу.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!